Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Саяси сананың атқаратын қызметтері



бет71/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93
лекция 1-15

Саяси сананың атқаратын қызметтері:
1. қоғамдық сана саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелейді;
2. субъектілердің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы, оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар береді;
3. саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру және іс-әрекеттерге итермелеу.
Саяси сана қарапайым саяси сана, теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстык) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүр, нанымдар жиынтығы. Ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана саяси тұжырымдар мен көзқарастарды теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді және олардың жүйесін қалыптастырады. Теориялык саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.
Саяси психологияға саяси өмір негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады.
Саяси идеологияны анықтаудағы түрлі әдістер. Саяси идеологияның мәні мен белгіленуі. Қазіргі негігі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, марксистік дәстүр мен халықаралық социал-демократия.

Саяси идеология мемлекеттiң және маңызды саяси институттардың қызметтерiн бағыттаушы саяси сананың ең ықпалды формаларының және билiктiк қатынас мазмұнына ықпал етушi, әрi белгiлi бiр топтың рухани құралы. Саяси идеология ұғымы саяси процестердегі маңызды көзқарастарды, саяси саланың дамуындағы заңдылықтарды ашып көрсетеді.


Саяси идеология ұғымы /оны ағартушылық дәуiрiнiң философы француз Антуан Дестют де Трасси енгiздi/ пайда болғалы ғылымда оның мазмұны әртүрлi түсiндiрiлдi. Мәселен, В.Парето саяси идеологияны «сезiм тiлi» болып табылатын интеллектуалдық жүйе және адам iс-әрекетiнiң оятушы мотивiн безендiредi деп есептедi. Бұл мағынада идеологияның мәнi адамдық көңiл-күйге теориялық форма беретiн сиқырлы сөздiк бүркенiш болуында. Идеология теориясының негiзiн салушы К.Маркс одан ең алдымен қоғамдық тұрмыс пен өндiрiстiк қатынас қарама-қайшылығынан туындаған елестiк сана формасын ғана көрдi. К.Маркс замандасы К.Мангейм идеологиядан «ерiктi мистификация» жүйесiн көрдi. Бiрақ ол идеологияның қызметтiк сипатына, әсiресе адамдарды бiрiктiру қабiлетiне, саяси энергияны аккумуляциялауына ерекше мән бердi. Бұл идеяларға қарама-қарсы пiкiр бiлдiрген Д.Истон мен А.Конноли, олар идеологияның көңiл-күйлiк жағынан гөрi құндылықтық мазмұнына ерекше мән бердi. У.Матц идеология тек күрделi саяси дағдарыстар кезiнде ғана саяси аренаға шығады деп есептейдi, ал А.Хабермас идеология мен бұқаралық мәдениет бiр деп санайды. Американдық теоретик Л.Саджент идеология саяси дамудың белгiлi бiр мақсаттары мен құндылықтарын қалыптастырады, сонымен бiр уақытта практикалық мәселелердiң шешiлуiн қиындатады деген. Г.Лассуэл идеологияны саяси бiрлестiктердi қандай да бiр қолдауға бағытталған коммуникацияның көптүрлiлiгi деп түсiндiрдi. Оның ойынша бұл мағынада ол өзiне қоғамдық санаға бағытталған мынадай элементтердi қамтиды: саяси доктриналарды, саяси формуланы /конституцияның негiзгi ережелерiнiң мазмұны/ және саяси миранданы /аңыздар, мифтер, рәсiмдер т.б./.
2. Саяси идеологияның негiзгi қызметтерi мен түрлері. Саяси идеология қызмет-терiне мыналарды жатады:
1. қоғамдық сана мен практиканың тарихи формасына ие болу;
2. санадағы өткендi, осы кезеңдi және болашақты бағалауларға өзiндiк өлшемдерді ендiруі;
3. қоғамдық санада өзі ұсынған саяси дамудың мақсаты мен мiндеттерi туралы жағымды бейнелердi қалыптастыру.
Саяси қызметi жағынан саяси идеология қоғамды қандай да бiр әлеуметтiк топ /ұлттық, дiни/ мүддесі төңiрегiнде, немесе мақсатқа жету үшін тұрғындардың белгiлi бiр қабатына арқа сүйемей-ақ /анархизм, фашизм идеологиясы/ топтастыру тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет