Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Парламенттің төменгі палатасында еліміздегі түрлі саяси көзқарастар көрініс табуға тиіс



бет78/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   93
лекция 1-15

Парламенттің төменгі палатасында еліміздегі түрлі саяси көзқарастар көрініс табуға тиіс.

  • Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн.

    ҮШІНШІ. Сайлау жүйесін жетілдіру
    Пропорционалды-мажоритарлы үлгіде сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табады. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатын болады.
    Сонымен бірге аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізіледі. Сайлаудың осы тәсіліне оралу біз үшін өте маңызды. Бұл қадам - партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендету үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы.
    Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді.
    ТӨРТІНШІ. Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту
    Жаңа Қазақстанды құру ісі адал әрі еркін саяси бәсеке болуын қамтамасыз етуден бастау алады. Осыған байланысты, біз партияларды институционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек.
    Партияларды тіркеу ресімі едәуір жеңілдейді. Тіркеу шегін 4 есеге - 20 мыңнан 5 мың адамға азайтқан жөн. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетіледі. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азаяды. Сондай-ақ, құрылтай съезін өткізуге және филиалдарды құруға берілетін уақыт көбейеді. Бұл мәселелерді либералдандыру еліміздегі саяси кеңістікті дамыту үдерісін едәуір жандандырады. Өз сайлаушыларының қордаланған проблемаларын сауатты жеткізіп, тиімді шешуге қабілетті жаңа партиялар пайда болады.
    БЕСІНШІ. Сайлау үдерісін жаңғырту
    Демократия тарихы дегеніміз - ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы.
    Сайлауды ұйымдастыру, дауыс беру тәсілдері, байқаушылар қызметін заңмен реттеу, аумақтық сайлау комиссияларының жұмыс тәсілін қайта қарау, сайлаушылардың бірыңғай электронды базасын құру, сайлау технологияларын қолдану арқылы жасалатын қатерлер туралы айтылды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   93




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет