Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



бет65/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93
лекция 1-15

8 Қорғау қызметi  қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетiн саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
2 Саяси мәдениеттiң жiктелуi. Қоғамдық жағдайға және ондағы қалыптасқан саяси үлгiлер мен ережелерге байланысты әр елдiң саяси мәдениетi өзгешеленедi, ерекшеленедi. Ал, оларды анықтау үшiн ең алдымен, кең мағынадағы эмпирикалық зерттеулер жүргiзу керек, содан соң ғана салыстырмалы-саяси талдау арқылы ерекшелiктерiн сипаттауға болады.
Соңғы кезеңдерде саяси мәдениеттi дамыған, не дамымаған ел деп екiге бөлу арқылы олардың деңгейiн анықтау саясаттанушылардың арасында кең тарай бастады. Бұл жiктеудiң өлшемi көбiнесе мемлекеттiң жалпы даму деңгейiмен байланыстырылады. Мәселен, АҚШ, Германия, Франция, Англия дамыған саяси мәдениеттерге ие десе, көптеген елдердi оған жатқызбайды.
Саяси мәдениеттiң саясаттануда үлкен модельдерi бар: тоталитарлы, авторитарлы және либералды-демократиялық. Тоталитарлы қоғамның кезiнде мемлекеттiк билiк барынша тұтастанып, қоғам мүшелерi қатаң бақылауға алынады. Фашистiк және коммунистiк типтегi тоталитарлы қоғамдар көсем (лидер) басқаратын саяси билiктi әмбебаптандырады. Тоталитарлық үрдiстер экономикалық қатынастардағы шаруашылық субъектiлер «этатизациялануын» сипаттайды. Бұл жердегi негiзгi аргумент-тиiмдiлiктi арттыру. Бұл мағынада қоғам кейбiр экономикалық жетiстiктерге де жетедi.
Авторитарлық (өктемшiлдiлiк) қазiргi кезеңде өзiнiң тарихи «ататегi» – автократия мен тираниядан сапалы түрде айырмашылықтарға ие болған. Өйткенi ежелгi заманда билiктi аздаған адамдар көп емес кiсiлердiң мүддесiне орай жүргiзсе, қазiргi авторитарлық көпшiлiктiң атынан топ күйiнде билiктi жүргiзедi. Сөйтiп, деспоттық принциптерiне сүйенген қоғам бiрте-бiрте ендi халықты алдап-сұлдап (манипуляция) билiк жүргiзуге ауысқан. Жаңарудың ең оңай түрi «халық мүддесiн» қорғау жайлы науқанды iс-әрекеттер жасау екенiн авторитарлы типiндегi мемлекеттердiң басқару органдары жақсы түсiнiп алған. Бұл әлеуметтiк-саяси өзгерiстердiң түптамыры XX ғасырдағы әлеуметтiк революция-лармен астасып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет