Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйенiң қалыптасуы



бет58/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   93
лекция 1-15

Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйенiң қалыптасуы.
Қазақстандағы «Саяси партиялар туралы» бірінші заң 1996 жылы 2 шілдеде қабылданған болатын. Қазақстандағы саяси өзгерістерге және демократиялық қоғам орнату талаптарына сәйкес Парламент 2002 жылдың 15 шілдесінде «Саяси партиялар туралы» жаңа заң қабылданды.
Қазақстан Республикасында көппартиялық жүйе қалыптасуын қазақстандық саясаттанушы ғалым М. Машан мынадай кезеңдерге бөліп көрсетеді:

  1. 1986 жылдың аяғы мен 1990 жылдың басы (ресми емес бiрлестiктердiң қалыптасуы);

  2. 1990 жыл мен 1991 жыл тамыз (партиялардың, қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуы);

  3. 1991 жылдың тамызы мен 1993 жылдың қаңтары (КПСС таратылуы, КСРО-ның тарауы, тәуелсiз ҚР құрылуы, саяси партиялардың тiркеуден өтуi, азаматтардың саяси белсендiлiгiнiң артуы);

  4. 1993 жылдың қаңтары мен 1995 жылдың тамызы (бiрiншi қабылданған ҚР Конституциясынан жаңа Конституциясына дейiн);

  5. 1995 жылдың тамызы 1996 жылдың шiлдесi (жаңа қабылданған ҚР Конституциясынан ҚР саяси партиялар туралы Заңына дейiнгi кезең);

  6. 1996 жылдың шiлдесiне 2002 жылдың қыркүйегiне дейiнгi кезең.

  7. жаңадан ҚР саяси партиялар туралы Заңының қабылдануы (2002 жыл 19 қыркүйек).

Қазақстан Республикасындағы саяси өмiр мен азаматтық қоғамның қалыптасу процесi демократияландырудың заңдылықтарының сақталынып отырғандылығын көрсеттi. Дегенмен мынадай қиындықтар да кездесуде:
1 көппартиялық жүйенiң жылдам және аз уақытта қалыптасуы;
2 өтпелi қоғамдағы саяси факторлардың көшбасшылық рөлi реформаның жоғарыдан жасалынуына байланысты болуы.
3 қоғамның саяси жүйесінде қайшылықтың барлығымен байланысты.


Қоғамның саяси өмірінде қоғамдык-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің пайда болуы мен эволюңиясы. Қазақстандық қоғамның сяаси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі. Қоғамдық Ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуы, белгiлерi мен қызметтерi. Қоғам мүшелерiнiң белгiлi бiр тобының мүддесiн бiлдiрiп, қорғайтын, алдына қойған мақсатқа жету үшiн ерiктi түрде мүшелiкке кiрген, оған материалдық көмек көрсететiн өзiн-өзi басқаратын адамдардың бiрлестiгi қоғамдық ұйымдар деп аталады. Олардың қоғамдық мәртебесi мемлекеттiк заңда және өзiнiндiк жарғыларында анықталынады. Оларға БҰҰ, Еропалық Экономикалық Одақ т.б. жатады.
Қоғамдық ұйымдар сан алуан болып келедi. Оларға: партиялар, кәсiподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтiк бiрлестiктер, шығармашылық одақтар, ерiктi қоғамдық, ғылыми-техникалық, мәдени, ағарту, спорттық, қорғаныс ұйымдары жатады. Осы қоғамдық ұйымдар арқылы көптеген адамдар қоғамды өзiн-өзi басқаруға қатысып отырады.
Қоғамдық-саяси қозғалыс дегенiмiз бұл өздерiнiң әлеуметтiк, саяси, экономикалық, рухани мүдделерiн жете түсiнген қалың бұқара халықтың қауымдастығы. Қоғамдық-саяси қозғалыстар- бұл мемлекеттiк және партиялық құрылымдарға тiкелей кiрмейтiн, алайда саяси өмiрге ықпал ететiн саяси құрылымдар. Сонымен саяси қозғалыстар дегенiмiз өкiмет билiгi үшiн күрес арқылы қазiргi жағдайды өзгертуге немесе үкiметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштер. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмашылығы ол өкiмет үшiн немесе үкiметтi жүзеге асыру тәсiлiне ықпал ету үшiн күреседi, яғни ол бұл жолда саяси тәсiлдердi пайдаланады.
Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегiдей саяси жағдайлар себеп болды: 1. Жеке адам өз ойын, көзқарасын өкiмет орындарына тiкелей жеткiзе алмайды, сондықтан да өз сияқтылармен топтасады; 2. Экономикалық және әлеуметтiк қайшылықтар, наразылықтар себеп болады; 3. Ұлттық мәселелердiң шешiлмеуi. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» ұйымдары солай құрылды; 4. Саяси қозғалыс көпшiлiк саяси партияны құру жолында алғашқы саты болып табылады.
Қоғамдық ұйымдар былайша сипатталынады:

  1. оған мүшелердiң байланыс жүйесi мен мүдделерiнiң ұқсастығы;

  2. iшкi ұйымдық құрылымы /ресми немесе бейресми/;

  3. жалпы мақсат үшiн шешiм қабылдау қабiлетi;

  4. әлеуметтiк бақылау жүйесi, сол қоғам мүшелерiнiң өзара әрекетiн қамтамасыз етушi.

Қоғамдық саяси қозғалыстардың белгiлерi арқылы жiктелiнедi:

  • таптық белгiсi бойынша - шаруалар, жұмысшылар, фермерлер;

  • идеологиялық белгiсi бойынша - коммунистiк, либералдық, социалистiк, дiни;

  • ұлттық белгiсi бойыншы- интернационалдық, ұлтшыл-патриоттық т.б.;

  • жас және жыныс белгiсi бойынша - әйелдер, жастар, ардагерлер қозғалыстары.

қоғамдық саяси қозғалыстар - бұл мемлекеттiк құрылымдар жанынан құрылатын, саяси шешiмдерге тiкелей, тура әсер ететiн ұйымдар:

  • лобби, күш көрсету топтары. Олардың негiзгi мiндетi - болашақта солардың шешiмдерiне ықпал ете отырып, саяси қайраткерлермен және шенеунiктермен байланыстар орнату;

  • ұйымдар, кәсiподақтар кәсiпкерлер одақтары, тұтынушылар қозғалыстары. Бұлар үшiн саяси қызмет тұрақты болып табылады;

  • табиғатынан стихиялы болып табылатын қозғалыстар.

қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметтерi мыналар:

  • қоғамдық пiкiрлердi, қоғамның әр түрлi әлеуметтiк топтарының көңiл-күйiн бiлу;

  • билiк құрылымдарының қызметтерiне бақылаулар орнату;

  • жеке адамды саяси әлеуметтендiру;

  • жеке адамның азамат ретiнде қалыптасуы;

  • қоғамдық өмiрдi нақты жеке адам мен әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн жүзеге асыру;

  • саяси шешiмдердi қабылдауға қатысу.

Қоғамдық қозғалыстардың iшiндегi кең тарағаны Халық майдандары, олардың түрлерi мынадай:

  1. Ұлт азаттықты алу үшiн құрылған саяси күштер. Африка және Азия елдерiнде ұлт азаттықты алу үшiн құрылған алық майданы қозғалыстары.

  2. Саяси билiктi алу үшiн немесе өздерiнiң саяси мақсаттарына жетуге күштерi жетпеген кезе саяси партиялар немесе олардың көсемдерi құрған халық майдандары;

  3. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшiн құрылған халық майдандары.

Белгiлi жастар қозғалыстарына металистер, фанаттар, панкiлер, хиппилер, рокерлер, пацифистер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет