2 Саяси партия типологиясы. Саясаттану ғылымында саяси партиялар жiктемесi көптеп кездеседi. Мәселен, марксистер жiктеудiң негiзгi өлшемi ретiнде партияның таптық табиғатын алады, институттық тұрғыны жақтаушылар ұйымдық-құрылымдық өлшемдi алады, функционалистер партияның ең басым және орындау мүмкiндiгi бар қызметiн негiзге алады, либералдық бағыт партияның идеологиялық және саяси сипатының маңыздылығын айтады.
Саясаттану ғылымында М. Дюверженiң саяси партия концепциясы классикалық деп танылған. Ол партияны кадрлық және бұқаралық деп екiге бөледі.
Кадрлық партия демократия дамуымен, сайлау құқығы мен принциптерi енгiзiлуiмен бiрге келдi. Бұл партияның негiзгi қызметтi сайлау компаниясын өткiзу. Партияның негiзгi мақсаты көп мүшелердi иелену. Кадрлық партиялардың ұйымдары әлсiз, құрылымы нақты емес, жергiлiктi ұйымдарының дербестiгi басым, депутаттық фракция басқа депутаттардан тәуелсiз болады. Кадрлық партияға АҚШ-тағы Республикалық және Демократиялық партиялар жатады.
Бұқаралық партияға европалық барлық социалистiк, христиандық-демократиялық, коммунистiк, ұлттық-социалистiк партиялар жатады. Бұқаралық партиялар қатал тәртiпке ие. Демократиялық орталықтандыру принципiне тәуелдiлiк бұл партияларды бiртұтас еттi. Бұқаралық партиялар саяси жүйеге ең ықпалды партия. Парламенттiк сайлау барысында тығыз ұйымдық құрылымға ие бола отырып, жеңiске оңай жетедi.
Дж. Сартори саяси партияның мынадай типологиясын ұсынады:
1 парламенттiк-электораттық партия;
2 ұйымдық-бұқаралық партия;
3 электораттық-бұқаралық партия.
Саясаттану ғылымында саяси партияның мынадай типологиялары да кездеседi:
1 әлеуметтiк ақиқаттылыққа қатынасына қарай: революциялық, реформистiк, реакционерлiк, консервативтi;
2 идеологиялық бағытына қарай: социал-демократиялық, коммунистiк, либералды, консервативтi, дiни, монархиялық, ұлттық, фашистiк;
3 саяси билiкке қатысуына қарай: билеушi, оппозициялық, жария, жартылайжария, жасырын;
4 саяси темпераментiне қарай: оңшыл, центристiк, солшыл.
Достарыңызбен бөлісу: |