Лекция тақырыбы: Кіріспе. Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік



бет7/21
Дата20.09.2022
өлшемі132.02 Kb.
#461001
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
ХАӘ лекция

Арбау-байлау өлеңдері көбіне адамды немесе малды қарақұрт, жылан шаққан кезде олардың уын қайтару үшін қолданған. Арбау-байлау өлеңдерін айтушылар – ескі нанымның өкілі бақсылар. Арбау өлеңдері малға, адамға қастық қылған жыланға, шаянға немесе олардың ауыруына себеп болған тылсым күш иелеріне арналды және оларды қорқыту мақсатында айтылады. Адамнан тыс жәндікке, аурудың иесіне арналғандықтан түсініксіз сөздер жиі айтылады. Мәселен, жылан жайлы айтылған өлеңдер:
Кер, кер, жылан, кер жылан.
Кереге басты мер жылан.
Бір жылан бар сұм жылан,
Бір жылан бар жеті жылғы ту жылан,
Құралай басы тауынан,
Қуып келген қу жылан.
Пайғамбардың демінен
Дегелек келді шық жылан, - деп дем береді.
Бүйі шаққанда бақсылар көбіне Қамбар ата аруағына, қарақұрт шаққанда жындарға табынған. Аруақ - адам бейнесіндегі тылсым күш болса, жындар - адамнан тысқары тұратын күштер. Сол себепті қарақұрт шаққанда атылатын арбау өлеңдері мүлде түсініксіз сөздермен айтылады. Мәселен: “Айқай некірі, қай некірі, ай некірі, шаян некірі, күллі ел, мұрт әзгел-мүзгел, ия, ия, пара, шық, тәңірден пәрмен келді”, - деген сияқты сөздер айталады. Тілдің бұл ерекшелігі тыңдаушының тылсым күшке деген сенімін күшейте түседі. Арбау өлеңдері белгілі бір іс әрекетпен бірге де атқарылады. Мәселен: жыланды шаңыраққа іліп қойып, астына от жағып отырып арбау-байлау өлеңдерін айтады.
Жалбарыну өлеңдері. Арбау өлеңдеріне ұқсас, бірақ бұл өлеңдер қорқыту, бұйрық беру түрінде емес, керісінше, жалыну-жалбарыну сарынында айтылған. Соның бірі - бұлт шақырып, құрғақшылық жылдары тасаттық беру. Тасаттық дәстүрі көпшілікке ортақ болса, бұлт шақыруды, негізінен, бақсылар орындаған. Көптеген бақсылардың бұлт шақыруға қолданатын кішкене тастары болған. Сол тастарды әр түрлі ыдыстарға салып, оған су құйып отырып, бұлт шақыру өлеңдерін айтқан. Ол тасты “жай тас” деп атаған. Бұлт шақыру тәсілінің бір мысалы:
Қоғалы көлдер құрыды,
Қүба жандар шөлдеді.
Қолдан қара жауын бер,
Қаһарлансаң қар жаудыр,
Буырқансаң мұз жаудыр.
Кел, кел, бұлт, кел, бұлт,
Екі енеге тел бұлт,
Жандай досым, ақ бұлт,
Еліктірмей жете гөр. т.б.
Бақсылар сарыны - бақсылардың ауруды емдеу кезінде айтылған. Бақсылар сарыны ритуалды әрекетпен және музыкамен араластырылып орындалған. Оның тұрақты формасы бар. Ауруды емдеуге келген бақсы әуелі құдайға, пайғамбарға, әулиеге сиынады. Одан кейін аруақтарға, бабаларының немесе ұстаздарының аруақтарына сиынады. Бақсылардың бұл бөлігінде ислам дінінің белгілері де көрінеді. Бақсы сарынының негізгі бөлімі - бақсының өзін-өзі таныстыруы. Бақсының ауруды емдеу кезіндегі айтылатын өлеңінің бір бөлігі - жын шақыру. Әр бақсының жанының аты болған. Жын шақыру сәтінде әр түрлі музыкалық аспаптарға сүйенеді. Жындары келген кезде зікір салады. Қызып тұрған кетпеннің үстінде билейді. Бақсы өлеңінің келесі бөлімінде жындарға тапсырма береді. Жындар ауру иесімен алысқанда зікір күшейіп, соңында бақсылар шаршап-шалдығып құлайды. Ем сәтті өткен соң, жындарына рұсқат беріп, олармен қоштасады. Бақсылар - күй өнерінің дамып, тууына себепші болғандар. Кейбір ғалымдар батырлар жырын бақсылар сарынынан туған дегенді айтады.
Жын шақыру, арбау, дуалау, аластау, ауруды көшіруді негізінен орындаушы – бақсы. Оларды сөзбен және ритуалдық әрекеттермен орындаған. Дуалау, магиялық күштерді зерттеген шетелдік ғалым Дж.Фрезер күштерді гемеопатиялық немесе имитативті және контагиозды деп 2-ге бөледі. Гемеопатиялық (имитативті) принципі бойынша ұқсастықты ұқсастық туғызады немес салдар өзінің себебіне ұқсайды. Ал екінші принцип бойынша өмірде бір рет жанасқан заттар ара қашықтығына қарамастан өзара байланысты үзбейді екен. Біреудің әйтеуір бір кезде қолданған нәрсесі бойынша оған әр түрлі әсер етуге болады. Дуалауды бақсылар түсініксіз сөздер айтумен жүргізеді.
Бақсылық ерте дәуірлерде үлкен мемлекеттік қызмет иесі болған. Олар бергі дәуірге дейін жауынгерлік міндет атқарған. Бақсылар соғыс кезінде тас жаудырып отырған. Ол бірақ отпен атылатын қаруға, оққа қарсы тұра алмады. Оқ-дәрімен атылатын қару щығыста ерте кезден дамыған. Ал қазақ елінде дамымау себебі, халық оқтың даусы аруақты шошытады, оған дәрі иесі жаман тиеді деп түсінген. Бақсылыққа ІІ Екатерина патша кезінде тиым салынды. Себебі - бақсылық қазақ халқының жауынгерлік рухын көтерген. Осы бақсылар әлсіреген соң, біздің жауынгерлік рухымыз да сөне бастады. Демек, бақсының көне замандағы негізгі функциясы - жауынгерлік болған. Ал бізге қаймағы бұзылмай жеткені - оның емшілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет