Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деп оларды пайдалану кезінде адам денсаулығы үшін қауіптілігі тұрғысынан қатты жағымсыз әсер етуі (тағамдық улану және тағамдық инфекциялар), әртүрлі кейін көрінетін зардаптардың (канцерогендік, мутагендік және тератогендік әсер) тұрғысынан да қауіптіліктің болмауы деп түсіну керек. Басқаша айтқанда, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды, қолайсыз әсер етпейтін тамақ өнімдерін қауіпсіз деп санауға болады.
Адам ағзасына азық - түлікпен бірге оның денсаулығына қауіпті заттардың едәуір
мөлшері келіп түсуі мүмкін. Сондықтан тұтынушылардың
қауіпсіздігіне кепілдік беретін тамақ өнімдерінің сапасын
денсаулығы үшін олардың
бақылаудың тиімділігі мен
объективтілігі үшін жауапкершілікті арттыруға байланысты өзекті проблемалар болып тұр. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі биологиялық объектілерді, қауіпті химиялық қосылыстарды, радионуклидтер мен зиянды өсімдік қоспаларын қамтитын гигиеналық нормативтер бойынша бағаланады. Олардың тамақ өнімдерінде болуы зерттелетін
өнімнің көрсетілген салмағында (көлемінде) рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.
Көрсетілген қауіпсіздік көрсеткіштері өнімнің 11 тобы үшін белгіленген:
- ет және ет өнімдері; құс, жұмыртқа және оларды қайта өңдеу өнімдері;
- сүт және сүт өнімдері;
- балық, балық өнімдері және олардан өндірілетін өнімдер;
- астық( тұқым), ұн-жарма және нан-тоқаш өнімдері,
- қант және кондитерлік өнімдер;
- жеміс-көкөніс өнімдері;
- майлы шикізат және майлы өнімдер;
- сусындар;
- басқа өнімдер;
- тағамға биологиялық белсенді қоспалар;
- балалар тағамы.
Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығының көрсеткіштері санитарлық ережелер мен нормалармен (СанПин), ГОСТ және басқа да өнімдердің нақты түрлеріне арналған қолданыстағы нормативтік құжаттармен белгіленген гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс. Бұл ретте тамақ өнімдерінің қауіпсіздік және тамақ құндылығы талаптарына сәйкестігін өндірістік бақылауды дайындаушы кәсіпорындар жүзеге асыруы тиіс. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды МемСанЭпид қадағалау мекемелері жүзеге асырады.
Тамақтанудың құрылымын, қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңіндегі мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті болып табылады, ол мынадай бағыттар бойынша іске асырылуы тиіс:
- тамақтанудың әртүрлі рационын қамтамасыз ету;
- барлық халық үшін тамақ өнімдерінің қолжетімділігі;
- тамақтану саласында білім беру бағдарламаларын құру;
- азық-түлік өнімдерін функционалдық қоспалармен байыту.
Қазақстан Республикасында халықаралық және отандық тәжірибені ескере отырып, экология, тамақтану, медициналық-биологиялық талаптар мен санитарлық сапа нормалары азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін ҚР «Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес ұсынылады. Тамақ технологиясының, химиясының, микробиология мен биотехнологияның дамуына байланысты күн өткен сайын жаңа тағамдық қоспалардың көптеген түрлері пайда болуда, сондай-ақ қазіргі кезде әртүрлі факторлардың әсерінен қоршаған ортаның ластануы да жоғарылай бастады. Бұл тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қатайтатын халықаралық тамақ заңнамасын құру қажеттілігін туындатты.
Қазіргі уақытта Батыстың дамыған елдерінде азық-түлік өнімдерінің құрамы,
Достарыңызбен бөлісу: |