Лекция тақырыбы: Кіріспе. Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік


ЛЕКЦИЯ Тақырыбы: Тұрмыс-салт жырлары (ғұрыптық фольклор)



бет5/21
Дата20.09.2022
өлшемі132.02 Kb.
#461001
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
ХАӘ лекция

4. ЛЕКЦИЯ
Тақырыбы: Тұрмыс-салт жырлары (ғұрыптық фольклор).
Жоспары:

        1. Ғұрыптық фольклордың басты ерекшеліктері.

        2. Ғұрыптық фольклордың көнелік сипаттары

        3. Тұрмыс-салт өлеңдерінің салтқа тікелей және жанама қатысы.

        4. Оларды жіктеудің қазіргі жайы.

“Тұрмыс-салт жырлары” - қазақтың кеңестік дәуіріндегі фольклортану ғылымы қалыптасқалы бері қолданып келе жатқан термин. Орыс фольклортану ғылымында мұны көбінесе “ғұрыптық фольклор” (“обрядовый фольклор”) деп атап жүр. Кейінгі кезде қазақ фольклортанушылары да тұрмыс-салт жырларын “салтқа қатысты фольклор” деп топтастырды. Фольклортанушы Б.Әбілқасымов “Телқоңыр” атты монографиясында “тұрмыс”, “салт”, “әдет”, “ғұрып” сөздерінің қолданылуын тұрақтандыру мәселесін көтерген. Ғалым бұл сөздерді бұрынғыдай бей-берекет қолданбастан, олардың әрқайсысын ғылыми жағынан нақты өз орнында жұмсау керектігін айтады. Орыс фольклортануында, осылайша, өз орнында қолданып жүрген сөздің баламасы ретінде осы сөздердің тұрақты жұмсалу орнын ұсынды. Б.Әбілқасымов “ғұрыпты” – “обряд”, “әдетті” – “обычай”, “тұрмыс” - “быт”, “салтты” - “традиция” сөздерінің мағынасында жұмсау қажеттігін айтады. Б.Әбілқасымовтың бұл пікірі алдағы уақытта ғылыми айналымға түсіп, көпшілік тарапынан қолдау табуы мүмкін. Әзірше бұрыннан қолданылып келе жатқан “тұрмыс-салт жырлары” терминін пайдалануға тура келеді.


Әдеби тек тұрғысынан қарағанда, тұрмыс-салт жырларының барлығы лирикалық шығармалар тобына жататындығы белгілі. Бірақ бұл жырлардың лирикалық әдеби текке симайтын ерекше белгісі бар. Ол белгі – бұл жырдың көркемдік мақсат үшін емес, нақты өмірде қолданудағы мақсат үшін жұмсалатынын және ғұрыппен, тұрмыс-салтпен бірге, соның құрамдас бір бөлігіретінде өмір сүретіндігі болып табылады. Сондықтан да оны фольклортануда бір бөлек тек ретінде қарастырған жөн. Тұрмыс-салт жырлары жанрлық құрамы жағынан сан алуан. Сол себепті оларды жанрлық түрге жіктеу күрделі әрі қиын іс. Қорыта айтқанда, тұрмыс-салт жырлары дегеніміз – белгілі бір халықтық әдетпен, ғұрыппен, наным-сеніммен жоралғыларымен бірге атқарылатын этнографиялық негізі бар фольклордағы лирикалық шығармалар тобы болып табылады. Тұрмыс-салт жырларының барлығының бірдей орындалу сәті белгілі бір өмірлік жағдайға ғана тәуелді бола бермейді. Бірақ олардың көпшілігі осындай сипатта болады. Мысалы, жоқтау - тек қана кісі қаза болған кезде, беташар-үйлену тойы кезінде, бәдік - адам және мал ауруларын емдеу кезінде айтылса, еңбек-кәсіппен байланысты өлеңнің орындалуының мұндай өмірлік нақты жағдайға тәуелділігі осындай қатаң түрде көрінбейді. Тұрмыс-салт жырларының біреулері салтпен байланысты болса, екінші біреулері ырым, көне наным-сенімге қатысты болып келеді. Бұл жанрлардың кейбіреулері салт, әдет-ғұрыппен тікелей байланысты болып келсе, енді біреулерінің жанама түрде байланысы көзге түседі. Салтпен жанама түрде байланысатын жанрлардың қатарында тағы да еңбек-кәсіпке байланысты өлеңдерді айтсақ болады. Тұрмыс-салт жырларының салтқа қатыссыз фольклордан басты ерекшелігінің бірі – мұнда синкретизмнің басым болуында. Салттан тыс фольклор жанрындағы синкретизм өнер түрлерінің жиынтығы ретінде көрінсе, мұнда оған қоса өнерден тыс тұрған этнографиялық мәні бар (салт, ырым, жоралғы, ғұрып т.б.) мәселелермен де байланысты салалармен бірлікте өмір сүреді. Демек, тұрмыс-салт жырындағы синкретизм эстетикалық функциямен бірге эстетикалық емес функцияны да атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет