Лекция конспектісі химия 1 пәні бойынша 6В05113



бет26/38
Дата27.02.2022
өлшемі0.79 Mb.
#455786
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
лекция

Металдардың коррозиясы.
Металдардың коррозиясы деп металдардың қоршаған ортаның әсерінен өздігінен бұзылу процесін айтады. Коррозия химиялық металл бетінің құрғақ газдардың әсерінен бұзылуы және электрохимиялық коррозия- металдың сыртқы ортаның электролитінде әлсіз тыс пайда болу арқылы бұзылуы болып бөлінеді: Электрохимиялық коррозия негізінде үздіксіз істейтін гальваникалық элементтің принципі жатыр.
Химиялық таза металдың сумен немесе сұйытылған қышқылмен (ең активті элементтерден басқа) әрекеттесуші, ары қарай тотығу-тотықсыздану процесінің жүруіне кедергі болатын, электр қос қабатының түзілуіне және тиіскен жерде потенциал айырмашылығы пайда болуы сондықтан. Бірақ, активтілігі әр түрлі металдар бір-бірімен тиіскенде (металдарды сымен қосқанда немесе құйманың құрамындағы қосылыстар бір-бірімен тиіскенде) электролиз ортасында гальваникалық элемент пайда болып активті элемент еритін бағытта жүретін тотығу-тотықсыздану процесі жүреді.
Мұндай микрогальваникалық элементте әр уақытта активтілігі күшті метал анод (стандардты электрод потенциалының алгебралық мәні кіші ) болады да, ал активтілігі аз металл катод болады. Катодтың металл әр уақытта тотығып (береді), ал катодта негізінен екі тотықсыздану процесі болуы мүмкін:а/ сутек иондарының тотықсыздануы (қышқылдың ортадағы коррозиясы), б/ судағы оттектің тотықсыздануы (атмосфералық коррозиясы). Металдардың коррозиясы халық шаруашылығына улкен зин келтіреді. Сондықтан металдарды коррозиядан қорғау маңызды мәселелердің қатарына жатады.
Металдарды коррозиядан қорғаудың кең тараған тәсілдеріне анодтық, катодтық және протекторлық қаптаулар жатады.
Катодтық қаптау-ол қорғалып тұрған металмен салыстырғанда катод болып саналатын активтілігі кем металмен қаптау. Электрохимиялық коррозия кезінде анод тотығатындықтан катодтық қабат зақымданғанда қорғалып тұрған металл коррозияға ұшырайды.
Анодтық қаптау – ол қорғалып тұрған металмен салыстырғанда анод болып саналатын металл активтілігі күшті металмен қаптау және коррозия кезінде өзі бұзылып қорғалып тұрған металды сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет