Лекция Педагогикалық технологиядағы жаңартпашылық оқытытудың әдістері мен формалары


лекция 7. Мектептердегі жаңартпашылық білім берудің әдістері мен формалары



бет11/16
Дата21.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
#151684
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


12 лекция

7. Мектептердегі жаңартпашылық білім берудің әдістері мен формалары

Мектептердегі жаңартпашылық білім берудің әдістері мен формаларының және жаңартпашылық білім беру әдістерінің ұлттық мектептердің педагогикалық іс-тәжірибесінде қолданылуы төмендегідей: ой шабуыл әдісі, іргелілік әдісі, кейс-стади әдісі, грозди әдісі, кубик әдісі сияқты болып келеді. Олар жаңартпашылық білім беруде кеңінен қолданыс табуда. Төмендегі кестеде әр әдіске жеке-жеке сипаттама беріліп отыр.

Б.Кестесі.

Мектепте қолданылатын жаңартпашылық білім беру әдістері

Әдістер

Мазмұны

Дағды

1

2

3

«Ой шабуыл»

немесе

«брейнсторминг»

Қатысушылардың барлығы шешімнің жолын табу үшін өз ойын еркін білдіретін ұжымдық ой талқы әдісі.

Мұғалім:

1) пікірталасқа өзек болатын тақырыпты өзі таңдайды;

2) оқушылардың алдын міндет қойып, ой шабуылдың ережесі туралы айтып береді:

-«шабуылдың» мақсатын; тапсырманың шешімін табатын бірнеше нұсқасын ұсынады;

-қиялдарын іске қосуға мәжбүрлейді; жалпы қабылданған пікірге қайшы келетін ойларды да жоққа шығармайды;

-басқа қатысушылардың ұсынған идеяларын дамытады;

-ұсынылған идеяға бірден бағалау жасауға тырыспа, онымен кейін айналысатын боласыз;

3. Мұғалім өзінің хатшысын тағайындайды. Ол айтылған идеяларды жазып алып отырады.

4.Қатысушыларды топқа бөліп, келіп түскен жауаптардың ішіндегі өзі қарастыруға тұрады деп санағандарын талдауға кіріседі.

5.Мұғалім пікірталастың қорытындысын шығарады. Егер ой шабуыл көңілден шықпаса, сәтсіздіктің себебін айтып береді.


Талдай білу, өз ойын айту, идея ұсыну, әріптесу дағдысы.


Ой шабуыл

әдісі


Мақсат – дәстүрден тыс жолмен мәселенің шешімін табуда ұжымдаса ойлау іс-әрекетін ұйымдастыру.

0-кезең – Бой жазу: жауаптары тез табылатын жаттығулар. Сауал қарастырылатын мәселенің мәнісіне жуық болуы керек. Ең бастысы, берілген жауапқа бағалау жасамай, оны оң қабақпен қабылдап, қатысушылардың құлықтылықтарын сақтап, сабаққа жылдам қарқын беру.

1-кезең. Идеялардың туындауы (бір параққа бір идея, ұсыныс, ой түсіріледі. Идея тіпті ақылға сыймайтын, нашар тұжырымдалған сияқты болып көрінуі де мүмкін, бірақ ол айналып келгенде байыпты да, құнды болып табылады). Норма: 10 минутта 2-3 идея.

2-кезең. Идеяның талдануы мен тексерілуі (шағын топтардағы сапалы кезең).

3-кезең. Идеяны визуалдандыру (кестелеу, құрылымдық ұғым).

4-кезең. Идеяны таныстыру (жұрт алдында таныту, баяндама).

5-кезең. Шағын топтың жобалары бойынша біртұтас концепция жасау.

Ереже :

1.Ешкім басшылық етуге талап қылмайды, бұл арада тек қана жүргізуші мен қатысу-шылар ғана бар.

2. Сын айтуға тыйым салынады.

3.Кез келген идея құпталып қабылданады.

4. Әркім өзгенің идеясын дамыта алады.

5.Сабақтың барысы міндетті түрде –дыбыс,-бейнетаспаға жазылынып алынады.



Нақты тапсырманы орындауға ой іс-әрекетін бағыттай алу дағдысы


Іргелілік

әдісі



1.Іргетас – идея негізінде түзіледі. Сондықтан, іргелік қадамы ғылыми ізденістен немесе басқа қисынды зерттеушілік идеядан тұрады да, оқушылардың қабылдауын жетілдіреді.

2.Бұндай негізделу талқылау алдындағы үйге берілген тапсырма арқылы түзіледі.

3. Ықшам топпен жұмыс. Әр топқа кесте мен фломастер үлестіріледі. Тапсырманы орындаудың уақыты (10-20 мин.) белгіленеді.

4.Оқушылар топ бойынша жұмыс істеп, кестені толтырып, әр нұсқаның бағанына жетістігі мен кемшілігін жазып, проблеманы шешуге кіріседі.

5.Әр топтың өкілдері өздерінің жетістіктері туралы айтып береді. Мұғалім олардың жауабын тексеріп, неге бірдей, неге әр түрлі шешім қабылдағандарын түсіндіреді. Оқушылардың сауалына жауап береді.


Идеяны алға тарту, ұсыну, жауабын дәлел-дей алу дағдысы


«Грозди»

әдісі


Проблеманы анықтау мен зерттеудің міндетінің суретін салып, көрнекілік (кесте, диаграмма, графика, таблица) ретінде шешімін табуға көмегін тигізу үшін ұсынуға болады.

Мысалы, қолда бар ақпаратты бәйтерек түрінде береміз. «Грозди» әдісі бір ұғымнан, бір ұғымға ауысып отыруға мүмкіндік береді. Бәйтерек сынды құрылымына жаңа идеялық бұтақтарды қосып отыруға болады.

Осындай, құрылымдық-логикалық әдіс танымдық процесс үстінде негізденген шешім мен іс-әрекеттер арқылы міндетті жан-жақты түйіндеуге көмегін тигізеді.


Кесте, таблица, көрнектілікті түзіп, ондағы ең маңыздысын айыра білу дағдысы, тұтастай, әрі жекелей көре білу дағдысы

«Сократтық

сұхбат»

әдісі


Мектепегі семинар сабақ үстінде оқушылар өз ойын жан-жақты дәлелдеп, өзгенің ойына дау айтады.



Жұрт алдына шығып сөйлей білу, өз ойын қорғай алу дағдысы, тыңдай білу, ойын дамыта алу дағдысы

«Таным ағашы»

әдісі


Бұл әдіс жағдайды талдаған кезде қолданылып, оның себебін толық түсінуге септеседі.

Қатысушылар шешімнің түрлі нұсқаларының басым және кемшін тұстарын талқылау барысында бағанаға жазып отырады.

1.Мұғалім талқылауға тапсырма береді.

2. Оқушыларға проблема, тарихи факті т.б. бойынша толық базалық ақпарат беріледі. Бұл оларға тапсырманың түрлі нұсқаларын жоспарлау мен бағалауға қол ұшын береді. Соның арқасында проблема жайындағы тіке және жанама мәліметтерді айыруға қол жеткіземіз.

Тұтастай алғанда, бұл әдіс пен көрнекілік білім мен проблеманы толық қамтып, ойлаудың икемділігіне септеседі.


Пікірді талқылау барысында қағыс қалдырылған және жіберілген қателерді таба алу дағдысы; қисынды келтірген дәлелдеулер негізінде өз ойын қайта қарай білу


Кейс-стади – нақты оқу жағдайын қолданып оқыту


1-кезең. Жағдай жазылған мәтінді оқып шыққан соң, білім алушы өз бетімен мәселенің мәнін ұғынуға, жағдайға баға берудің өзіндік позициясын анықтауға, сұраққа жауап беруге, проблеманы шешудің нақты жолын табуға тырысады.

2-кезең. Ықшам топпен жұмыс. Оқушылар 3-4 адамнан топтасып, кейстің негізін құрайтын проблема төңірегіндегі ойларымен алмасып, сұхбат және ізденіс әдісімен консенсусқа келеді. Бұл кезеңде брейнсторминг, диалог пен полилог, дискуссия, пікірталас әдістері орын алуы мүмкін.

3-кезең. Жалпытоптық талқылау мұғалімнің жетекшілігімен өткізіледі. Әрбір топ жағдайда айтылған мәселе төңірегінде өз пікірлерін ортаға салады.

Мұғалім өз тарапынан жауаптарға бағалау жасамайды, талқылаудың ерекшелігі кез келген пікір ықтимал деп табылуында.



Ақпаратты талдау мен жүйелеуге үйрету;

өз пікірін жұрт алдында айтып, қорғай білуге үйрету




Жобалау әдісі

1-Кезең. Жобаны дайындау. Мақсат пен тақырыпты белгілеу. Оқушылар мұғаліммен бірлесіп оқу материалын талқылайды, ақыл-кеңесін алады, міндеттерді белгілейді.

2-кезең. Жоспарлау. Ақпараттың дерек көздерін, жинау тәсілдерін, талдануын, есеп беру формасын, нәтижелер мен процесті бағалауды анықтайды; рөлдерді (информатор, зерттеуші, хатшы, редактор, баяндамашы, референт, эксперт т.б.) бөледі. Қабылдаған міндетке орай оқушылар іс-әрекет жоспарын жасайды. Мұғалім оларды түзеп, идея ұсынады, нәтижені болжауға көмектеседі.

3-кезең. Зерттеу. Ақпарат жинау алға қойылған міндетті шешу. Амалдары: сұхбат, сауалдама, бақылау, сынақ, анықтамалық әдебиетпен жұмыс т.б. Аралық міндеттерді шеше отырып, оқушылар зерттеу жұмысын орындайды. Мұғалім бақылайды, көмектеседі қажет жағдайда, ақыл-кеңес береді.

4-кезең. Зерттеу нәтижесін жинақтау. Ақпаратты талдау, пікірлерді құрастыру, түйіндеу.

5-кезең. Есеп беру. Алынған нәтижелерді ұсыну: жазбаша есеп беру, ауызша баяндама т.б. Оқушылар өздерінің зерттеулері туралы есеп береді. Мұғалім өз тарапынан оларды тыңдап, сауалдар қойып, түзетулер жасайды.

6-кезең. Соңы. Оқу процесінің нәтижесін бағалау. Мұғалім жобаға қатысушылардың пікірімен санаса отырып, оқушылардың жұмысын бағалап, зерттеудің ары қарай жалғасуына жол сілтейді.





Зерттеушілік машық; дамушы жобаларды жасап шыға білу


Кубик

әдісі –

мектепте қолданылатын тақырып төңірегіндегі түрлі көзқарастарға ықпал етуші оқыту стратегиясы болып табылады.





Алдын ала қырларында төмендегідей:

1. Жазып шық.



2. Салыстыр.

3. Басын қос.

4. Анализ жаса.

5. Ұсын.


6. «Иә» мен «жоқты» дәлелде деген сөздері бар кубикті қағаздан жасайды.

Жазып шық. Объектіге жақын үңіліп (мүмкін, ойша): түсі, формасы, көлемі т.с.с. не көргеніңді жаз?

Салыстыр. Неге ұқсас, несімен ерекшеленеді?

Басын қос. Осы сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Ойлан, қандай ұғымдардың басы қосылып тұр?

Анализ жаса. Не үшін? Қалай болғанын айтып бер?

Ұсын. Сіз бұны қалай қолданар едіңіз? Онымен не істеуге болады? Өз ойыңдағыны ұсын.

«Иә» мен «жоқты» дәлелде. Бұл жақсы ма, жаман ба? Неліктен? Бұл үшін дәлелдің кез келген түрін қолдан.

Сабақтың соңы. «Кері байланыс жаттығуы»: 1. Ең бастысы не болды? 2. Мен үшін не жаңа болып табылды? 3. Осыған қатысты мен нені сезінемін?



Материалды

талдай білу, басы қосылатындарды

табу.


«Тізбек»

әдісі




Оқушылар проблеманың мәнісін ашу үшін тізбекке кіретін төмендегі сауалдарға: «Кім?», «Не?», «Қайда?», «Қашан?», «Қалай?», «Неге?», «Неліктен?» жауап береді.

Мұғалім сабақтың өту барысына орай сауалын түрлендіріп қойып отырады.



Жағдайды сипаттай білу, жиақтай білу, ең бастысын таба білу т.б.

“S WОТ-анализ”

әдісі – даму бағытын қалыптастыруталдау жасау үшін қолданылады



Мектепте кез келген проблеманы, міндетті шешу үшін «SWOT- таблицаны» кеңінен қолдануға болады

“S” Күшті жағы

(проблеманы шешуге көмектеседі)



“W” Әлсіз жағы

(проблеманы шешуге кесірін тигізеді)


“O” Мүмкіндіктер

(шешім табуға мүмкіндік беретін)

“T”

Қауіптер

(шешім табуға мүмкіндік бер мейтін)





1.Кезең. Жағдайдың анализі (кесте бойынша):

а) проблема шеңберін реттеу,

ә) проблеманы (алыс және жақын, тығыз және маңызды жағынан) қарастыру.

2-кезең. Проблеманың шешімін табуға қатысушылар (кім енеді, тіке және жанама қатысушылар).

3-кезең. Барлық қатысушылар бас қосып, өзара сұхбаттасып, ортақ шешімге келеді.


Талдау мен дамуды болжай білу дағдысы



«И.Д.Е.А.Л»

әдісі

(45-50 минут)

Бұндағы әрбір әріп қиын жағдайдан шығу мүмкіндігін арттыратын қадам.

1.Проблеманы түйінде (мақсат)

2.Өзіңнің проблемаңды «Қалай?» деп басталатын сұрау есімдігі бар сөзді қатыстырып құрау. «Мен» сөзінің болуы шарт емес.

Мысалға, «Мен өз сабағымды қалай қызықты етіп ұйымдастыра аламын?»

ҚАЛАЙ_______________________?

ҚАЛАЙ_______________________?

Ішіндегі ең дәлді нұсқаны таңдап ал!!! 3.Проблеманы шешудің барынша көп тәсілдерін тап (10 минут).

Назарыңды бөлмей, ойыңа келген БАРЛЫҚ нұсқалардың, тіпті ақылға сыймайтын болса да, шешімін жазып ал. Өзіңді қайрап, уақыт бітіскенше, жаңа нұсқаларды ойлап таба бер. Егер қаласаң, парталасыңды тарт.

4. Әлдебір «күшті» шешім бар ма? Өз тізіміңдегі белгілі бір деңгейде жүзеге асыруға болатын тәсілдерді «√» таңбасымен белгіле. Олар қанша? Бірақ оны сынама.


Материалды талдай білу, ең бастысын айыра білу

Призма

әдісі

(Сұрақ қоюға баса көңіл бөлу)



Мектепте толыққанды білім беру үшін сегіз тірек сауал:

ФОРМА: бұл неге ұқсас?

ФУНКЦИЯ: ол қалай жүзеге асады?

СЕБЕПТІЛІК: неліктен олар осындай?

ӨЗГЕРІС: олар қалай өзгереді?

БАЙЛАНЫС: олар бір-бірімен қалайша байланысқан?

ПЕРСПЕКТИВАСЫ: басқа қандай көзқарастар бар?

ЖАУАПКЕРШІЛІК: біздің жауапкершілі-гіміз қандай?

ОЙЛАУ: біз бұны қайдан білеміз?


Қиялына қанат бітіреді, ойлай білуін қалыптастырады, салыстырады.

«Эврика»

әдісі

(Дон Коберг пен Джин Багнали)

Жаңартпашылыққа түрткі болу үшін: көбейту, бөлу, жою, бағындыру, назар аудару, жекелеу, елестету, бірізге түсіру, бұрмалау, айналдыру, теңестіру, сығымдау, толықтыру, бойлау, тоқтату, босату, аспандату, айналып өту, қосу, алу, жеңілдету, қайталау, жуандату, созу, кері итеру, қорғау, бөліп алу, қосылу, символдандыру, дерексіздендіру, кесу сөздері қолданылады.

Затты жан-жақты көре білу

Шеберхана

(И.А.Мухина, В.А.Степихов

Мектептегі шеберхана – оқушылардың негізгі пәндер бойынша өз бетімен білім алуы.

Шеберхана идеясы – сабақтан кейінгі бос уақытта оқушылардың мектепке келіп, әрі дербес, әрі топтық тапсырма орындауына жағдай жасау. Олар сабақ үстінде ұстаздарының ұсынған проблемаларын шешуде үлкен жетістіктерге жетеді.



Шеберхананы жүргізу алгритмі

Индукция фазасы. Оқушыларға ұсынылатын материалдар олардың түсінігіне лайық болуға тиіс.

Материалмен жұмыс. Материалды талдау. Оқушылар материалды талдай отырып, өздерінің ойларына оралған идеяларды ұсынады.

1.Дербес (немесе ықшам топтармен) жұмыс істеу;

2. Шағын топтық талқылау.

Әлеуметтену. Оқушылар еркін жүріп-тұрып тақтаға өз ойларын жазып отырады. Бір-біріне сауалдар қойып, жауап беріп отырады.

Қарым-қатынас жасаудың негізгі принципі – «табысқа қол жеткізу». Оқушылар өздері оқыған жұмыстың авторына қызықты тұстарын айтады. Қате жерлерін ауыздарына алмайды.



Рефлекция. Оқушылар өздерінің шеберханадан не үйренгенін ортаға салып, өзінің алған әсерін сыныптастарымен бөліседі.

Проблеманы қоя білу, шығармашылық

пен жауап іздеу, шығармашылық ойлауды дамту.



«Сұрақ-Жауап» әдісі

1.Сынып екі (үш) шағын топқа бөлінеді.

2.Командалар белгілі бір тақырыпқа сауалдар дайындайды.

3.Бір-бірлеріне сұрақтар қояды, егер қарсы жақ қойылған сауалға жауап таба алмай қиналса қоюшы жақ өздері жауап береді.

Команда қарсыластарының жауабын өздері бағалайды. Көп балл жинаған жақ жеңеді.



Сұрақ құрастыра білу, тыңдай білу, қойылған сауалға жауап бере білу дағдысы.

Дельфи 1

әдісі

Бұл әдістің мәнісі әр оқушы арнайы бір тақырып бойынша жұмыс істейді. Жұмыс нәтижесі ұжымдық негізде талқыланып, өз бағалауын алады. Жұмысқа қатысушылар өз бетімен берілген сауал туралы өз пікірін түйіндеп, көптің талқысына салады. Дау тудырған мәселе төңірегінде бір жүйеге түскен пікір қалыптасады.

Дербес жұмыс істей білу, тыңдай, талдай, бағалай білу дағдысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет