статистикалық- бұқараға жиналған адамдар оны құрайтын элементтерден ерекшелiгi бiр тұтас бiрлестiктi ұсынбайды;
стохастикалық, ықтималдылық- мұнда қарым-қатынас тәртiпсiз және кездейсоқ, бұқара шекарасы жойылған, құрамы тұрақсыз;
ахуалдылық- оның сипаты өткен жерi, уақыты, себебi және қызмет түрiмен анықталынады;
әртүрлiлiк- құрамының әр түрлiлiгi, оның топаралық табиғаты;
формасыздық (аморфность)- iшкi ұйымның, құрылымның болмауы;
анонимдiлiк- бұқара мүшелерi бiр бiрiнiң алдында жеке бастарына тән қасиеттерiн ашып көрсетпейдi.
Саясаттағы адамдардың және әр түрлi топтардың әрекеттерiн, қызметтерi мен рөлдерiн талдай келе, мынадай мiнез-құлық түрлерiн кездестiремiз. Мәселен, саяси мiнез-құлықтың автономдi түрi адамдардың саяси мақсаты мен оған жету тәсiлiн бiршама еркiн таңдауымен ерекшелiнедi. Мiнез-құлықтың бұл түрi белсендiлiктiң жұмылдырылған формасына қарсы тұрады, мұнда адамдарды кез келген әрекеттерге сыртқы қысымдар мәжбүр етедi.
Идеология ықпалы күштi жерде тұрақты, жүйелi түрде қайталанып отыратын дәстүрлi мiнез-құлықтарда кездеседi. Бұған қарсы жаңарған мiнез-құлық пайда болады, ол саяси мақсатқа жету үшiн жаңарған тәсiлдердi қолдану болып табылады.
Саяси тұрақтылық пен тәртiптiлiк үшiн саяси жүйеде жалпы таныған саяси құндылықтар мен нормаларға сай келетiн мiнез-құлық формасының маңызы зор. Үстемдiк етушi саяси режим саяси мiнез-құлықтың нормативтi формасын қолдайды. Дегенмен, саяси қатынастың қағидалары мен нормаларына сай келмейтiн ауытқушы мiнез-құлық формалары да кездеседi.
Ұлттық мiнез-құлық- бұл аталған ұлттық қауымдастыққа тән ерекше қоршаған әлемдi қабылдау мен оған реакциясының тұрақты сипаты. ұлттық мiнез-құлық ең алдымен көңiл-күй мен сезiм жиынтығы, ол көңiл-күй, сезiм, көңiл-қошы арқылы көрiнiс бередi, ол саналы, көбiнесе иррационалды әлемдi тану тәсiлi, болып жатқан оқиғаларға деген реакциясының жылдамдығы.
Ұлттық мiнез-құлық ұлттық темпераментте анық байқалады. Ұлттық мiнiз-құлық өзiнiң шығуы бойынша баста теориялық-аналитикалық болған жоқ. Баста ол суреттеушi, сипаттаушы болды. Ең алдымен оны саяхатшылар қолдана бастады, кейiнен географтар, этнографтар қолданды. Саяси психологияда ең тиiмдiсi аналитикалық тұжырымдау болады.
Аналитикалық тұжырым бойынша, ұлттық мiнез-құлық- құрамдас элемент, ұлттың психикалық бiтiмiнiң негiзi. Күрделi, өзара байланысты және бiрiн-бiрi толықтырушы эмоциялық /ұлттық мiнез-құлық/ пен рационалды /ұлттық өзiндiк сана/ элементтерi ²ұлттық психикалық бiтiмдi², яғни ²рухани-iс-әрекет ерекшелiгiн², бiр ұлттың екiншiсiнен айырмашылығын көрсетедi. ұлттық психикалық бiтiм- барлық ұлттық-этникалық психологияның негiзi, бұл бiтiм жиынтығы негiзiнде олардың мiнез-құлқы анықталынады.
Ұлттық мiнез-құлық көзiне ең алдымен, адам организмiнiң тұрақты психофизикалық және биологиялық ерекшелiктер жатады, ол өзiне сонымен бiрге орталық нерв жүйесiнiң реакциялылығын да қамтиды. Сонымен бiрге бұл факторлар қатарына аталған ұлттық-этникалық топтардың өмiр сүру ортасы да жатады. Жалпы, ортақ ұлттық мiнез-құлық сол физикалық территория ортақтығының, оның барлық ерекшелiктерiмен психикалық бейнеленуi.
Ұлттық мiнез-құлықтың қазiргi кезеңде қалыптасуы бiрнеше ғасырлық күрделi тарихи-психикалық процестiң нәтижесi. ұлттық мiнез-құлық өзiнiң бейнесiн ең алғаш рет ұлттық мәдениетте байқатты, мiнез-құлықта өзiнше әлеуметтiк-мәдени эталондарды, қалыптар мен үлгiлердi қалыптастырды.
Мәселен, суретшiлер айтуы бойынша ²халық тiптi өзiнiң биi арқылы мнез-құлқын, талпынысы мен қызғанышын бейнелейдi².
Швед этнографы А.Даун айтуы бойынша, швед халқының мiнез-құлқының негiзгi ерекшелiгi- ойлаудың шектен тыс рационалды болуы. Шведтер өздерiнiң сезiмiн ашық көрсетпейдi, қайшылық кезiнде өздерiнiң көңiл-күйiне ерiк бермейдi, компромистiк шешiмге талпынады. Осының негiзiнде А.Даун шведтiк мемлекеттiк машинаның нақты әрекет етуiн түсiндiредi, швед тұрғындарының дiншiл болмауы, Шведцияның халықаралық жанжалдарда делдалдық қызмет атқаруына алып келiп отыр.
ұлттық мiнез-құлық құрылымында бiрнеше элементтер бар. Бiрiншiден, ол ұлттық темперамент- ол ²қызба², ²ушықтырушы², немесе ²тыныш², ²жайбырақат² болады. Екiншiден, ұлттық эмоция. Үшiншiден, ұлттық сезiм- ²ұлттық мақтаныш², ²ұлттық кемсiтушiлiк². Төртiншiден, алғашқы ұлттық түсiнiктер.
Этникалық мәдениеттiң өзегiн этникалық құндылықтар құрайды. Олар әрбiр этностың мәдени дәстүрiнiң жиынтығы. Бұл қордаланған мәдени байлыққа саяси құндылықтар да кiредi. Қазiргi дамыған елдерде бұрынғы этникалық құндылықтарға жатқан дүниелер бiрте-бiрте өркениеттiлiктiң белгiсiне айнала бастауда. Мәселен, мемлекеттiң белгiсi болған рәмiздер, халықты бiрiктiрушi дәстүрлер, конфессиялық ерекшелiктер, билiк жүйесi және т.б. этникалық құндылықтардан гөрi жалпы мемлекеттiк басымдылыққа айнала бастаған. Бұл этникалық құндылықтардың өз күшiн жойды деген сөз емес. Олардың кейбiрi этникалық сананың түкпiрiнде отырып, саяси процестердiң үрдiстерiне өз ықпалдарын тигiзуде. Мiне, сол этникалық сананың құрылымында тұрақтылығын бiлдiретiн құбылыс этникалық стереотиптер болып табылады. Этникалық стереотиптер - өз халқың мен басқа халықтар туралы эмоциялық қатынаспен көмкерiлген түсiнiктер, пайымдар мен пiкiрлер екенi белгiлi. Олар туралы Қазақстандағы ғалымдар бiршама зерттеулер жасауда.
²Этникалық стереотиптер,- деп жазады С.Е.Нұрмұратов,- алғашқы этникалық қауымдастықтар қалыптасқаннан берi келе жатқан қоғамдық сананың құрамдас бөлiгi. Оның негiзгi қасиетi әлеуметтiк субъект туралы бейненi барынша стандарттауында, схемалауында. Сондықтан бұл құбылысты әлеуметтiк психология ғылымы тереңiрек зерттеуге тырысады. Мәселен, этникалық стереотип екi топқа жiктеледi: автостереотип (өз этникалық қауымдастығы жайлы) және гетеростереотип (басқалар жайлы) болып². Әрине, бұл екi топ арасында айырмашылықтар бар. Ол әлеуметтiк субьектiнiң даму деңгейiне тiкелей байланысты.
Ұлтаралық қатынастардың шиеленiскен кезеңiнде, араздықтар ұлғайған уақытта әдетте терiс мағынадағы этникалық стереотиптер көбiрек басымдық таныта бастайды.
Лекция-12. Саяси сана мен саяси идеология.
Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері. Қоғам мен саясаттағы идеологияның пайда болуы, алатын орны мен рөлі.
Саяси идеологияны анықтаудағы түрлі әдістер. Саяси идеологияның мәні мен белгіленуі. Қазіргі негігі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, марксистік дәстүр мен халықаралық социал-демократия.
Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясы, қоғамдық сана модернизациясы. Ұлттық «Мен» және ұлттық бірегейліктің ішкі өзегін сақтау. Қазіргі заманғы модернизация үлгілерінің қатерлері. Ұлттық рухты сақтау және Қазақстан Республикасының болашақ дамуының ұлттық үлгісін құру.
Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері. Қоғам мен саясаттағы идеологияның пайда болуы, алатын орны мен рөлі.
Жалпы саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер мен көзқарастар жиынтығын айтады.
Қоғамдық сана әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса саяси мағынаға ие болады.
Саяси сананың негізгі мәселесі — мемлекеттік билік, оның қызметтері. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары, билік үшін күрес және оны сақтап қалу, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |