Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi компонентiн құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендiк жағдаяттары: түсiнбеушiлiк, шошу, таң қалу т.б. субьективтi реакциялар туғызады.
Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк адамның iшкi психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады. Болып жатқан немесе өтiп кеткен жағдаяттардың мәнi қәзiргi жағдайда өзектi қажеттiлiгiмен белгiлi бiр мөлшерде байланысы, қажеттiлiктерге кедергi немесе қанағаттандыруға жағдай жасау. Мағыналық әрқашанда қажеттiлiктермен белгiленедi. Мысалы, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды. Бiрақта сол жағдаяттар тек тамақ қажеттiлiгiнқанағаттандырғаннан кейiн адамға мағынасы мәнсiз болуы мүмкiн.
Әсiресе қуаныш эмоциясы осы жөнiнде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып кеткен. Бiздiң бойымызда қуанышымыз өмiрге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем бередi. Қоғамға пайдалы шындық бiздiң бойымызға қуаныш әкеледi. Жағымды эмоциялар адам өмiр жолын таңдау барысында өмiрлiк бағдар бередi. Жағымсыз эмоциялар керiсiнше ояту функцияларын орындайды.
Эмоциялар адамның физиологиялық функцияларына өте қатты әсер етедi, себебi эмоция олармен қосылып ортақ психофизиологиялық жүйенi құрайды. Сондықтан да эмоциялар әрқашанда ағзаның азды-көптi өзгерiстерiмен бiрге жүредi. Физиологиялық фукнцияларды эмоция арқылы реттеу мүмкiндiктерi өте көп. Эмоциялар адамның санасы мен танымдық процестерiне де дәл осылай әсер етедi. Эмоциялардың әсерiмен олардың мүмкiндiктерi мен фукнциялық сипаттамалары қатты өзгерiске үшырай алады (жақсарады немесе нашарлайды). Мысалы, адам қатты стрестiң әсерiнен ойлауы, есте сақтауы, зейiнiн тұрақтандыруы, нашарлауы, өзi әрекеттерiн саналы бақылауының төмендеуi мүмкiн. Эмоциялық механизмдердiң негiзiнде творчествалық ойлау мен қиял жұмыс iстейдi. Эмоциялық күйде болмаған оқиғалар бейтарапқа қарағанда жақсырақ есте сақталады.
Эмоцияның бұл функциялық ерекшелiктерiнiң практикалық мәнi маңызды.
Эмоциялар iшкi психикалық процестер болып табылады. Бiрақта олар сырттай жақсы көрiнедi: мимикадан, көзқарасынан, әрекеттерден, қимылдан, елестен, интонациядан және сөйлеудiң басқа да ерекшелiктерiнен. Бұл басқа адамдардың эмоциялық күйiн түсiнуге және олармен нәтижелi қарым-қатынас жасауға мүмкiндiк бередi.