Педагогикалық қарым-қатынастың мынадай стилдері болатындығын атап айтуға болады.
Бірлескен творчестволық іс-әрекетке әуестенуге байланысты.
Қарым-қатынас, шекаралық (дистанциялық) ыңғайластыққа.
Қорқытып-үркітуге негізделген қарым-қатынас.
Әзіл-калжыңы араласқан қарым-қатынас.
Осы аталған қарым-қатынас стилдерін жеке-жеке атап танитын болсақ:
а) Бірлескен творчестволық іс-әрекетке әуестенуге байланысты қарым-қатынас - педагогикалық процеске қатысушылардың барлығы үшін ең тиімдісі. Өйткені оқушылармен бірлескен шығармашылық ізденіске әуестенушіліктің табысты болуы мұғалімнің коммуникативтік қызметінің негізіне ғана емес, оның тұтастай алғанда педагогикалық қызметіне деген көзқарасына да байланысты. Оның өзі бірлескен оқу-тәрбие қызметінде едәуір табысқа жеткізеді. Бұл стилдің тиімділігін ескере отырып, оның да белгілі бір шегі болатындығын ескеруіміз керек. Ымырашылдық, ағайынгершілікке жібермеу керек.
ә) Шеңбер шекті аралық (дистанциялық) қарым-қатынас оқушының тәрбиеге көнігуі, ықпалға көнуі және педагогтардың жетекші ролінің көрсеткіші ретінде көрінеді. Егер оқушы мұғалімнің жетекшілік ролін сезінсе және оның ақыл-кеңесіне ден қоятын болса, онда педагогпен озара қатынас жүйесінде оның дистанциялық (әлсіретушілік) элементтері шектеледі. Тәжірибеде бұл дистанциялық (шеңбер-шекті) қарым-қатынасты жас мұғалімдер де, тәжірибелі мұғалімдерде қолданады. Жас мұғалімдер бұл қатынасты қолданған уақытта өзін білетін педагог ретінде танытамын деп есептейді де, олар бұл стилді белгілі бір шама оқушыларымен, сондай-ақ педагогтармен тіл табысу құралы ретінде пайдаланады.
Мұғалімде болатын бедел дистанцияны (өзінің мұғалімдік шегін) механикалық жолмен орнату арқылы емес, бірлескен шығармашылық процесс арқылы, яки педагогтың шығармашылық жұмысының мазмұны мен нәтижесі балаларды өзіне баурап алу қабілеті арқылы орнығуы тиіс.
Кейбір кездерде мұндай дистанциялық (шеңбер-шекті) қатынаста өзін көрсетпек болып "Сен білмейсің, оны мен білемін''деген принципіне апарса, мен үлкенмін менің айтқаным дұрыс, мені ғана тындауың керек деген принципке апарса, ол бір жақты ұғым болады және нәтижелі аяқталмайды.
б) Қорқытып-үркітуге негізделген қарым-қатынас. Дистанциялық қарым-қатынасты шығармашылық нәтижесімен жандандырмаса, өзінің "таза түрінде" қорқытып-үркіту түріндегі қарым-қатынасқа ауысады.
Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату көбінесе істі дұрыс үймдастыра алмайтын жас мұғалімдерде кездеседі. Негізінде бұл қатынастың ешқандай пайдасы жоқ. Мұндай қарым-қатынас сабақта күйгелектік, эмоциялық қолайсыздық жағдай туғызады. Балалардың шығармашылық ізденісіне, жұмыс істеу мүмкіндігіне, өзара түсіністікті, педагогикалық қарым-қатынасты татулықты жояды. Творчестволық іс-әрекетте кері кетіреді. Ол мынадай сипатта айтылады: "Сен мені тыңдап отыр!", "Тындамасаң екі қоям!", "Сен тақтаның алдына тұрғызып қоям" т.б.
в) Әзіл-қалжыңы аралас қарым-қатынас.
Бұл қарым-қатынастың да көптеген қолайсыз жағдайлары бар. Мұндай қарым-қатынас түрі жалған беделге ие болуға тырысудан туады. Муның өзі қарым-қатынасты ұйымдастыра білмеу тәсілінен тәжірибесіз мұғалімдерде болады. Балалармен тез тіл табысуды көздегенмен шын мәнінде кәсіпкерлік білгірліктің жетіспей жатқанын байқатады. Әзіл-қалжын, кейде мәнсіз бос сөзге ауысып кетуі жиі кездеседі. Кейде негізгі тақырыптан басқа жаққа ауып кетеді де, оқушы ынта қойып тындамайды.
Педагогикалық-кәсіптік қарым-қатынастар стилін сөз еткенде ең негізгі мәселе қатынастағы мұғалімнің өзіндік стилді түсінуінің мәні зор. Егер өзіндік стилдің мәнін түсінген уақытта ғана әр педагогтың творчестволық дербестігі болатындығын білеміз.
Педагогтың өзіндік дербестігіне сәйкес келетін педагогикалық қарым-қатынас стилі дұрыс табылған жағдайда комплексті міндеттерін шешуге мүмкіндік туады, аудиториямен қарым-катынасы жеңілдетеді, әрі тиімді болады, информация берудің тиімділігі арта түседі, қарым-қатынас кезеңі эмоциялық қолайлы жағдайда өтеді.
Сондықтан да жас мұғалімдердің маңызды міндетгерінін, бірі қарым-қатынастың дербес стилін іздестіру болып табылады.
Қарым-катынастың дербес стилдерін қалыптастыру методикасын мынадай кезендерден тұрады.
Ең әуелі мұғалімдік кәсіпке дайындалып жүрген студенттер өзін-өзі сынау, қарым-қатынас стилдерін зерттеу, бір-біріне мінездеме беру "Мен өзім балалармен қалай қарым-қатынас жасаймын" деген шығарма жазу.
Жеке қарым-қатынас стилі негізінде педагогикалық қарым-қатынас элементгерін меңгеру сияқты жұмыстарды ұйымдастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |