Негізгі ұғымдар: педагогикалық техника; педагогикалық техниканың компоненттері; мұғалімнің өз психофизикалық күйін басқару техникасы;
Педагогикалық техника дегеніміз - педагогтык іс-әрекетті ұйымдастыра білу іскерлігі.
Педагогикалық техникалық іскерлік - осы салада білудін екі түрін құрады:
Біріншісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі; екіншісі - педагогтық міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру.
Біріншісі бойынша - педагог өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін, сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білу
Екіншісі бойынша - педагогтың дидактикалық өзін-өзі ұйымдастыра білу, өзара ұйлесімділік жүзеге асыру.
Адамдардың өзара пікір алысуы, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы ең алдымен сөз арқылы, өзара сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге басқа да қатынас құралдары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, де-не қимылы, келбет-пішіні, ым-ишара бұлар сөйлеу құралы ретінде кейде сөзбен қатар қолданылады, кейде өз алдына жеке де қолданылады.
1. Педагогикалық техника және оның мәні
Адамдардың өзара пікір алысуы, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы ең алдымен сөз арқылы, өзара сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге басқа да қатынас құралдары арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, де-не қимылы, келбет-пішіні, ым-ишара бұлар сөйлеу құралы ретінде кейде сөзбен қатар қолданылады, кейде өз алдына жеке де қолданылады.
Педагогикалық техникалық қарым-қатынас жасау формасы - мұғалімнің Іштей ұйымдастырылған сөз әрекеттерімен сырттай ұйымдастырылған ым-ишара, дене қимылы әрекеттерімен ұштасып отырады.
Негізінен педагогикалық техника екі топ компоненттерінің үйлесуімен жүзеге асырылады.
3. Өз сезімін (эмоциясын) басқару
Эмоциялар психикалық сфераға қатысты адам эмоциясы өте күрделі процесс әрі объективтік шындықтың бейнеленуі ретінде қабылданады. Ол әрдайым адамның белсенді қызметімен байланысты туындап жүзеге асады. Соңғы кезде сезім мәдениеті проблемасының маңызы артты. Бұл өзінің эмоциясын, кез-келген ситуацияда мінез-құлқын басқара білу және басқа адамның орнына қоя білу. Басқа адамның сезімін бағалау және құрметтеу. Педагогикалық қызметте әрбір баланың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі сенімсіз балаларға айрықша көңіл аударып, оқушылардың нерв жүйесінің жеткілікті қалыптаспағанын ес-кере отырьт, олардың көңіл-күйінің, белсенділігің жоғары болуына мүмкіндік туғызу керек. Адамгершілік сезімді қалыптастыру жеке жағымды қасиетгерге тәрбиелеумен бірге өзін-өзі тәрбиелеумен үштасады. Әр адам жағымды эмоци-ялардың қажеттігін түсініп, әркім өзінің мінез-қүлқын, әрекетін бақылай білуді үйрену керек. Жағымды эмоцияны тәрбиелеуде мүғалімнің, ата-ананың, ересектердің достардың сөздерінің алатын орны ерекше. Сөз жеке адамға әсер ететін қуатты фактор. Адамдарға сөзбен ықпал ете білуді үйрену, сергектік, ықыластылыққа байланысты. Ықыласты, сезімтал сергек адам өзіне де, басқа адамға да эмоциялық әсер етіп, балаларды қуанышты көңілді сезімге тәрбиелей алады.
Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып баскдруда мұғалімдердің ең алдьшен өз эмоциясын дұрыс басқарып, одан кейін оқушыларды жағымды эмоцияға тәрбиелеудің үлкен маңызы бар. Тәжірибеде кейбір педагогтар оқушылар алдында кей уақыттарда өз эмоциялық сезімін басқара ал-маушылығы, бет әлпетінен бүлшық еттерінің ұнамсыз рең бе-руі байқалады. Мұндай жавдай әсіресе жүмысын жаңа бас-таған жас мұғалімдер арасында жиі кездеседі. Олар оқушылардан басқа адамдармен де алгашқы кездесіп сөйле-суінде де абыржушылық, қысылушылык, байқалып бет реңінен сезіліп түрады. Бұл олардың тәжірибесінің аздығынан. Сондықтан педагогтар әсіресе жүмысын жаңа бастаған жас мүғалімдер өзін-өзі басқаруға, өз сезімін өзі меңгеруге дағдыланып дайындық жасау керек. Ол үшін өзін-өзі жаттықтыру жұмысымен шұғылданғаны жөн. Ондай жаттыгудың түрі - өзін-өзі дайындағаны жөн болады, бұл жаттығу өзін-өзі реттеу жаттығуы. Мысалы:
Сіз әрқашанда ұстамды, байыптысыз ба?
Сіздің көңіл-күйіңіз біркелкі ме?
Үйде, аудиторияда, қызмет үстінде сіздің зейініңіз бірқалыпты шоғырланған ба?
Сіз өз сезіміңізді өзіңіз басқара аласыз ба?
Сіз жақын адамдарыңызбен, жолдастарыңызбен ықылас, қошаметті қалайсыз ба?
Сіз оқыған материалды тез меңгере аласыз ба?
Сізде алшақтауды қажет ететін қандай қолайсыз дағды бар?
Сіздің кейбір жағдайларда дұрыс істемеген жұмыстарының болды ма?
Міне, осы сұрақтарға "ИӘ", "ЖОҚ" деген сөздермен жау-ап беру керек. Егер "ИӘ" деген жауап басым, көп болса, сіз өз сезіміңізді басқара алғаныңыз. Егер "ЖОК," деген жауап көп болса сіз өз сезіміңізді басқара алмағаныңыз. Егер "ИӘ", "ЖОҚ" деген жауап бірдей болып келген жағдайда сіз өз сезіміңізді басқару үшін, көп жұмыстар істеулеріңіз қажет. Студенттер педагогикалық практика алдында осы сұрақтарға жауап беріп, өзін-өзі ойланып біраз жұмыс істегені дұрыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |