Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Ведомствалық демеушiлiк -



бет60/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   93
лекция 1-15

Ведомствалық демеушiлiк - бұл министрлiктер, ведомствалар, мемлекеттiк комитеттер лоббизмi /энергетика, агроөндiрiс, әскери-өндiрiс комплекстерi пайдасына демеушiлiк/.
Өлкелiк демеушiлiк - билiкке республика, өлке, облыс, аудан т.б. өкiлдерi тарапынан ықпал ету, өлке үшiн белгiлi бiр артықшылыққа ие болу.
Шетелдiк демеушiлiк - бұл шетелдiк «қысым тобының» қандай да бiр мемлекеттiк ұйымға белгiлi бiр шешемдi иелену мақсатында ықпал етуi.
Лоббизмнiң артықшылықтары:
 басқарушылық шешiмге ықпал ету, лоббизм мемлекеттiк ұйымдар мен басқармаларды «форманы сақтауға» мәжүр етедi, олармен белгiлi бiр деңгейде бәсекелеседi және жарысады, оларға динамика мен үйлесiмдiлiк бередi. Билiк тармақтарға бөлiнген жағдайда әрбiр тармақ лоббидi өз мақсатына пайдалана алады. Мәселен, АҚШ Конгресiнiң заңгерлерi ресми түрде белгiлi бiр мүдделi топтың лоббистiк кадрларымен әрiптестiк қатынаста болады, ал ол заңшығарушы билiктiң бағытын күшейтедi.
 лоббизм азаматтық қоғамды ұйымдастырудың құралы ретiнде әрекет етедi, оның көмегiмен қандай да бiр заң жобасы қоғамдық қолдауға немесе оппозицияға ұшырайды, саясатқа ықпал күшейедi. Лоббизм бұл жағдайда бюрократияның қарсыласы. Мемлекет нарықтық қатынас қалыптасуы жағдайында әр түрлi әлеуметтiк топтар мен қабаттардың мүдделерiн қорғау бiрте-бiрте кейiн шегiндiрiле бередi, бұл вакуумды азаматтық қоғам құрылымдары толтықтырады.
 лоббизм азшылық мүддесiн қорғауға мүмкiндiк жасайды, немесе саяси плюрализмдi қалыптастырады.
 лоббизм әлеуметтiк мемлекеттiк емес құрылымдардың-ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, қабаттар бостандығы қағидасын ендiредi. Демеушiлiк көмегi арқылы олар өз проблемаларын шешуге тырысады және бұндай шешiмдердi таңдау жолдары мен тәсiлдерiне ие болады.
 бұл қандай да бiр мақсат пен мүдделердi өмiрге ендiрудi жеделдетуге бағытталған, тиянақты әрекетке ынталандырушы әлеуметтiк-саяси қызықтырудың өзiндiк құралы. Бұл бағытта лоббизм саясаттағы қандай да бiр процесс пен құбылысты белсендiру тәсiлi боып табылады.
 лоббизм қабылданушы шешiмнiң ақпараттық және ұйымдастырушылық базасын кеңейтуге мүмкiндiк жасайды және «айқайлаушы» проблемаға көңiл аудартады. Лоббистер мемлекеттiк билiк ұйымдарын ақпараттар ағымымен қамтамасыз етедi, сондықтан да оларды ақпарат «саудагерлерi» деуге болады.
 лоббизмдi өкiлдiлiк және атқарушы билiктердiң өзара әрекеттерiнiң құралы ретiнде қарастыруға болады. Билiктiң тармақтарға бөлiнуi оларды бiр-бiрiне қарсы қоймайды, тек қызметтiк сипатқа ие болады.
 лоббизмдi келiсiмге жету құралы, өзара салмақтылық тәсiлi, әр түрлi мүдделердiң қолданылуы ретiнде бағалауға болады.
Лоббизм кемшiлiктерi:
 лоббизм отандық мүдделерге зиянын тигiзiп, шетелдiк мүдде-лердi басым қанағаттандырудың құралы болуы мүмкiн.
 лоббизм кейде мемлекеттiк ұйымдарға заңсыз қысымдардың себепкерi болады. Мұнда оның билiктiң фундаментiн шайқалтатын қылмыстық түрлерi /жемқорлық, сыбайластық, т.б./ туралы айтуға болады.
 лоббизм «арнаулы мүдделердi» қанағаттандырудың қолайсыз формалары ведомствалық, жергiлiктiк, ұлтшылдық т.б. факторларының күшейуiне алып келедi.
 лоббизм қоғамдағы халықбилiгi бастауларына аз қауiп төндiрмейдi, яғни демократиялық институттарды жекелеген билiк топтарының күштi құралына айналдырады.
 лоббистiк шаралар белгiлi бiр жағдайда және әлеуметтiк әдiлетсiздiк қалыптасуы формасында өтедi. Мәселен, батыстық кейбiр мемлекеттерде лоббизм бизнесi басқа құрылымдарға қарағанда әлде қайда жоғары. Мұндай қайталанушы ахуалдар жағдайды тұрақсыздандыруға, шиеленiстiң өсуiне мүмкiндiк тудырады.
 лоббизм қажеттi басқарушылық шешiмдi жаулап алады, қоғамдық құнды мүдделердiң қанағаттандырылуына кедергi жасайды, шенеунiктер мүддесi жүзеге асуына мүмкiндiк бередi.
 бұл тәсiл кейде мемлекеттiк саясаттың тұрақтылығы мен белсендiлiгiне кедергi жасайды, бюджеттi тұрақты түрде қайтабөлуге, билiктiң бiр тармағының күшейуiне, қалғандарының әлсiреуiне алып келедi.
лоббизм кейбiр қабаттардың, элитаның байуының құралы. «Лоббизм- бұл билiктегi күштi адамдар тобының бар мүмкiн шараларды материалдық ресурстар мен игiлiктердi қайта бөлу үшiн пайдаланулары» /М.Малютин. Лоббизм- всего лишь средство обогащения. //Известия, 1994, 16 ноябрь/.
Лоббизм барлық әлеуметтiк құралдар сияқты не бүкiл қоғам игiлiгi үшiн, не жекелеген партия, топтар пайдасы үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Бұның барлығы әлеуметтiк-экономикалық, саяси, мәдени дамуға, лоббизмнiң артықшылығы мен кемшiлiгiн шығаратын қолайлы жағдайларға тәуелдi. Лоббизм қоғамға пайда әкелуi үшiн мына жағдайлар қалыптасуы шарт: демократиялық институттар мен нормалардың шынайы әрекетi, экономикалық және саяси тұрақтылық, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсiздiгi, тұрақты азаматтық қоғам т.б. Осы факторлар қалыптасқан жағдайда ғана лоббизм жалпыәлеуметтiк режим және қоғамдық мүдде үшiн жұмыс iстей бастайды.
Лобби - белгiлi бiр заң жобаларына, қабылданатын шешiмдерге ықпал ету мақсатында әрекет ететiн ерекше саяси ұйым. Ол қысымшы топтың бiр түрiне жатады. Саяси, қоғамдық қайраткермен жақсы қатынастар орнатып, солар арқылы үкiметтiң табысты тапсырмаларын алуға, заң жобаларына өздерiне керектi өзгерiстер жасауға және т.с.с. күш салады. Бұл мақсатта неше түрлi әдiс-тәсiлдi пайдаланады /Д.А. Жамбулов/.
Лоббизмнiң түрлерi:
Лоббизмнiң мынадай формалары қалыптасқан: тiкелей лоббизм,
жанама лоббизм.
Тiкелей /iшкi/ лоббизмде лоббист пен мемлекеттiк билiк немесе ресми билiк өкiлдер арасында тiкелей байланыс орнайды.
Тiкелей лоббизм мынадай тәсiлдерi арқылы ерекшеленедi:

  1. Заңшығарушылармен жеке кездесу.

  2. Тыңдауларда сөз сөйлеу, пiкiрiн бiлдiру.

  3. Заң жобасын даярлауда кәсiби кеңестер беру, көмектер ұйымдастыру.

  4. Заңшығарушыларды әр түрлi кездесулерге шақыру.



Лекция-11. Саяси мәдениет пен мінез-құлық.



  1. Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері. Саяси мәдениет құрылымындағы саяси дәстүр, саяси миф, саяси стереотип, саяси символика. Саяси мәдениеттің деңгейлері: дүниетанымдық, азаматтық, саяси. Қоғамның саяси мәдениеті мен саяси субмәдениеттердің арақатынасы.

  2. Саяси мәдениет типологиясының критерийлері. Саяси мәдениеттің негізгі үлгілері. Саяси мәдениеттердің батыстық және шығыстық типтерінің ерекшеліктері.

  3. Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет – қазіргі жағдайы мен даму үрдістері.

  4. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары. Саяси мінез-құлық пен саяси қатысу – түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет