Лекция №11 Тақырыбы: Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде Жоспары:
1.Адам өміріндегі құндылықтар
2.Қызығушылық әлеуметтік іс-әрекеттің жетекші мотиві ретінде
3.Мінез-құлық және бағыттылық
4.Тұлғаның адамгершілік негіздері
Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.«Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар (императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым-қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді.
Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады.
Диалектикалық материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнен, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнін, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ.
Индивидтің (жеке адамның) өмір тәжірибесімен баянды етілген құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды бөліктеріне (элементтеріне) айналып, оның әсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам үшін олар мәнді мен мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге көмектеседі.
Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері, терең және түрақты құштарлықтарды, жүріс-тұрыс бет алысының құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез-келген қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады.
Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра отырып,әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады.
Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз.
Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз ьқосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға (идеяларға)берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі,мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады.
Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) ісер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы, білім ғылым, искуства және басқа бақтарға бөлуге болады.Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әрдайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіптікейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі-түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл әлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты.
Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен-өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана-сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ. Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз) деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады.
Қызығушылық әлеуметтік іс-әрекеттің жетекші мотиві ретінде.
Адам мiнезi жеке адам қызығушылықтарымен, қажеттiлiктерiмен, бағдарларымен, бағытымен, мотивiмен т.б. байланысты. Бұл мәселе туралы Крутецский В.А неғұрлым анығырақ: «Оқушыда математикаға ешқандай қабілеті байқалмаса, онда математиканы меңгеруге еш қабілеттері де көмектесе алмайды. Осындағы бейімділіктің ролі – қызығушылық болып табылады. Математикаға қызыққан оқушы көп ізденеді, оқиды, өз қабілеттерін дамытып, жаттықтырады.» Өзіміз көріп отырғандай, қабілеттер генезисі мәселесі мүлдем қарастырылмайды. Өйткені қабілет мұнда бейімділікке тәуелділікте көрсетіледі, ал бейімділік қызығушылыққа негізделеді.
Қызығушылық – қозу жағдаяттарға сыйю,ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу. Тиiмдi, әсiресе, танымдық мотив (түрткi) iс-әрекеттiң мағынасына сәйкес және күштiлiгi жеткiлiктi көрiнедi. Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда туады. Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi.. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзут.б.
Э.Эриксонның тұлға дамуының кезеңдері бойынша ерте балалық шақта (3-5 жас шамасында) қызығушылық және белсенділік байқалады. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рольдерге қосылу. Бұл дамудың қалыпты желісінде. Ал, дамудың аномалды желісінде пассивтілік және адамдарға мән бермеу тән. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рольдерге қосылу белгісінің жоқтығы.
Сонымен қатар, оқытуда танымдық қызығушылық ұғымын да кездестіреміз. Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Танымдық іздемпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан сырлы болмас бітімі болып табылады, ол – сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж пен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі. Мінез-құлық және бағыттылық
Әрбір адам жеке тұлға болғандақтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні характер деген грек сөзінен шыққан. Оның негізгі мағнасы із қалдырудеген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік екенін ғылым тарихында алғаш рет сипаттап жазған ғалым - ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп көрсеткен.
Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л.Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психологиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т.Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П.Ф.Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда дүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті.
Бағыттылық – адамның әлеуметтік және рухани жағынан даму динамикасы, оның мінез-құлқының негізгі тенденциялары көрінетін ең маңызды феномен. Бағыттылық үнемі әлеуметтік тұрғыда шартталады және онтогенезде оқу, тәрбиелеу процесінде қалыптасып, тұлғаның құрылымы ретінде көрінеді.
С.Л.Рубинштейн бойынша, тұлғаның бағыттылығы динамикалық тенденцияларды білдіреді, мұнда мінез-құлық мотиві ретінде адамның іс-әрекеті анықталады. Тұлға бағыттылығының құраушыларына оның пәндік мазмұнын сипаттайтын мағыналық компонент және динамикалық компонент (бағыттылықтың қайнар көзіне байланысты туындайтын қысым) жатады.«Динамикалық тенденциялар» тұлға өмірінде қажеттіліктер, бағдарлар, қызығушылықтар мен идеалдар арқылы көрінеді. С.Л.Рубинштейн бағыттылықты тұлғаның негізгі қызығушылықтары, қажеттіліктері, бейімділіктері мен ұмтылысының сипаттамасы ретінде қарастырған.
А.Н.Леонтьев бойынша, тұлғаның бағыттылығы оның мотивтерінің иерархиясы арқылы сипатталады, мұндағы ең маңызды, мағыналы мотив – өмірлік мақсат болып табылады.Ал, Б.Ф.Ломов тұлға бағыттлығын оның бүкіл психикалық құрылымын анықтайтын жүйені қалыптастырушы құрылым ретінде қарастырады.
К.К.Платоновтың пікірі бойынша, тұлға бағыттылығы – бұл тұлға құрылымы, ол деңгей, кеңдік, қарқындылық, тұрақтылық сияқты ерекшеліктермен сипатталады және қалау, бейімділік, идеал, көзқарас және наным-сенімдер деген бірнеше формадан тұрады.
Тұлға бағыттылығының иерархиялық ретте келесідей формалары бар. Ең алдымен құмарлық қарастырылады. Құмарлық – бұл бағыттылықтың биологиялық формасы болып табылады. Психологиялық көзқарас бойынша бұл дифференциалды емес, бейсаналы немесе жеткілікті түрде бейсаналы қажеттілікті анықтайтын психикалық күй. Әдетте, құмарлық уақытша құбылыс, себебі мұндағы қажеттілік жоғалады немесе қалауға айналып саналы таңдалады.
Қалау – бұл саналы қажеттілік және белгілі бір құбылысқа құмарлық. Ол болашақ іс-әрекеттің мақсаты мен оның жоспарын құруды ұштастырады. Бағыттылықтың бұл формасы тұлғаның тек өз қажеттіліктерін саналы ұғынумен ғана сипатталмайды, сонымен қатар, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары да сараланады.
Бағыттылықтың келесі формасы – ұмтылыс. Ұмтылыс – қалаудың құрылымына ерік-жігер компоненті кіргенде туындайды. Сол себепті, ұмтылыс әрекететуге белгілі итермелеуші ретінде қарастырылады. Тұлға бағыттылығының көрінуінің келесі формасы – бұл идеал. Идеал – бұл индивидтің нақты образында немесе бейімділіктерінің мақсаты болып табылады, яғни оның ұмтылысы мен бағдарлары.
Тұлғаның адамгершілік негіздері.
Адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.
Гуманизм – адам өмірінің рухани негіздерін құрайды, ойластырады, болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады. «Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама –қарсы ағыстар бар. Бір ағыс қаталдыққа жетелесе, екіншісі – мейірімге талпынады» деген Леккидің сөзінде үлкен мән бар. Рух – адам бойындағы күш-қуат. Ол қуат барлық жақсы қасиеттермен бірге жасайтын игі істердін қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер болады.
Азамат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категориялар: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілдік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс т.б. Бұлар сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде болады. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез- құлқы қалыптасады, ар- ұят, өзін- өзі бағалау және адамгершілік саналары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке шақырады. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, сапалы ұрпақ тәрбиелеу.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттың дәстүрге айналған. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайырмдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар- ұятын, намысын оятып, мейірмділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық қөрсету, адалдық, ізеттілік сияқты, қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.