Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



бет86/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93
лекция 1-15

Геосаясат. Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы − саяси күштердің орналасуымен және олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси өмірінің кеңістікте ұйымдастырылуының өзара байланысымен белгіленеді. Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың қүралын көреді. «География мемлекеттердің сыртқы саясатындағы анағұрлым іргелі факторы, өйткені ол мейлінше тұрақты, өзгеріссіз сипатымен ерекшелінеді. Министрлер келеді және кетеді, тіпті диктаторлар да қайтыс болады, ал тау тізбектері өзгеріссіз қалады» − деп жазады американдық геосаясаткер Спайкмен.
Осы заманға түсініктегі геосаясат – негізінен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында халықаралық қатынастардағы және сыртқы саясаттағы қисынға байланысты.
Чжень Кунь Фу геосаясат туралы ойын былай білдіреді: «геосаяси тұрғыда ойлау − өркениеттің гүлденуімен бірге туындады және географиялық аумақ пен жұтаң ресурстарға бақылау жасау жолында ғаламдық жарыс тұрғысында дамып отырды».
Геосаясаттын негізін салушының бірі  неміс ғалымы Фридрих Ратцель. Ол өзінің «Саяси география» атты еңбегінде, мемлекет  бұл топыраққа тамырландырылған тірі организм деп жазады. Мемлекет  бұл кеңістіктік құбылыс, сол кеңістікпен басқарылады және тіршілік етеді, оны сипаттайтын, салыстыратын, өлшейтін география деп жазады. Ол бірінші болып ірі елдерде географиялық экспансия тенденциясы пайда болатындығын айтты. Нағыз әлемдік держава оның ойынша теңізге ие елдер − Рим, Испания, Англия болады. Мемлекеттің кеңеюі немесе тарылуы − табиғи процесс,өмірлік циклмен байланысты. Ф. Ратцель мемлекеттің кеңістіктік дамуының мына жеті принципін атап көрсетті:

  • мемлекет кеңістігі оның мәдениеті дамуымен бірге өседі;

  • мемлекет өсуі сауда мен қоғам өмірінің барлық саласы дамуын қажет етеді;

  • мемлекет өсуі ұзақ мемлекеттерді қосып алу арқылы жүзеге асады;

  • шекара  бұл мемлекеттің перифериялық органы, ол оның өсуінің, күші мен әлсіздігінің белгісі, ол оның организміне өзгеріс әкелу мүмкіндігі;

  • мемлекет өзіне қоршаған ортаның ең құнды элементтерін иеленуге тырысады: жағалау аймағын, өзен аңғарын, ресурсқа бай ауданды;

  • территориялық даму дамыған өркениеттен келеді;

  • бірігу тенденциясы − мемлекеттің өзіндік сипаты, барлық уақытта өз күшінде болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет