Лекция Психологияға кіріспе



бет12/44
Дата30.10.2022
өлшемі271.41 Kb.
#463662
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Психология лекция жинак

Бақылау сұрақтары:
1.Тәуелсіз қоғамдағы тұлғаның «ерік бостандығы» тұжырымдамасын түсіндіріңіз
1. 1 Тұлғалық және кәсіби жетістікке жету дегенді қалай түсінесіз?
1.2 Стресстің белгілері және стресске жауап берудің жеке стилдері мен стресске тұрақтылық түсінігін талдаңыз.
1.3 Ерік және тұлға, тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент) деген не?.
1.4 Ерікті актінің құрылымы мен шешім қабылдау және таңдау мәселесін саралаңыз.
Лекция 5. Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері

    1. Темперамент, мінез және қабілет.

    2. Темперамент анықтамасы

    3. Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик.

Темперамент белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктерін темперамент деп атаймыз.


Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес, жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді.
Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, ерктік қимыл қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның адамгершiлiктiк тәрбиесі, әлеуметтік бағдары әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше адамның тәнінде төрт түрлі сүйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса адамның дені сау, дұрыс араласпаса сырқат болады. Ағзадағы сүйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сүйықтардың аттарына орайлас қойылған темеперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді. Мәселен, холериктік темперамент- chole(өт), санвинигтік темперамент – sanguis (қан), флегмативтік темперамент – phlegma (шырын), меланхоликтік темперамент – melanoschole (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ /72/ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.
Кейінен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврлогиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.
Жоғары жүйке қызметінің негізгі қасиеттерін ашқан И.П.Павловтың /76/ ғылыми еңбегі ерекше. Ол темпераменттің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсетті.
Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатынаста күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп мақсатына жетеді. Қайрат-жігеріне, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады. Бұл жөнінде Павлов былай дейді: “Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез-келген іске барлық күш жігерімен кіріседі де содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды...”
Сангвиник темпераменті.Бұл темпераменттің өкілін И.П.Павлов қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабырқаңқы, сылбыр жүреді.
Сангвиникке қимыл қозғалыста белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімдеушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, шүйкелесе кетеді, жұртты жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді, ақжарқын, іске бар ықыласымен кірісетін, әуесқой адам. Осылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса, яғни күнделікті күйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет ететін жұмыс тап болғанда суынып қалады.
Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл, оның көңіл күйінің қолайсыз түрінен тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Мида жаңадан жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі оның ақыл-ойының оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әртүрлі, көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты тілейтін жұмыстар бұған өте қолайлы.
Флегматик темпераменті.Павловтың сипаттауынша бұл барлық уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және төзімді, еңбеккер адам. Жүйке үрдістерінің тепе-теңдігі мен баяулығы флегматикке қандай жағдай да болмасын бір қалыпты тыныштықта болуға мүмкіндік береді.
Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті тежелу оның ырықсыз қимыл-қозғалыстары болып, ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, бір қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды, флегматик ұзаққа созылатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай жұмысты жақсы атқара алады (шыдамды, зейінді, орнықты). “Мінез- құлықтың қалыпты жүйесі, өмір ағысының біркелкілігі менің жұмысым мен демалуымның және қозу, тежелу үрдістерінің бір қалыптылығынан екендігі түсінікті нәрсе”.
Флегматик салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұрт пен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады.
Баяулық пен селқостық флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып-жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет