Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Саяси модернизация теориялары мен түрлері



бет76/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   93
лекция 1-15

2. Саяси модернизация теориялары мен түрлері. Саяси модернизация дегеніміз саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттарға бейімделу қабілетінің үнемі және табысты дамуы, сонымен бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру. Демек, саяси саладағы модернизация әлеуметтік талаптарды қанағаттандыру және мемлекет пен саяси қатысудың ортақ тетігін табуы тиіс.
Модернизация мақсаты – белгілі бір жетістік пен табысқа жету. Мұнда нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика стандарттарына жету міндеті қойылады.
Модернизация теориясының классиктері: О. Конт, К. Маркс, М. Вебер, Г. Зиммел, Ф. Теннис, Э. Дюркгейм, Т. Парсонс болып табылады. Бұл аталған ғалымдардың ұсынған модернизацияның классикалық теориялары мен еңбектері мыналар:

  1. О. Конт, «адамзат дамуындағы үш кезең» идеясы;

  2. К. Маркс, «тарихи материализм» теориясы ;

  3. М. Вебер, «рационализация» (ұтымды ету) теориясы;

  4. Г. Зиммел, «абстракция» теориясы;

  5. Ф. Теннис, «қауымдастық» және «қоғам» туралы теориялар;

  6. Э. Дюркгейм, «механикалықтан органикалық ынтымақтастыққа өту» теориясы;

  7. Т. Парсонстың «әлеуметтік жіктеу рөлін талқылау» идеясы.

Модернизациялау үдерісін зерттеп, сипаттауға қажетті саяси дамудың әртүрлі тұжырымдамалары бар. Олар: 1 «модернизация»; 2 «даму»; 3 «артқа қалу»; 4 «тәуелділік».
Демократиялық модернизациялану процесін американдық зерттеуші К. Менгес сатыларға бөліп көрсетті;
Біріншісі, дағдарыс пен бұрынғы режимнің моральды-саяси төзуі;
Екіншісі, әр түрлі коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі;
Үшінші, бұрынғы режіммен қалған кейбір жетекшілер мен ұйымдардың билікке қайта оралуы.
Демократиялық мордернизацияның өзіндік, қазақстандық жолын Н.Ә. Назарбаев ұсынды: «Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол – сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида – қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі – саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық».
Модернизацияның түрлері:
1 Классикалық спонтанды үлгісі, (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі құрылымының модернизациясының жүйелілігі қазіргі қоғамның негізгі құрылымдарының пайда болуына түрткі болды.
2 Модернизацияның екінші үлгісі, кешіккен және негізгі емес үлгі (Жапония, Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі).
3 Кешігу модернизациясы үлгісі (Испания, Португалия).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет