Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет6/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Лекция жинағы

Бақылау сұрақтары:
1. Тілге анықтама беруде қандай ала-құлалықтар бар? 
2. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні неде? 
3. Тілдің коммуникативтік және экспрессивтік қызметі деген не? 
4. Коммуникативтік қызметтің мәнділігі неде? 
5. Тіл білімі қандай ғылымдармен байланысты дамиды? 
6. Тілдің қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсері қандай? 
Лекция тақырыбына сәкес СӨЖ тапсырмалары: Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік 
қызметін саралап, кейс жазу
Қажетті әдебиеттер:
1. Қордабаев Т., Қалиев Ғ., Жалпы тіл білімі, А., 2004, 13-39-б 
2. Қалиев Б., Жалпы тіл білімі, А., 2005, 39-44-б 
3. Қордабаев Т.Р., Жалпы тіл білімі, А.,1975, 80-109-б 
4. Аханов К., Тіл білімінің негіздері, А.,2002, 4-33-б 
5. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию М.,1977 
6. Курилович Е Очерки по лингвистике, М, 1962 
7. Хасенов Е., Тіл білімі. А., 1996 9-25 -б. 
№ 3 лекция тақырыбы: Тілдің табиғаты мен мәні. Тіл және сөйлеу
Лекцияның жоспары:
1. Тіл табиғаты, оның мәні, қоғамда атқаратын қызметі 
2. Тіл табиғатын тану бағытындағы пікір қайшылықтары
3. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мектептердің дүниеге келуі, олардың бағыт-бағдары 
4. Тіл мен сөйлеудің арасындағы бірлік пен өзгешеліктер. Сөйлеудегі индивидуалдық сипаттар
5. Сөйлеудің психологиялық жақтары оның пайда болуы, сөйлеудің тілдің жаны болып 
есептелетіні
6. Тіл мен сөйлеу арасындағы қарым-қатынасты айқындауда Ф. де. Соссюр заманынан бері 
қарай болып келе жатқан пікірталастар 
Лекция мақсаты: Тілдің табиғатын, қоғамда атқаратын қызметін тіл мен сөйлеудің арасындағы 
бірлік пен ерекшеліктерді, сөйлеудің пайда болуы мен әр түрлі пікір таластар жайлы мағлұмат 
беру 
Лекцияның мазмұны: Тіл табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, 
табиғи, психофизикалыққа жататындығына түсінік беретін тіл білімінің маңызды мәселесінің бірі. 
Тілге анықтама берген ғалымдардың бірі: тіл – қоғамдық құбылыс десе, енді бірі – биологиялық, 
тағы біреуі – психологиялық құбылыстарға жатқызады. Мысалы, Тіл білімі тарихында натуралистік 
мектеп деп аталатын бағыттағы ғалымдар және неміс ғалымы Франц Бопп: - тіл – биологиялық 
құбылыс, оны құдай жаратқан,- деді, Бұл пікірді А. Шлейхер қолдап: “Тіл де биологиялық организм 
сияқты туады, өседі, өледі”,- деді. Әрине бұл пікір дұрыс емес еді. Бұл ғалымдардың айтуынша, тіл 
атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруы керек. Тіл тұқым қуалайтын биологиялық қасиет 


емес, тілді адам баласы өмірден, өзін қоршаған қауымнан үйреніп отырады. Мәселен, жас бала 
қандай нәсілге, қай халыққа жататындығына қарамастан өзін қоршаған қауым қай тілде сөйлесе, 
сол тілде тілі шығып, сөйлеп кететіндігін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондай-ақ тіл жеке 
адамның рухани қасиетіне тән психикалық құбылыста емес. Олай болса әр адамның тілі әр басқа 
болар еді, халықтық, ұлттық тіл деген болмас еді.
Сонымен тіл биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс. Тілдің 
шығуы туралы ХVII-XVIII ғасырларда ежелгі Грецияда өмір сүрген ғалымдар тілдің қоғам өмірімен 
байланыстылығы, қоғамдағы орны туралы пікір айтып, тілдің әлеуметтік сипатын мойындады. 19 ғ. 
Өмір сүрген көрнекті тіл ғылымдарының көпшілігі және Я.Гримм, В.Гумбольдт еңбектері 
кейініректе туған лингвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне 
септігін тигізді. Н. Марр мектебі ғалымдары да тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берді. Тіл 
қоғам қажетін өтейтін, қоғамға қызмет ететін қоғамдық құбылыстар қатарына жатады. Пікір алысу, 
сөйлесу қоғамдас көп адамдар бар жерде ғана болады, адам жоқ жерде тіл де жоқ. Адам қоғамы 
қашан туған болса, тіл де осы кезеңде пайда болған. 
Тілдің қоғамдық қызметінің өрісі өте кең. Бұл жағынан ол басқа қоғамдық құбылыстардың 
бәрінен, өндірістен, техникадан, ғылымнан, ойлаудан, базис пен қондырмадан да ерекше. Басқа 
қоғамдық құбылыс қоғамға қызмет еткенде, тек белгілі бір салада, бір бағытта ғана қызмет етеді, ал 
тіл адамдардың қатынас құралы ретінде қоғам өмірінің барлық саласымен де, қоғам мүшелерінің 
барлық ісімен де тікелей байланысты. Ол қоғамдық тіршіліктің барлық саласында бірлесіп жұмыс 
істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді. Мысалы, базис қоғамға экономика 
тұрғысынан, қондырма қоғамға саяси, заңдылық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет 
етеді, ал, тіл адамдардың қатынас құралы ретінде қоғам өмірінің барлық саласымен де, қоғам 
мүшелерінің барлық ісімен де тікелей байланысты. Ол қоғамдық тіршіліктің барлық саласында 
бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал. Бұл тілдің өзіндік мәні, басқа қоғамдық 
құбылыстардан елеулі өзгешелігі. Соның нәтижесінде тіл қоғамдық қондырмаға да жатпайды, 
қоғамдағы белгілі бір тапқа тәуелді де емес, соның идеологиясы да бола алмайды.
Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі тағы бір белгісі – қоғамдық саналы білдіретіндігінде. Тіл 
қоғамға қызмет ететін болғандықтан, қоғам өмірінде болған өзгерістер мен түрлі құбылыстар 
белгілі дәрежеде тілге өз әсерін тигізеді, онда өзінің ізін қалдырады. Тіл өзінің объективті заңы 
бойынша дамиды, бірақ оның дамуы қоғамның дамуымен, өзін қолданушы қауымның өмірімен 
тығыз байланысты, көп жағдайда соған тәуелді болады. Тіл алдыңғы қоғамға да, оның орнына 
келген жаңа қоғамдық құрылысқа да бірдей қызмет етеді. Оның себебі тіл базис пен қондырма 
сияқты таптық болмайды, оны белгілі бір тап жасамайды, ол адамдардың бүкіл даму тарихы 
бойында, сол тілде сөйлейтін барлық ұрпақтың күшімен жасалып, бірте-бірте жетіліп отырады. Бұл 
– тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан тағы бір өзгешелігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет