Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19



бет20/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

Педагогикалық қарым-қатынас жүйесі:
Педагогикалық қарым-қатнас кезеңдері.
Педагогикалық қарым-қатнас формалары.
Педагогикалық қарым-қатнастағы эмоциялық жағдай.
Педагогикалық қарым-қатнастағы «ым», «ишара».
Педагогикалық қарым-қатнас субъктісі мен объектісі.
Педагогикалық қарым-қатнастағы «кері байланыс».


Педагогикалық қарым-қатынас - мұғалім мен оқушы арасындағы оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруға қажетті маңызды психологиялық ахуал жасайтын кәсіптік-мамандық қатынасы.
Оқушылармен мұғалім арасында мәдени қарым-қатынастың болуының аса қажеттілігі жөнінде советтік дәуірдегі көрнекті педагогтар А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.В.Луначарский, В.А.Сухомлинский т.б. Өздерінің еңбектерінде атап көрсетіп, іс-тәжірибелерінде дәлелденген болатын.
Мысалы, А.С.Макаренко оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас "Баладан дұрыс талап ете білу, оның жеке басын құрметтей білу" принципінде құрылу керек деген болатын. В.А.Сухомлинский баламен қарым-қатынас жасай білу тіл табыса білуде балалармен қалай сөйлеудің мәнін көрсетеді.
"Мектеп қабырғасында айтылған әрбір сөз - ойластырылған, мақсатталған, ақылға-ойға қонымды үлгілі сөздер болуы керек, айқайлап сөйлеу мектеп ішінде оқушыға өте жат. Мұгалім балаға сеніммен қарау керек. Баланы мұғаліммен еркін сөйлесе білуге тарту керек" - дейді.
Оқушы мен мұғалім арасында дұрыс ұйымдаспаған педагогикалық қарым-қатынас балаларды қорқақ, жалтақ, өзіне-өзі сенімсіз қасиетке бағыттайды. Балалардың жұмысқа деген ынтасы, ықыласы төмендейді. Мұғалім мен оқушы арасында конфликт, түсініспеушілік туады.
Мұғалімдердің оқушылармен қарым-қатынас жасау әдісі бүтіндей творчество. Мысалы, алайық бір сабақтың үстінде балалармен дұрыс қарым-қатынасты шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла-әрекеттер, проблемалар, қақтығыстар қайшылықтар бар. Осының бәрін мұғалім творчестволық шеберлікпен қас-қағымда шешуге тиіс.
Олардың "ынтымақтастық" қарым-қатынас идеясының мәні бойынша мұғалім әрқашан балаларға жәрдем көрсетуші, оқушының жеке басын құрметтеу рухында ғана балалармен тіл табысып жұмыс істегенде іс нәтижелі болатындығын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет