Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Саяси мінез-құлық пен саяси қатысу – түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі



бет69/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93
лекция 1-15

Саяси мінез-құлық пен саяси қатысу – түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі. ХХ ғасырдың басында әлемде мінез-құлыққа көңіл бөлу өзінің маңыздылығын күшейте түсті. Бұл, саясаттанудың саясат пен саяси қатынастарды жеке адам мен топтар мінез-құлқы арқылы арқылы зерттейтін бихевиористік (bechavior – мінез-құлық деген ағылшынсөзінен шыққан) бағытын қалыптастырды. Бихевиоризмнің кейбір идеяларын алғаш рет саяси ғылымдарға Артур Бентли (1870-1957жж.) «Басқару процесі» (1908ж.) атты кітабында ендірді. Бұл бағыт саяси психологияның негізгі принциптеріне сүйенетін, саяси мінез-құлықтың қырларын аша түсінетін ілім болып табылады. Бихевиоризмнің негізгі ұстанымы, саясаттану нақты ғылыми, эмпирикалық әдістер көмегімен тікелей бақыланатын адамдардың саяси мінез-құлқын зерттеуі тиіс. Саясаттанудағы бұл тұрғының негізгі парадигмалары мыналар:
- саясатты тұрғалық өлшеу;
- саяси мінез-құлықтағы психологиялық мотивтің үстемдігі;
-фактілер мен құндылықтарды бөлу, ғылымды құндылықтық талқылаудан ажырату;
- саясаттануда басқа ғылымдардың әдістері мен жетістіктерін пайдалану.
Саяси мiнез-құлықтар iшiндегi ерекше мәндiлерi мыналар:

  • реакция, адамдардың саясаттағы әрекеттерi сыртқы ықпалдарға жауаптары болып табылады, бұл жағдайда белсендiлiк көздерi басқа адамдар мен институттар болады;

  • кезеңдермен қатысу, сайлау арқылы билікке өкілдерін жіберумен байланысты;

  • саяси ұйымдар, қозғалыстар мен партиялардың қызметтеріне қатысу;

  • мемлекет ұйымдарда саяси қызметтер атқару: әскери, мемлекеттiк басқару, қауiпсiздiк сақтау ұйымдар қызметiне қатысу;

  • саяси жиналыстарға қатысу, саяси ақпараттарды жинау және тарату, саяси пiкiр-сайыстарға қатысу;

  • тiкелей әрекет, саяси институттардың қызметі мен өзгеруіне саяси қызметтiң митинг, демонстрация, төңкерiс, аштық, бойкот сияқты формалары арқылы ықпал ету;

  • саяси процестер барысына хаттар мен жолдаулар, саяси лидерлер мен мемлекет пен саяси ұйымдар мен қозғалыстар өкiлдерiмен кездесу арқылы ықпал ету.

Әлеуметтiк мақсаттар саясат субъектiлерiнiң iс-қимылдарының мотивтерi (ниеттерi) болып келедi. Ал, ол кезегiнде саяси мүддеге сүйенедi. Саяси мүдде – бұл саяси iс-қимылдың, әрекеттiң түпкi себебi болып табылады. өздерiнiң саяси мүдделерiн анықтауға тырыспаушылық мәселесi өтпелi кезеңде кездесетiн құбылыс. Бұл саяси қатысуды тежеп, бұқараның бiр бөлiгiнде саяси мәдениеттiң төменгi деңгейде қалуына әкелiп соқтырады. Қазiргi кезеңде бұқаралық сана деңгейiнде әлеуметтiк-саяси мақсаттар азаматтардың саяси қатысуының бiрден-бiр мотивi болып есептелмейдi. Дегенмен, саяси қатысу мотивтерi: азаматтық борыш, ақпарат, келiспеушiлiк пен мақсаты жүзеге асыру талпынысы болуы мүмкiн.
Саяси мiнез-құлық сипаты мүдде мен ниеттемеге (мотивация) ғана тәуелдi емес, оның негiзi сыртқы қоздырғыштар да болуы мүмкiн, мәселен:

  • рөл, бұл мiнез-құлықтың формальды шеңберi, оны саяси әрекетке қатысушы өзi үшiн таңдайды немесе белгiлi бiр жағдайлар итермелейдi;

  • статус, аталған субъектi үшiн мүмкiн, саясатта қолдануға дайын саяси мiнез-құлық, қызмет моделдерi мен түрлерi;

  • әлеуметтiк немесе саяси қауымдастыққа ену, соның негiзiнде оның мүшелерiмен белгiлi бiр қатынастар жасауы;

  • ұйым жұмысына қатысу, саясаттағы рөлдердi атқару үшiн.

Саясаттануда саяси мiнез-құлықты талдаудың тұрақты дәстүрi қалыптасқан, ол саяси мiнез-құлықтың саналы және санадан тыс импулстiк формалары барлығын айтады. Бұл азаматтардың саяси мәдениетi түрiне тiкелей тәуелдi. Саяси мәдениет төмен болған сайын саяси мiнез-құлықта көңiл-күйлiк анық байқалады. Мұнда кейбiр саяси жетекшiлiр мен ұйымдар халықты саяси манипуляциялау арқылы, өз мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланады.
Кез келген ұжымдық әрекеттегi сияқты адамдар саяси мiнез-құлықта да мына төмендегiдей топтарға бөлiнуi мүмкiн:

  • лидерлер, саяси қозғалыстар мен ұйымдарды басқарушылар. Лидерлік сипат, адамдарға ықпал ету тәсiлдер мен iзбасарларды ұйымдастыру формасы әр түрлi болуы мүмкiн;

  • белсендiлер, лидерлер мен қолдаушылар арасындағы делдалдар. Олар қозғалысқа қатысушыларды ұйымдастырады, лидерлерді тұрақты түрде жеткен жетiстiктер мен қиындықтар туралы ақпараттармен қамтамасыз етiп отырады, бұқара мiнез-құлқының стратегиясы мен тактикасына мәндi өзгерiстер ендiредi;

  • iзбасарлар, олардың мiнез-құлқы белсендiлiк пен қатысудың әр түрлi деңгейiмен сипатталады. Олар лидерлер ұсынған мақсаттар мүдделерге сай деп есептейді, әрі саяси қызметке қатысу стимулын нақты бiледi;

  • пiкiрлер жетекшiсi, олар қатысушылар мiнез-құлқына ұйым қызметi арқылы ықпал етпейдi, олар өз интелекттiк қызметiмен ықпал етедi.

Кейбiр еңбектерді саяси мiнез-құлықты саяси иммобильдiлiк, саяси апатия, саяси бойкот, аномия, абсентизм сияқты ұғымдармен байланыстарады. Саяси иммобильдiлiк- адамның саяси қатынастан шығуын, қоғамдық даму деңгейiнiң төмендiгiмен сипатталынады; саяси апатия- саяси жүйеге жағымсыз қатынас, онымен әрiптесудiң кез келген түрiнен бас тарту; саяси бойкот- саяси жүйе мен оның институттарына жауласушылықты ашық бiлдiру; аномия- мiнез-құлықты реттеушi және бағыттаушы норманың бұзылуы, жойылуы; абсентеизм- халықтың саяси өмірге немқұрай, селсоқ қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы.
Көпшiлiк саяси процестерде адамдар белгiлi бiр ұйымның мүшесi ретiнде ғана қатысып қоймайды, кейде кездейсоқ, уақытша қатысулары да мүмкiн. Бұндай жағдайда бола отырып олар бұқараның ерекшелiктерiн иеленедi:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет