Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет9/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Лекция жинағы

Бақылау сұрақтары: 
10. Тіл қандай құбылыс?Тілдің мәні, қоғамдағы орны, қызметі қандай? 
11. Тіл табиғатының даму бағытында қандай қайшылықтар болды? 


12. Тіл білімі тарихындағы түрлі мектептердің дүниеге келуі, олардың ұстанған бағыттары 
қандай болды? 
13. Тіл мен сөйлеудің байланысы, өзгешеліктері 
14. Сөйлеудің индивидуалдық сипаттары 
15. Сөйлеудің психологиялық жақтары 
16. Сөйлеу тілдің жаны дегенді қалай түсінеміз? 
17. Тіл мен сөйлеуге байланысты Ф.де Соссюрдің тұжырымдары 
18. Ф.де Соссюр заманынан келе жатқан пікірталастар 
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: Тіл дамуының ішкі шарттары мен себептері 
(кейс) 
Қажетті әдебиеттер: 
13.  Қордабаев Т., Қалиев Ғ., Жалпы тіл білімі, А.,2004. 27-39-б 
14. Қалиұлы Б., Жалпы тіл білімі, А.,2005, 47-55-б 
15. Қордабаев Т.Р., Жалпы тіл білімі, А.,1975, 86-96-б 
16. Аханов К., Тіл білімінің негіздері, А.,2002, 38-77-б; 441-449-б 
17. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию М.,1977 
18. Общее языкознание. М.,1970, 1972, 1973.
№5 Лекция тақырыбы: Тіл мен ой сана арасындағы қарым – қатынас. 
Лекция жоспары: 
1.Тіл мен ойлау, тіл және сана арасындағы қарым қатынас, мұны айқындаудағы әр 
түрлі көзқарастар. 
2.Тілдің жүйелік, структуралық сипаттары жөніндегі түрлі көзқарастар . 
 
Лекцияның мақсаты : Тіл және ойлау, тіл және сана арасындағы, қарым – қатынасты, әр 
түрлі көзқарастарды, тілдің жүйелік, құрылымдық сипаттарын түсіндіру.
Лекция мазмұны: Tiл мен ой сананың бip-бipiмен қарым-қатынасы жөніндегі мәселе — 
біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені философтар да, тіл 
ғалымдары да, логиктер де психологтар да зерттейді. Бұл саладағы пікірлерді былайша 
топтауға болады: 
1. Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас. Бұл — 
менталистік бағыт деп аталады. Мұның өкілдері 18-19 ғасырда өмір сүрген неміс ғалымдары 
Ф.Э.Д.Шлейермахер, И.Г.Гаман. 
2. Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін 
көзқараста 19 ғасырда өмір сүрген неміс ғылымы Ф.Э.Бенеке айтқан. Бұл екі көзқарастың 
екеуі де тіл мен ойлаудың қарым - қатынасы жөніндегі мәселені жоққа шығарады, оны 
проблема етіп көтеруді қажетсіз деп санайды. 
3. Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас 18-19 ғасырда неміс 
ғалымы В.Гумбольдт пен француз ғалымы Л.Леви-Брюль тарапынан болды. Бұл 
бихевиористік бағыт деп аталады. 
4. Тіл мен ой-сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Бірақ Бұлардағы 
бірлік абсолюттік, тепе-тендік бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, 
кайшылыктары бар дейтін көзқарас. Тіл мен ой-сананың арақатынасы жөніндегі бірден-бір 
дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады. 
Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-
бірінен алары да аз емес. Тіл — ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып 
жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі 
ұрпақтарға жеткізетін құрал. 
Еңбек процесінде тілдің көмегі арқылы қалыптасып, жетілген ой-сана кейін де тілге кері 
әсерін, ықпалын тигізеді. Тілді жүйелі, дұрыс қолдану білуде, оның ішінен керектіні дұрыс 
іріктеп алып, лайықты орындарға қоя білуде, ой-сананың атқаратын қызметі өлшеусіз. Ой-
сана — сөйлеудін, мақсатка сай болуын қамтамасыз ететін бакылаушы. Тілдің сөздік 
құрамында, грамматикасында, олардың семантикалық, жақтарында болып жататын 
құбылыстар, жаңалықтар — ой-сананың реттеушілік, басқарушылық әрекеттерінің жемісі. 
Тілдік механизмнің қозғалысқа келіп, сөйлеу әрекетінің пайда болуында да ой-сананың, 
мидың қатысы мол. 


Айтылғандарға қарамастан тіл мен ой-сана арасында елеулі өзгешеліктер де аз емес. Ой - 
тілдің, тілдік элементтердің идеялық жағы, тіл арқылы берілетін мазмұнның негізі. Тіл мен 
ойлау бір түтіннің екі саласы, бірі — материалдық жағы болса, екіншісі мағыналық жағы. 
Сондықтан ойлаудың танытқыштық кызметін сөз еткенде тілге соқпай, тілдің 
семантикалық, функциялық жағын сөз еткенде ойлауға соқпай кету мүмкін емес. Тілдік 
элементтердің мағыналық жағы тілді ойлаумен ұштастыратын дәнекер, желі. Осы 
мағыналық желінің бір басында тіл, екінші басында ойлау тұрады. Қарым-қатынас болған 
жерде қатысқа келетін иелердің болуы — табиғи нәрсе. Осы тұрғыдан алғанда тіл мен 
ойлауды қарым-қатынастың екі мүшесі, екі элементі деуге болады. 
Бұл екеуінің арасындағы байланыс, бірлік олардың тепе-теңдіктерінің кепілі бола алмайды. 
Бұл екеуі бір-бірінен қызметі, құрылымдары жағынан жекеленеді. Ойлаудағы мақсат 
нысанды танып-білу, жаңа мәлімет тың білім табу болса, тіл ойды қалыптастыру, жарыққа 
шығару, оны сақтап кейінгі ұрпактарға жеткізу міндеттерін атқарады. Құрылымдары
логикалық формалары жағынан алғанда, ойлау ойдың логикалық құрылысына үғым мен 
байымдауға негізделеді. Ойлаудың логикалық заңы, формасы - жалпы адамзаттық. Ал, тілге 
негіз болатын оның грамматикалық құрылысы, сөз өзгерту, сөз туғызу, сөйлем құрау 
ережелері. Бұлар жалпыадамзаттық емес, жеке халықтық, ұлттық болады. Әрбір этникалық 
топ тілі ойды өзінше қалыптастырады, тек өзіне ғана тән амал-тәсілдер арқылы жарыққа 
шығарады. Осы себептен де әр этникалық топ өкілі өз тілі тұрғысында, өз тілі негізінде 
ойлайды. 
Ойлау тілмен байланысты дегенде жалпы түрде, ойтекті (абстракт) мәнде алынған тілмен 
емес, өзін қалыптастырған, жарыққа шығарған тілмен ғана байланысты болады. Тіл мен 
ойдың қарым-қатысын ғылым нысаны ететін де осы айтылған өзгешеліктер мен бірліктер. 
Бұл байланысты тіл білімінің менталингвистика деп аталатын саласы зерттейді. 
Мента — ақыл, ой, ойлау деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Менталингвистика - 
экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниесі мен байланысын зерттейді. 
Менталингвистика нысандары ішіндегі қиын да актуалды проблемалардың бірі — тіл мен 
ойлау арасындағы қарым-қатынас. Оның қиындығы — тіл мен ойлау табиғатының 
күрделілігінде, қарым-қатынастарының әр жақтылығында. Бұл екеуі адамдықтың 
айырылмас басты белгілері бола түра, әр қайсысының өз ішінде қайшылықтары мол. 
Екеуінде де әлеуметтік, жалпы адамдық сипатпен қатар индивидуалдық та қасиеттер бар. 
Оның себебі, адам табиғатының екі жақты болуынан болса керек. 
Тіл мен ойлаудың қарым-қатысы жөніндегі мәселемен логика, психология, социология, 
семиотика сиякты көптеген ғылымдар айналысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет