Айт: "Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Аллаһ үшін "- де. ( Әнғам сүресі 162 аят ).
Иманның мағынасы, қашан Аллаһ: "Мен әмір еттім, Мен тиым салдым"-деп айтса. Сонда адам баласы: "Естідім де бойұсындым"-деп айтады.
Қашан адам баласы Раббысының әмір еткеніне бойұсынса, Оның тиым салғанына жоламаса және Аллаһ ол үшін орнатқан шекарасында тоқтаса, сонда ғана адам баласы өз мақсатына жетеді. Ал, мұсылманның мақсаты мейірімділік, сүйіспеншілік және Раббысының ризалығы.
Біздің заманымызда адамдардың көпшігі нағыз ақиқат құлшылығынан алыстады. Әлемдердің Раббысынан басқа, кімге қаласа құлшылық қылады. Адамдардан кейбіреулері, көптеген құлшылықтардың түрлерін өзгертті. Оларды Аллаһқа арнамайды, барлық құлшылықтарға теққана Аллаһ лайықтығына олар ұмытты. Құрбандық шалса Аллаһқа емес, нәзір берсе Аллаһқа емес, ант етсе Аллаһқа емес, немесе жәрдем сұраса Аллаһтан емес, немесе дұға қылса Аллаһқа емес, немесе пана сұраса Аллаһтан емес.Шын мәнінде, миллиондаған адамдар Дагистанда, Татарстанда, Қазақстанда, Азияда әр-түрлі қабырларға, кесенелерге, мололарға барып жүріп, және басқа мұсылмандарды үйрете тұра: "Қашан сенде қиын жағдай болса, қабырлардан жатқандардан сұра"-дейді.
Мұсылмандар! Ешқашанда пайғамбарлардан және өлілерден сұрамаңыздар, теққана Мәңгі, Өлмейтін, сондай бүкіл әлемнің Басқарушысы Аллаһтан сұраңыздар. Бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ:
"Егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Алладан басқа айықтырушы жоқ"-дейді. ( Юныс сүресі 107 аят ).
Адамдардың кейбіреулері: "Бүкіл тірі жәндіктердің аса көрнекті адамдары бар, орынбасарлар, әулиелер және осы аса көрнекті әулиелер, орынбасарлар бүкіл әлемді басқарады және бүкіл өміріңді жеңілдетеді"-дейді. Сондай сөздерді Азия елдерімізде көп кездестіреміз. Алайда, Аллаһ тағала:
"Айт:( Мухаммед) Барлық іс Аллаһтың еркінде"-деп айт. ( Әли Ғымран сүресі 154 аят).
Сондықтан Аллаһтан басқа ешкім де өміріңді жеңілдете алмайды,әулиелер болсын, әруақтар болсын, тіпті Аллаһтың елшісі Мухаммед (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын), өзінің өмір сүрген уақытында немесе өлімінен кейін ешнәрсені өзгерте алмайды да жеңілдете алмайды. Аллаһ тағаланың жаратылыстарынан ең жақсырағы емес пе? Аллаһ тағала оны барлықтарымыздан ұлықтадығой, бірақта Аллаһ тағала өзінің елшісіне айтты:
" Ешбір іс сенің еркіңде емес". ( Әли Ғымран сүресі 128 аят).
Жақсы болсын, жаман болсын, бірнәрсені өзгертуге сенің ешқандай мүмкіндігің жоқ..
Аллаһ тағала басқа пайғамбарларға айтқан нарсены, біздің пайғамббарызмыз Мухаммедке (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын)- де осыны айтқан және бұл нәрсе әр қайсымызға тиісті:
"Шын мәнінде саған әрі сенен бұрынғыларға: "Егер Аллаһқа ортақ қоссаң, әлбетте амалың жойылады және анық зиянға ұшыраушылардан боласың"- деп уахи етілді. (Зумар сүресі 65-66 аят).
Адамдардың кеібіреулері құлшылық деген нәрсені дұрыс түсінбейді, құлшылық олардың түсініктерінде-бұл намаз, ораза, қажылық болды, осымен бітті. Кейбір кезде біз адамдарды мешітте көреміз, олар намаз оқиды, ораза ұстайды, қажылық қылады, бірақта бұл кісіні, қашанда далада кездестірсек, оны тану қиын. Оның әйелі, қыздары жарты жалаңаш, ол қарызға процентке береді, кредит алады, адамдарды алдайды, пара алады, арақ-темекілерді сатады, зина жасайды, ата-анамен және көршілермен жаман қарым қатынаста болады. Сен бұл кісіні мешітте көрген сияқты салыстыра алмайсын, ол кісі тіпті басқаша. Ол кісі өте қысқаша түрде құлшылықты түсінеді. Біз айттып кеттікқой, мұсылманның бүкіл өмірі-құлшылық . Ата-аналармен жақсы қарым-қатынаста болу- құлшылық , барлық жағынан шыншыл болу- құлшылық , барлық жағынан ықыласты болу- құлшылық , өз мұсылман бауырына күлімсіреп қарау-құлшылық , онымен қолұстасып амандасу- құлшылық , өзінің көзқарасын бөтен әйлдерден сақтау- құлшылық , бірақта олар құлшылық деп-ол намаз, ораза, қажылық болды осымен бітті.
Аллаһ тағала осындай адамдарға:
"Сендер Кітаптың кейіне сеніп, кейіне қарсы келесіндер ме?"-деп сұрақ қояды. (Бақара сүресі 85 аят).
Бауырларым! Құлшылық-ол біздің өміріміздің кішкентай бір бөлігі емес, жоқ , керісінше, бұл себеп, бұл негіз. Аллаһ осы себепті жаратылыстарды жаратты, аспандарды, жерді, жаннатті, тозақты жаратты, осы себепті Аллаһ кітаптарды түсірді және осы себепті бізге елшілерді, пайғамбарларды жіберді. Аллаһ тағаланың сөздеріне қарамайсындар ма?
"Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым". (Зәрят сүресі 55 аят).
Аллаһ өз жаратылыстарын жай ермек үшін жаратқан жоқ , Ол өзіне құлшылық қылулары үшін ғана жаратты және теққана Ол құлшылыққа лайықты, және теққана, Оған ғана құлшылық қылу керек
.
2) Кімге біз құлшылық қыламыз?
М үмкін кейбіреулерімізге бұл сұрағымыз ақылға сыймайтын, біртүрлі болып көрінетін шығар, жоқ бұл толық ақылға сыйятын дұрыс сұрақ..
Әлем жұқпалы ауруға дұшар болды, әр-түрлі дұрыс емес әдепсіз сенімдер, жер бетінде миллиондаған адамдар Аллаһтан басқа кімге қаласа құлшылық қылады. Нух пайғамбар заманынан бастап жер бетінде көпқұдайшылық орнатылды. Адамдардан кейбіреулері айға, күнге, ғаламшарларға табынады, кейбіреулері шайтанға, періштелерге, тастарға,пұттарға табынады. Әбу Раджа Әл-Утариди: "Надандық дәуірінде біз тастарға құлшылық ететінбіз.Егер бірінші тастан артық тас тауып алсақ болды, ескісін қалдырып жаңасына көшетінбіз. Ал енді мүлдем тас таба алмаған жағдайда, топырақтан бір төбешік жасап, ол жерге қой әкеліп, сол төбешік үстінде сауатынбыз. Кейін сол төбешікті айналып тауап жасайтйнбыз...-деп әңгімелейді.
Адамдардың кейбіреулері адамдарға табынады, еврейлер Ұзайырға табынады, христиандар Исаға және Марьямға табынады, кейбіреулері өзінің ұлтына табынады, басқаша айтқанда ұлтшылдық деп айтса болады. Кейбіреулері әр-түрлі теорияларға, идеяларға табынады, біздің заманымызда оны білім, прогресс, цевилизация деп айтуға жақсы көреміз. Кейбіреулері сиырға табынады, мысалы Индиядай сияқты.
Бір кезде Индияның бұрынғы президенті халықтың алдында ақталып, сиырларға табыну тұралы одан сұраған кезде, ол: "Менің сиыр анам өзімнің тұған анамнан сүіктірек"-деп жауап берген. "Не үшін, әй, мырза Президент!?"- деп сұраған кезде, ол: "Өйткені менің тұған анам мені жай ғана тоғыз ай ішінде алып жүрді және екі жыл мені емгізді, сол үшін мен оған өмір бойы қарызбын, ал, менің сиыр анам, өмір бойы маған сүт беріп келеді және еш нәрсе меннен сұрамайды".—деп жауап берген. Және таң қаларлық нәрсе, Индияда ғибадатханаға кіруден алдын, тышқанға табыну керек, тышқанға табынуға болады ма? Кімге ақыр құлшылық қылуға болады?
3) Кім құлшылыққа лайықты?
Сөзсіз-Ол жалғыз Аллаһ, Оның серігі жоқ , ислам дінінің келүіне осы себеп болды, түрлі көпқұдайшылықтармен үлкені болсын, кішісі болсын күресуді бастаған ислам. Аллаһ тағала құранда Аллаһқа серік қосу-ол ең үлкен зұлым және әділсіздік болып табылатынын, және Аллаһ оны тәубесіз кешірмейтінін айтты:
"Шын мәнінде Аллаһ тағала Оған серік қосқанды кешірмейді. Әрі одан өзгесін кімге қаласа кешіреді". (Мәида сүресі 72 аят).
Сондай-ақ ,имам Муслим Жәбир ибн Абдуллаһ сөздерінен мына хадисті келтіреді.Пайғамбарымыз(оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Кім Аллаһқа серік қоспаған күйі өлсе,ол жаннатқа кіреді. Ал кім Аллаһқа серік қосып о дүниелік болса, онда ол отқа кіреді"-деп айтқан.
Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) көкесіне Әбу Талибке қараніз, пайғамбарымыз оны шын жүректен жақсы көрген, бірақта, Әбу Талиб Аллаһқа серік қосып о дүниелік болар шақта, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) оған еш жәрдемін бере алмады. Бұл хадисті имам Бухари мен имам Муслим келтіреді: "Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) көкесі Әбу Талиб қайтыс болар шақта оған пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) келеді. Ол жерде Әбу Жәһл мен Абдулла ибн Умайя ибн Муғира болады. Сонда Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) көкесіне: "Көке! Лә иләһа иллә Аллаһ (Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ) деп айтыңызшы. Шын мәнінде осы сөздер арқылы мен Қияметте сіз үшін шапағатшы бола алармын"-дейді. Сонда Әбу Жәһл мен Абдулла ибн Умайя: "Әй, Әбу Талиб! Сен әкең Әбдул Мутталибтің жолынан бас тартпақшысың ба?-дейді. Әбу Талиб:"Жоқ , мен Әбдул Мутталибтің жолындамын"-деп, Лә иләһа иллә Аллаһ (Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ) деп айтудан бас тартады. Сонда Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Аллаһпен ант етемін, мен сіз үшін міндетті түрде Аллаһтан кешірім сұраймын"-дейді. Сонда Аллаһ тағала мына аяттарды түсіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |