Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет5/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Лекция жинағы

қызметімен байланысты. Жоғары нерв жүйесі жақсы жетілсе, сөйлеу де жақсы жолға қойылған деп 
есептеледі. Тілдің күрмелуі, кекештену, жақсы сөйлей алмау – мидың зақымдануынан болады. 
Психиаторлар, дефектологтар, логопедтер сөйлеуді жоғарғы нерв жүйесінің, мидың қызметімен 
байланыстыра қарастырады.
Лингвистиканың тіл дыбыстарын зерттейтін саласы – фонетика физиологиямен байланысты. 
Өйткені сөйлеу – дыбыстау мүшелерінсіз (ауыз, тіл, тіс...) мүмкін емес. Тілдің шығуының өзі 
алғашқы адамдардың сөйлеу мүшелерінің дамуына тәуелді.
Тіл білімі физиканың акустика саласымен де байланысты. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. 
Тілдегі дыбыстар жүйесін тіл білімінің фонетика саласы зерттейді. Ал жалпы дыбыс атаулыны 
физиканың акустика саласы қарастырады. Ендеше, бұл екеуі де бір-бірімен байланысты.
Тіл білімінің тарих ғылымымен, оның ішінде этнографиямен, археологиямен байланысы бар. 
Тіл тарихы – сол тілді жасаушы, сол тілді қолданушы халықтың тарихымен байланысты. Олар бірін-
бірі байытады, бірін-бірі толықтырады. Тілдік деректерді – тарих, тарихи мәліметтерді – тіл 
пайдалана алады. Айталық, тіліміздегі кірме сөздерді зерттеу арқылы қазақ халқының бұған дейін 
қандай халықтармен аралас-құралас болғандығын білуге болады. 
Этнографтар халықтың ерте кездегі салтына, дәстүріне, әдет-ғұрпына, тұрмысына байланысты 
материалдық байлықтарды зерттегенде тіл фактілеріне соқпай өте алмайды. Өйткені тіл – соларды 
ұзақ уақыт бойы сақтап қалған құралдардың бірі. 
Тіл білімі антропологиямен де жақындасады. Антропология – адамның биологиялық табиғаты, 
морфологиялық типтері туралы ғылым. Адам баласы тілінің пайда болу дәуірін айқындауда әсіресе 
палеантропологияның деректері айрықша маңызды. 
Тілге кейде географиялық факторлар да әсер ете алады. Мысалы, аралда тұрған халықтардың 
тіліне ешкім әсер ете алмауы мүмкін. Болмаса кең аймақта тұратын халықтардың тілдері 
диалектілерге бөлініп кетуі мүмкін, ал тар аймақта тұратын халықтардың тілдеріндегі диалектілер 
бірігіп, жойылып кетуі ғажап емес.


Тіл білімі мен географияның өзара байланысы ғылымның жаңа бір саласы – лингвистикалық 
географияның тууына әкеп соқты. Лингвистикалық география тілдегі фонетикалық, лексикалық, 
грамматикалық құбылыстардың қай территорияға тарағанын көрсетеді. Бұл, әсіресе, диалектілік 
ерекшеліктерді зерттегенде ерекше маңызды. Сол арқылы, белгілі бір тілдің немесе диалектілердің 
лингвистикалық картасы (атласы) жасалынады.
Тіл – таңбалар жүйесі. Осыған орай тіл білімі жалпы таңба атаулыны қарастыратын – семиотика 
ғылымымен байланысқа түседі. Таңбалар тілдік таңбалар, шартты таңбалар болып екіге 
бөлінетіндігі белгілі. Шартты таңбаларға Морзе әліппесі, әріптер мен цифрлар, жол белгілері, тағы 
басқалар жатады. 
Тіл білімі белгілі дәрежеде математикамен де, кибернетикамен де байланысты. Тіл білімі 
математика ғылымымен, біріншіден, машиналық аударма мәселелері бойынша байланысса, 
екіншіден, тілді зерттеуде математикалық статистика әдістерінің қолданылуы жағынан 
байланысады. Математикалық статистика сөздердің, дыбыстардың қолданылу жиілігін айқындауға 
көмектеседі. Осының нәтижесінде тіл білімінің математикалық лингвистика деп аталатын саласы 
қалыптасты. 
Қорыта келгенде, тіл білімі көптеген ғылымдармен байланысты дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет