2. Эмоцияның формалары және негiзгi түрлерi
Көрсеткен қасиеттерi теориятикалық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерiн айқындауға болады. Бiрақ белгiлi жақсы кейбiреулерi ғана жеткiлiктi суреттелген. Мысалы, американдық психолог К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерiн көрсеткен.
Қызығушылық,ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу. Тиiмдi, әсiресе, танымдық мотив (түрткi) iс-әрекеттiң мағынасына сәйкес және күштiлiгi жеткiлiктi көрiнедi.
Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз. Ол монотондық жағдайда туады.
Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.
Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi. Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.
Бақылау сұрақтары:
Эмоция және оның адам өміріндегі рөлін түсіндіріңіз.
Эмоция ерекшеліктерін атаңыз
Эмоцияның негізгі қызметтері қандай?
Эмоцияның психологиялық теорияларына талдау жасаңыз.
Эмоциялық күйлерді атаңыз.
Лекция 4.Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы.
1. Психологиядағы ерік түсінігі.
2. Стресс түсінігі, түрлері және стресстің даму кезеңдері.
Ақыл-ойдан туатын және алдында тұрған мақсаты бар ерікті түрде істелінетін барлық әрекеттерді ерік әрекеттері деп атауға болады. Адамның су ішкісі келді делік, ол қолын созып стақанды алды, су құйып, ішіп жіберді. Бұл - әдейі істелген әрекет, ал осыны орындау қиынға түспегенмен, ерік әрекеті болады. Алайда, әрбір адамға көздеген мақсатқа жету жолында әрқилы қиындықтарды жеңіп кедергілерден өту үшін, талай-талай іс-әрекет жасау керек. Мұндай әрекеттерді нағыз әрекеті деп атайды. Бұл жерде жеке адамның ақыл ойымен байланысты оның белсенділігі де көрінеді.
Адамның жеңіп өтетін сыртқы кедергілері деп сол істің өзінің объективтік қиындықтарын оның күрделілігін, әр қилы бөгеттерді, басқа адамдардың қарсылықтарын, жұмыс жағдайындағы қиыншылықтарды т.б. есептейді.
Ішкі кедергілер - бұлар адам өзіне жұмыс істету қиынға соғатын, жалқаулық шаршап-шалдыққандық, алдында тұрған міндетке ешқандай қатысы жоқ басқа бірдеңелермен шұғылдануға құштарлық ететін, белгіленген мәселелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туатын кедергілер. Ішкі кедергіге құштарлық, тілек сияқта жат әдеттер жатады. Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады.
Ал “ерік” терминімен жеке адамның қасиетін де, қиындықтарды жеңе отырып табандылықпен және мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.
Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті өмірде, әсіресе үлкен кедергілерді жеңіудегі ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адам еркінің күшті болуын керек етеді. Керісінше, еркі әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті өмір қойған міндеттерді атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардан көмек күтіп, қамқорлығында болғысы келеді. Осындайлардың кейбіреулері жаман іске құмартып, керексіз әдеттердің құрбаны болады, бұларды жеңіп шығуға олардың ерік күші жетпейді.
Еркі күшті адам тек парасатпен, еңбегімен жақсы өмір сүріп қана қоймай, сондай-ақ шын мәнінде қаһармандық іс жасауға қабілетті болады. Ерік қуаты барлық психикалық үрдістердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі мүшелердің жұмысын жақсартуы естің ауруын, тіпті өлімнің келуін де тоқтатуы мүмкін. Ұлы Отан Соғысы кезінде өлімші болып жарақаттанған ұшқыш, өліп бара жатқанын сезседе, қолынан ұшақтың штурвалын жібермеген. Ол ұшақтағы жарақаттанған жандардың өзімен бірге өлетінін түсінген. Міне сөйтіп ерік күшінің кереметтігінен ұшқыш ұшақты қондырған.
Ерік үрдісі қарапайым және күрделі болады. Біріншіге белгіленген мақсатқа қалтқысыз баратын адамды жатқызуға болады оған неге және қандай жолмен бұған жететіні айқын болады. Бірақ түрлі жағдайлардағы, кейде қарама-қайшы мотивтерде әрекет мақсатын таңдап алуда жиі толқуға тура келеді немесе қалай әрекет жасау керектігін шешуде қиыншылықтарды бастан өткереді. Бұл жағдайларда ерік әрекеті күрделі сипатқа ие болып екі кезеңге бөлiнедi: 1) дайындық; 2) орындау кезеңі.
Дайындық кезеңіне қалау, мақсатты түсіну, кейде мотивтер күресі, қабылданған шешім жұмыс қандай жолмен жүргізілетіндігі жайында әдістерді таңдап алу кіреді. Мәселен, егер жас адамның жоғары оқу орнына түсуге үміті болса, ол жоғары білім алғысы келген мақсатын анықтайды, өзінің қайсы оқу орнына түсетіндігі қайсы факультетке баратындығы т.б. жайында мәселені шешеді, институтқа өзінің қалай дайындалатындығын: өз бетінше түсе ме немесе жоғары оқу орнының дайындық курсына түсе ме, осы жайында ойластырады. Осы мәселелердің барлығын ойластыра келгенде онда мотивтер күресі тууы мүмкін: бұлардың біреуі адамды күндізгі бөлімге түсуге ойыстырады, екіншілері кешкісіне түсуге икемдейді т.б.
Ақыры таңдау жасалады. Шешім қабылдаумен әрекет етудің дайындық кезі аяқталады. Бірақ бұл егерде бұдан кейін шешімді орындау болып табылатын екінші кезең келмесе әлі де ерік шешімі болмайды. Бұл мысалда мұны орындау қабылдау емтихандарын өткізу, белгіленген жоғары оқу орнына түсу болып саналады.
Ерік амалындағы мотивтер күресі әрекет мақсатын немесе жұмыс әдістерін таңдап алуда ғана емес сондай-ақ белгіленген әрекетке бөгеп жасайтын басқа тілектер туған осы мақсатқа жету үрдiсiнiң өзінде бола алады. Осы кезде борыш сезімі мен басқа ойысулардың арасындағы үрдiс жиі туады. Адамның еркі алға қойған мақсатқа жетуде бөгет болатын тілектерді жеңе білу қабілетінде, әрі оны қажымай-талмай жүзеге асыра білуiде болады.
Жеке бастың еріктік сапалары
Ерік әрекетін жасай отырып, адам іс-әрекет үрдісінде өз бойында жеке адам ретінде өзін сипаттайтын, әрі өмірі мен еңбегі үшін өте зор маңызы бар ерік сапаларын баулайды. Бір қасиеттер адамды неғұрлым белсенді етеді, бұл ми сыңарлары қыртысындағы қозу үрдістерінің басым болуына байланысты, басқа бір қасиеттер қажеті жоқ психологиялық үрдістер мен әрекеттерді тежеуге, кідіртуде, басуда көрініс береді.
1. Белсенділікке байланысты қасиеттерге тоқ тамға келгіштік, батылдық, табандылық дербестік жатады.
Батылдық дегеніміз - адамның үрейлену және абыржу сезімін жеңе білу қасиеті. Батылдық адам өміріне қауіп төнген сәттегі қимылдарда ғана көрініп қоймайды. Батыл адам күрделі жұмыстан, үлкен жауапкершіліктен сескенбейді, сәтсіздіктерден қорықпайды. Батылдық шындық өмірге ақылға қонымды, айқын оймен қарауды талап етеді. Кейде қиял адамға іс жүзінде жоқ қауіп қатерді елестетеді. Бірақ ерік күш-жігерін жұмсап ол негізсіз қуған үрейді басады да, керек деп санаған ісін орындап шығады.
Батыл адам әдетте ерлікке ие, яғни қауіп қатер сәтінде мойынсынбайды, өзінің жолында ұшырайтын қиыншылықтарды табандылықпен көтере біледі.
Табандылық дегеніміз бұларға жететін жол қандай ұзақ та қиын бола тұрса да, алға қойған мақсатқа жете білетін қасиет болып саналады. Табандылық ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуден көрінеді.
Дербестік дегеніміз басқаның ықпалына берілмей, адамның шешім қабылдап, белгіленген істі атқара білу қабілеті.
Дербес әрекет ету дегеніміз өздерінің іс-әрекеттерін ұжымның пікірі мен еркіне бағындармау деген сөз емес. Бірақ ақылға қонымсыз жолдастардың зиянды ықпалдары үшін адам өзінің сезімдерімен әрекет істесе және “табындық сезім” дегенге беріліп кетсе, істің жайы нашарлайды.
Ұстанымдылық немесе өзін-өзі билеу дегеніміз - адамның өзін-өзі ұстай білуі. Өзінің мінез құлқына толық бақылауды сақтай отырып, ол өзінің бойындағы қолайсыз ойысуларды, импульстік әрекеттерді, аффектілерді (мысалы ашу-ыза, үрей) жеңеді. Ұстамдылықтың болуы адамды өзіне сын көзімен қарайтын етеді, ақылға қонымсыз қылықтардан бойын аулақ салуға көмектеседі.
Адамның жоқшылық пен күйзелуді (ауруларға, аштыққа, суыққа, тым ауыр жұмыс жағдайларына шыдау) басынан өткере алуынан көмектесетін төзімділік пен шыдамдылық сияқты ерік қасиеттері де өзін-өзі билеуге жақын тұрады. Қиындыққа қарамастан еркі күшті адам қойған мақсатқа жету ісін жалғастыра береді.
Санамыздан мықтап орын алған әлеуметтік-психологиялық және экономикалық өзгерістерде көрініс тапқан көкейкестесті мәселелерімізбен бірге ХХІ ғасырға да еніп барамыз. Қазіргі халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени-әлеуметтік болып табылады. Осы заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының денсаулығына теріс әсерін тигізуде. Жұмыссыздықтың өршуі, отбасылық қатынастардың тұрақсыздануы, зорлық-зомбылықтың жүгенсіз насихатталуы қоғамның жүйкесін тоздырып, адамдар арасында әртүрлі аурулардың белең алуына жағдай жасап отыр. Бұл өз кезегінде стрестік жағдайды үдете түсуде. Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы «кернеу, қысым» дегенді аңғартады. Алғаш рет стресті ғылыми тұрғыдан сипаттаған канадалық ғалым Ганс Селье болатын (1936).
Стресс – кез-келген сыртқы әсерге тәннің жауап қайтаруы болып есептеледі. Яғни, стресс тосын жағдайда қанға қажетті гармондарды жедел іске қосу, басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |