Лекция тезисі №1 лекция тақырыбы. Математика тарихы және методология пәні. Математика мұғалімін дайындау жүйесіндегі математика тарихының және методологиясының ролі



бет13/13
Дата02.03.2022
өлшемі154.37 Kb.
#455892
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Математика тарихы ж не методол

Алғашқы университеттер. Медициналық – Салернода (ХІ ғ.І жартысы), Болоньеде – 1100ж., Париж университеті – 1209ж., Прагада – 1348 ж., Краковта – 1364 ж., Венада – 1365 ж., Лейпцигта – 1409 ж., Базельде – 1459 ж. және т.б. Алдыңғы екеуінен басқалары тар профессионалдық мектептер болмады. Бірнеше жүз жылдар бойына математика жеке кафедраларда қосымша пән ретінде қалды, математиканың арнайы оқытушылары да болмады. Университетте математиктерді даярлау арнайы болмаса да, олардан: Томас Бродвардин Англиядан, Николь Орел Франциядан, Иоганн Мюллер – Региомонтан Германиядан, Николай Коперник Польшадан сияқты тамаша математиктер шықты.
Қайта өрлеу дәуірі. XV-XVI ғасырлар Европа тарихында «қайта өрлеу дәуірі» деген атпен енді, мұнда антикалық өмірде қол жеткен мәдениеттің жоғарғы деңгейінің қайта өрлеуі еске алынып отыр. Дәл осы уақытта феодалдық құрылыс қойнауында жаңа қоғамдық құрылыс – буржуазия қоғамы туады.
Шындықтың критерилік математикадан ғана іздей бастайды. Математика сол кездің өзінде европалық мәдениеттің негізгі инструменті болып қалыптасты және қалды.
XV-XVI ғғ. математика басты жағдайда Италияда, Францияда, Германияда, кейіннен Голландияда дамыды, Русьта математика тек қана ХVI ғ. дами бастады, себебі осы кезде Русь татар шапқыншылығынан босатылды және олардың арасында және Батыс Европамен байланыс қалыптасты.
XV-XVI ғғ. Европаның Лука Пачоли, Никола Шюке, Симон Стевин, Петр Рамус, Франсуа Виет, (алгебра облысынан), Региомонтан, Коперник (тригонометрия облысынан), Леонардо да Винчи, Альбрехт Дюрор (перспектива теориясынан) және басқа математиктері үлкен табысқа жетті.
Қайта өрлеу дәуірінің математикасының мәні. Кеңістік фигураларының көріністік бейнеленуі, яғни осы фигураларының жазықтықта орталық жобалауы ежелгі гректермен «скинографияда» қолданылды. Ол – сценалық декарацияларды жазу өнері. Осы облыста Леонардо да Винчи (1452-1519), Альбрехт Дюрер (1471-1528) – сол уақыттың ұлы суретшілердің жұмыстары белгілі болды. Бұл жұмыстар – «живопись жайында трактат» (Леонардо) және «Адам денесі мүшелерінің симетриялығы туралы» (Дюрер).
Сонымен бірге Дюрер магиялық квадраттар құруымен шұғылданған ескертеміз және дербес жағдайда Европадағы бірінші магиялық квадрат құрды:
Позициялық ондық арифметика енгізілді. Осы уақытта арифметикалық және алгебралық белгілеу құрылды, оның болмауы ертерек теңдеулер теориясының прогрессін бөгеді. Бөлшек және теріс сандар енгізілді. 3 және 4 дәрежелі теңдеулерді радикалды шешу мәселесі сәті шешілді. Осы мәселені шешумен байланысты формальды түрде жорамал сандар енгізілді. Виет белгісіздер мен көпмүшелердің коэфиценттері үшін арнайы әріптік белгілеу енгізіп, сол сияқты алгебралық операциялар символикасын кеңейтіп алгебраны символикалық есептеу ретінде құрастырды. Арифметикаға ондық бөлшектер енгізілді.
Ашық және сфералық тригонометрияның жетістіктері едәуір болды, таблицаларды есептеп шығару әдісі жетілдірді.
Ұзақ уақыт тұрақты шамаларды оқу аяқталуға жақындады. Символикалық алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалдық және интегралдық есептеулердегі айнымалы шамалар теориясының пайда болуы үшін шарттар құрылды.


Әдебиеттер:[2,4-6,8-10];[14,15,20,24,25]; [26-31];[32-34];[35-37].

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет