1700 Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындары табысты жұмыс істеуде.
Екі онжылдықта Ресейдің әскери жооларында 4 мыңнан астам қазақстандық офицерлер даярланды.
Әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың түрлі аспектілері бойынша 60-тан астам бірлескен келісімдер жүзеге асырылуда.
Алтыншыдан, Қазақстан мен Ресей іс жүзінде ортақ рухани-өркениет өлшемінде өмір сүруде.
Ғылыми білім беру, сол сияқты, гуманитарлық мәселелер жөніндегі Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылдар аясы кеңеюде.
Шамамен 20 мыңдай қазақстандық жас азаматтар Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Омбының, Екатеринбургтің, Новосібірдің, Томның және Ресейдің басқа да бірқатар қалаларының ЖОО-ларында білім алуда.
Қазақстан және халықаралық ұйымдар. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі маңызды тарихи оқиға болды. Бұл елімізді тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қауымдастық қатарына қабылдануын ресми тұрғы бекіту болып табылады. Қазақстанның і әлемдік қауымдастық алдында беделі өсуіне 1991 жылы Семей ядролық сынақ алаңын жабуы мен 1992 жылы Лиссабонда «Ядролық қаруды таратпау» туралы шартқа қол қоюы ықпал етті. Бұл Қазақстанға БҰҰ Бас Ассамблеясында халықаралық қауіпсіздік проблемасын көтеруге мүмкіндік берді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлы мемлекеттер – КСРО, АҚШ және Англия бастамасымен 1945 жылы шілде айында Сан-Франсиско конференциясында құрылды. Конференцияға КСРО, АҚШ, Англия, Қытай мемлекеттері шақыруымен фашистік Германия мен империалистік Жапонияға қарсы соғысқан немесе оларға соғыс жариялаған елдер қатысты. Конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставы қабылдады, мақсаттары мен міндеттері белгіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб пәтері Нью-Йорк (АҚШ) қаласында орналасқан. Оның Еуропа бөлімінің тұратын орны – Женева қаласы. БҰҰ-на алғаш 51 мемлекет кірді, қазір мүшелер саны 189-ға жетті. БҰҰ-ның негізгі және тұрақты органдары − Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік Кеңес, Бақылау Кеңесі, Халықаралық сот және Секретариат болып табылады. БҰҰ-ы талқыланған мәселелер жөніндегі шешім Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері бір ауыздан қолдағанда ғана толық қабылданды. Шешімнің бір ауыздан қабылдану принципі қандай да болса бір мемлекеттің БҰҰ-на билік жасауына мүмкіндік бермейді. Біріккен Ұлттар Ұйымын құрудағы негізгі мақсат мынада:
Дүние жүзіндегі халықаралық бейбітшілікті орнату;
Ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту;
Халықаралық әлеуметтік, экономикалық, мәдени және гуманитарлық проблемаларды шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |