Лекция Психологияға кіріспе


Қақтығыстарды шешудің әдістері



бет27/44
Дата30.10.2022
өлшемі271.41 Kb.
#463662
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Психология лекция жинак

Қақтығыстарды шешудің әдістері:

Конфликтіні басқарудың міндеті - оның өршуіне жол бермеу және оның теріс салдарларын азайту. Басқару субъектісі - конфликтіде болған екі жақтың бірі немесе конфликтіге араласпаған, бірақ оның реттелуіне қызығушылығы бар үшінші жақ болуы мүмкін.
Конфликтіні шешудің әдістері:
1) конфликтіден қашу әдісі – бұл саяси аренадан немесе қызметтен кету, қарсыласпен кездесуден қашу және т.б. болуы мүмкін. Бірақ конфликтіден қашу оның жойылуын білдірмейді.
2) келісімге келу әдісі – бұл зорлық көрсетуден қашуды, өзара түсінушілікке жетуді, келісімге келу, серіктестікке жол ашуды ұсынады.
3) делдал (посредник) салу әдісі – бұл татуласу, достасу процедурасы. Практика көрсеткендей, сәтті таңдалған делдал тез арада конфликтіні реттей алады (бұл жағдайда делдалсыз конфликт өздігінен реттелуі мүмкін емес).
4) берілу әдісі – бұл көп жағдайда өз позициясын беру дегенді білдіреді. «Өз позициясын берген» жақ уақыт өте күш, ресурс жинай отырып, өз пайдасына жоғалтқанын қайтаруды талап етуі мүмкін.
5) арбитаж әдісі – қайшылықтарды қатаң түрде заң нормалары, халықаралық құқықпен басқару арқылы шешу.


4. Конфликтология және оның салалары
ХХ ғасырдың бірінші жартысында шетелдік психологиялық зерттеулердің негізігі бағыттардының ішінен дау-дамайлар төмендегіше іріктеледі.
-психоаналитьикалық (З. Фрейд, А. Адлер, К.Хорни, Э.Фромм);
-социотропты (У.Мак-Дугалл, С.Сигеле және т.б.);
-этологиялық (К.Лоренц, Н.Тинберген);
-топтық динамика теориясы (К.Левин, Д.Креч, Л.Линдсей);
- фрустрациялық-басқыншылық (Д.Доллард, Д.Берковитц, Н.Милллер);
-мінез-құлықтық (А.Басс, А.Бандура, Р.Сирс);
-социометриялық (Д. Морено, Э. Дженигс, О.Додд, Г.Гурвич);
-интеракционистік (Д.Мид, Т.Шибутани, Д.Шипегель).


Бақылау сұрақтары:

1. Тұлғаішілік, тұлғааралық, топаралық конфликтілер және оның ерекшеліктері қандай?


2. Топаралық конфликтілердің негізгі түрлерін атаңыз.
3. Конфликтіні шешудің тәсілдері қандай?
4. Конфликтіні реттеу және ескерту тәсілдерін талдаңыз.
5. Біздің өміріміздегі конфликтілер қалай өрбиді?.
6. Еңбек ұжымындағы конфликтіні реттеудің механизмдері және тәсілдерін түсіндіріңіз.
7. Конфликтінің даму сатыларын талдаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет