Лекция Психологияға кіріспе



бет26/44
Дата30.10.2022
өлшемі271.41 Kb.
#463662
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Психология лекция жинак

Құрылымдық емес – кездейсоқ немесе субъективті шарттанған, әлеуметтік жүйенің дамуы мен жүзеге асуының заңдылықтарына байланысты емес қайшылықтар. Олар биліктегі жеке құрылымның немесе тұлғаның қызыметінің дұрыс атқарылмауынан, тұлға аралық, әлеуметтік топ, қауымдастық арасындағы өзара қатынастардың шиеленісуінен туындайды.
Қайшылық пайда болу факторларына қарай:

  1. Экономикалық қайшылық.;

  2. Саяси қайшылық.;

  3. Мәдени қайшылық;.

  4. Этноұлттық қайшылық.;

  5. Тұрмыстық қайшылық..

Қақтығыс субъектісі – қақтығысты оқиға құруға қабілетті, немесе қақтығысқа өз қызығушылығымен әсер ете алатын жеке адамды немесе әлеуметтік топ.
Қақтығыстық қатынастардың субъектілеріне байланысты, қақтығыстарды төмендегі түрлерге бөлеміз:

  1. Тұлға ішілік – жеке адамның өзімен өзі келіспеуі. Адам психикалық көңіл күіне байланысты, рөлді дұрыс атқармауынан, басқадан шамадан тыс тәуелді болуынан туындайды.

  2. Тұлғаның топпен арасындағы қайшылығы – тұлғаның топтан күткен, талап еткен және топта қалыптасқан мінез-құлықтары мен еңбек нормалары арасындағы қайшылық.

  3. Топтар арасындағы – қақтығыс жасаушылар әлеуметтік топтар болып табылады, бір-біріне сәйкес келмейтін мақсаттарды көзейтін, практикалық әрекеттері де бір-біріне сай келмейтін топтар арасындағы қайшылық.

  4. тұлға аралық қайшылық - екі немесе одан да көп, немесе топтар арасындағы сәйкессіздік, бұл көбіне ұйымда пайда болады., психологияда оны конфликт типі ретінде қарастырады. Тұлға аралық қақтығыстар ұйымның, жеке ұжымның психологиялық атмосферасына әсер етеді.

Тұлға аралық шиеліністердің пайда болуы мына төмендегілермен анықталады.

  1. еңбек процессі мен өндірістік жағдайлардан туындайды;

  2. ұжым мүшелердің тұлғалық ерекшеліктерінен;

  3. жағдайға тұлғалардың қатысынан;

  4. тұлға аралық қатынастарда психикалық өзгешеліктерден.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет