"Аллаһ барлық затты жаратушы, әрі Ол барлығына да кепіл"-дейді. (Зүмәр сүресі,62 аят)
Аллаһтың барлық жаратылыстары – Аллаһтың барлығына, бірлігіне дәлел бола алады. Осы Ұлы Аллаһ құлшылыққа лайық емес пе? Және Ол тиым салған нәрселеріне жоламауымызға Аллаһ лайық емес пе? Бізге орнатқан шекарасында тоқтауымыз үшінАллаһ лайық емес пе? Біз Оның әмірлеріне бағынуымызға Аллаһ лайық емес пе? Және бізге жіберген елшісіне Мухаммедке (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) бағынуымызға Аллаһ лайық емес пе? Не үшін біз құлшылық қыламыз? Өйткені құлшылық – ол біздің Аллаһтың алдындағы міндетіміз, ал құлшылықты әмір етуі – ол Аллаһтың хақысы.
5) Қандай бейнеде біз Аллаһ тағалаға құлшылық қыламыз?
Жауабы қысқа, Құран және пайғамбардың (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) сүннетінде қалай әмір етілген болса, солай құлшылық қылуымыз керек. Ибн Таймия: "Құлшылық екі негізде құрылады, бірінші - егер құлшылық қылсаң, теққана Аллаһ үшін қылу, екінші – Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) қалай құлшылық қылған болса, солай құлшылық қылу"- деп айтқан. Бұл, "Әшһаду әллә иләһа илла Аллаһ" және "Әшһаду анна Мухаммадан абдуһу уа расулуһу"- деген күәлігінің мағынасы болып табылады. Яғни, мен Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқтығына күәлік етемін және Мухаммед - Оның құлы әрі елшісі екеніне күәлік беремін. Бірінші күәлігімен Кімге құлшылық қылу керек екенін түсінеміз, ал екінші күәлігімен қандай бейнеде құлшылық қылу керек екенін түсінеміз.
Сонымен қатар, мүминдер анасы Умму Абдуллаһ Айша хабарлаған сахих хадисте: "Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын): "Кімде-кім біздің осы ісімізге қатысы жоқ жаңалықты еңгізсе, онда оның ісі қайтарылады"-деді"-деп келтірілген.
Сол себепті де әрбір мұсылман кісі құлшылығына мұқият болсын, оның қылған құлшылығы пайғамбар (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) келген нәрсемен сай келеді ме? Өйткені кейбіреулері өмір бойы шын ықыласпен Аллаһқа құлшылық қылады, бірақта пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) қылған сияқты қылмағандықтан нәтижесінде Аллаһ тағала оның тәубесін қабыл қылмайды.
Қазір біздің заманымызда адамдар дінге әр-түрлі жаңалықтарды еңгізеді, әр-түрлі зікірлерді, мәуліттерді, оқылмайтын жерде фатиха сүресін оқуы, қырқысы, жетісі сияқты әр-түрлі жаңалықтарды дінге енгізеді. Имам Малик: "Аллаһ осы аятпен дінді толықтастырды:
"Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым."-деген". (Мәида сүресі 2 аят).
Осы аяттан кейін дінге пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) және оның сахабаларының өмірінде болмаған нәрсені еңгізсе, онда білсін, ол Аллаһтың дініне жаңалық еңгізді. Және пайғамбарымыздің (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) заманында болмаған нәрсе, бүгін дінде болуы мүмкін емес. Кімде-кім дінге әр-түрлі жаңалықтарды еңгізсе үлкен күнәға ұрылады, сондықтанда имам Бухаридың ұстазы Суфиан ас-Саури: "Шайтанға адам баласы үлкен күнә істеуіне қарағанда, дінге жаңалық енгізгені жақсырақ"-деп айтқан.
Не үшін? Бауырларым! Өйткені адам баласы күнәні істегенде оның жаман екендігін біледі ғой және қашанда болмасын тәубесіне келуі мүмкін, ал адам дінге жаңалық енгізу арқылы құлшылық қылған кезде, ол әрдәйім жақсы амал қылып жатырмын деп және тұра жолдамын деп ойлайды және дінге жаңалық енгізуді жалғастыра береді. Сонымен ол ешбір тәубесіз өзін тұра жолдан алыстата береді.
Бірақта біз қалай білеміз тұра жолдамыз ба, әлде адасудамыз ба? Сол себепті де біз ғалымдардан сұрауымыз керек. Аллаһ тағала Өзінің қасиетті кітабында:
"Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар"-деген. (Нахыл сүресі 43 аят).
Алайда сұраудан алдын білгін, шынында да ол кісіде білім бар ма? Ол Құран мен сунетті пайғамбарымыз және оның сахабалары түсінгендей түсінеді ме? Жоқ ,әлде ол өзі жаңалықтарымен ластанып, дінді өзіне ұнайтындай түсінеді ме? Біздің уақытымызда адамдар өздері надан болып, басқаларды да адастырады. Сол себепті де тұра жолдан адасып қалмау үшін шынайы білетіндерден сұрайық .
Бауырларым! Шынымен де егер біздің дүниедегі амалдарымыз Аллаһ үшін болса және пйғамбарымыз Мухаммедтің (оған Аллаһтың салауаттары мен сәлемдері болсын) істеген амалдарына сәйкес келетін болса - осы нағыз құлшылық!!! Сол себепті де Аллаһтан жәрдем сұрап, Оған құлшылық етуде жәрдем етіп, Ол жақсы көріп әрі разы болған нәрсеге жол салып беруін, әрі соңымызды қайырлы етуін сұраймын.
Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына
Аллаһ тағаланың салауаттары мен сәлемдері болсын!
Дерек көзі: salaf-forum.ru
Достарыңызбен бөлісу: |