Лекция «Права Аллаха на Его рабов»



бет3/4
Дата22.06.2016
өлшемі4.2 Mb.
#153315
түріЛекция
1   2   3   4
үшіріктер жақындары болса да, олардың тозақ иелері екендігі анықталғаннан кейін пайғамбарға да мүміндерге де ол мүшіріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды". (Тәубе сүресі 113 аят).
Алла
һқа серік қосу соншалықты қауіпті, Аллаһ шіріктен басқа қалаған күнәні кешіруі мүмкін. Аллаһ құранда:
"Шын м
әнінде саған әрі сеннен бұрынғыларға: "Егер Аллаһқа ортақ қоссаң әлбетте амалың жойылады және анық зиянға ұшыраушылардан боласың"-деп уахи етілді. Аллаһқа ғана құлшылық қыл және шүкіршілік етушілерден бол"-деген. (Зумәр сүресі 65-66 аят).
Екі сахих хадистер жина
ғында имам Бухари мен имам Муслим ибн Масғудтің сөзін келтіреді: "Аллаһ тағала мына аятты түсірген шақта:
"Сондай иман келтіріп, сенімдерін зұлымдықпен былғамағандар, міне соларда сенімділік бар. Және олар тұра жолға түсірілгендер". ( Әнғам сүресі 82 аят).
Осы аятта з
ұлымдық деген сөзді Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) Аллаһқа серік қосу деп тәпсірледі, сондай-ақ , бұл түсіндірмесі толық Аллаһ тағаланың сөзіне сай келеді:
үдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық"-деген". (Лұқман сүресі 13 аят).
Кімге біз
құлшылық қыламыз деуден бұрын әрқайсысы өзінің жанын сұрасын: "Мен Аллаһқа құлшылық істеп жүрмін бе? Жоқ , әлде мен басқа біреуге құлшылық істеп жүрмін бе? Аллаһ үшін ораза ұстап жүрмін бе? Жоқ , әлде мен басқа біреу үшін ұстап жүрмін бе? Немесе қашанда мен құрбандыққа малды шалған шақта Аллаһ үшін істеп жүрмін бе? Жоқ , әлде қандай да бір аруақ үшін істеп жүрмін бе? Мен айналып тауап жасайтын уақытта, оны Аллаһ үшін істеп жүрмін бе? Немесе мен теққана кағбаның төңірегінде тауап істеп жүрмін бе? Жоқ , әлде мен барлық жерде айналып тауап істеп жүрмін бе? Немесе мен Аллаһтан басқа, басқа біреуге дұға істеп жүрмін бе? Әр түрлі әулиелерге, әруақтарға. Әрбірімыз өзінің жауабында әділ болсын және үмітпасын біздің жүрегімізде не бар екенін Аллаһ жақсы біледі.
Егерде, бізден біреуіміз осы д
әрістен кейін тәкаппарланып, Аллаһтан өзге басқа біреуге құлшылықты істеп жүрсе немесе басқа біреуге құлшылықты жалғастырса, жоқ әлде мүлдем құлшылық қылмаса, онда білсін, Аллаһ сенің құлшылығыңсыз-ақ бай онсыздан-ақ тек Аллаһқа құлшылық қылатындар жеткілікті. Барлық өсімдіктер, жануарлар, теңіздер, аспандар, жерлер барлығы олар Аллаһқа құлшылық қылады, барлығы Оған тасбих қылады, сен оны ешқашанда байқамайсын да түсінбейсін.
Алла
һ тағала Өзінің қасиетті Кітабында:
"Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аллаһты пәктейді. Оны пәктеп мақтамайтын ешнәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын түсіне алмайсындар"-деген. ( Ісра сүресі 44 аят ).
Осы жерде с
ұрақ туылады, егер Аллаһ біздің құлшылығымызға мұқтаж болмаса, не үшін Ол бізге құлшылықты бұйырған? Не үшін біз құлшылық қыламыз?

4) Не үшін біз құлшылық қыламыз?

Өйткені құлшылық-ол біздің Аллаһтың алдындағы хақымыз, ал құлшылықты бізге әмір етуі-ол Аллаһтың хақысы, сондай-ақ Жаратушысының хақысы кінәға жатпайды, бәлкім мәхлұқтардың өздерінің міндеттерін орындамағаны кінәға жатады. Сабақтың басында біз айтып кеттікқой, Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы-құлдардың тек Аллаһқа құлшылық қылып, Оған серік қоспауы.
Қашанда, біздің біреуімізге адам баласы жақсы қарым-қатынас қылса бізге әсер береді, біз оны жақсы көре бастаймыз, сыйлаймыз. Сондай, барлық мысалдардан жоғары болған Аллаһ тағала туралы не десең болады, ал адам баласы көкірек, барлық тіршілікке қарамай ма? Мүмкін Аллаһтың Ұлылығын түсінер, жақсы көріп құлшылық қылар.
Кімде-кім
өз Раббысын танып, Оған құлшылық қылуды бастаса және жақсы, ізгі амал істесе, сонда оның сүіспеншілігіне қарай амалдары да болады.
Бауырларым! Раббылары
ңды тану үшін барлық тіршілікке қарасандаршы, аспанға, жерге, теңізге, өзенге сонда ғана түсінерміз не үшін біз Оған құлшылық қыламыз. Ал мойындамайтын осыны теққана тәкәппар, көкірек, әлемдердің Раббысына сенбейтін адам.
Бізге Алла
һ тағала сеніп Оған құлшылық істеп бастау үшін жан-жаққа ойлы жүзбен қарау керектігін айтты:
"Олар, түйеге қарамай ма, қайтіп жаратылған? Олар, аспанға қарамай ма, қайтіп көтерілген? Олар, тауларға қарамай ма, қайтіп тігілген? Олар, жерге қарамай ма, қайтіп төселген?"(Ғашия сүресі 16-17-18-19 аят).
Б
әлкім, өкінішке орай, адамдардың арасында бәрібір Аллаһтың Ұлылығын мойындамайтын, қабылдамайтын адамдар табылар.
Бірде имам Шафи
ғи мешітке бара жатып Аллаһқа сенбейтін адамды кездестіреді, сонда әлгі адам имам Шафиғиден: "Әй, имам Шафиғи! Аллаһтың барлығына қандай дәлелің бар?"-деп сұрайды. Имам Шафиғи аспанды да жерді де және оның өмірін де дәлел ретінде келтірмеді. Ол өзінің артында тұт ағашын көріп: "Осы тұттің жапырағы Аллаһтың барлығына дәлел"-деп мешітке қарай жолын жалғастырады. Ал құдайсыз адам өз орнында қалып, жапыраққа қарап, бұл жапырақтың Аллаһтың барлығына не қатысы бар деп ойлап тұрады. Имам Шафиғи мешіттен келе жатқан шақта қайтадан сол адамды кездестіреді: "Әй, имам Шафиғи! Осы жапырақтың Аллаһтың барлығына не қатысы бар?"-дейді. Имам Шафиғи: "Бұл жапырақтың түсі де, исі де, дәмі де бір, солай емес пе?" "Ия"-деп жауап береді әлгі адам. "Осы жапырақты жібек көбелек жейді де, керемет жібек шыға келеді, аралар осы талдан бал жинайды, осы жапырақты ғазел жейді де, керемет әтір шыға келеді, осы жапырақты қой жейді де, тезек шыға келеді. Кім осы бір талдың себебінен әр-түрлі заттарды жаратты? Ол Аллаһ тағала, бүкіл әлемдердің Жаратушысы"-деп жауап берген.
Алла
һтың Ұлылығы күндіз де, түнде де, әр кезде біздің көзіміздің алдында, бірақта адамдардың көбі байқамайды да түсінбейді.
Бауырларым! Кішкентай ж
әндікке қарап көрейік, құмырсқаға қарайық.. Бірде батыс ғалымдары бірнеше ай құмырсқалардың өмірлерін зерттеген. Олар Аллаһтың Ұлылығын тану мақсатында зерттемеген, бұл жай ғана зерттеу жұмыстары болатын. Бұл жұмыстары мынандай сөздермен аяқталды: "Шынымен де құмырсқалар өздерінің ұяларында үлкен бір ұлт сияқты тұрады. Оларда басқаратын өздерінің заңдары бар, сөйлейтін өздерінің тілдері бар және тағы таң қаларлық нәрсе, олар өткен проблемаларды ретке салу үшін және келешектегі түсінбеушіліктен құтылу үшін конгресс, сьездерді ұйымдастырады"-деген. Әрқайсысы бұған сене бермейді, өйткені әрқайсысы Аллаһ тағаланың сөзін оқымаған:
"Жердегі жүрген жәндік және қанатымен ұшқан құс, сендер сияқты ұқсаған топтықтар". (Әнғам сүресі 38 аят).
Қарамайсындар ма, қалай Аллаһ тағала адамды керемет бейнеде жаратқан? Кім адамның көзін жаратқан? Оның көру күш қабілеті мен түрлі-түстерді ажыратуға мүмкіндігі бар. Көзіне шаң түспеу үшін кірпік пен қабақті кім жаратқан? Және ұйықтаған уақытта әр-түрлі жәндіктер құлағымызға кіріп кетпеу үшін құлақ жарғағын кім жаратқан? Әр қайсымыз өз-өзіне айнаға қарап: "Кім мені осылай жаратқан"-деп өз-өзіне сұрақ қойсын. Әлбетте Ол Аллаһ тағала барлық жаратылыстың Жаратушысы. Аллаһ тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет