Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының білім берудегі мемлекеттік саясаты.
2. Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытудың тенденциялары.
3. Мұғалімнің кәсіби және тұлғалық қасиеттерінің үйлесімділігі.
4. Мұғалім – қоғам мен өскелең ұрпақ арасындағы сарапшы.
Лекция №15-16 Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы маңызы
Лекцияның мақсаты: Педагогикалық қызметтің әлеуметтік рөлі, мектеп оқушыларын тұлға ретінде қайта қалыптастырудағы мұғалімнің орны мен рөлін анықтау.
Лекцияның міндеттері:
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктерін анықтау;
болашақ мамандарды біліммен қаруландыру;
Қазақстан Республикасының заңдарындағы қазіргі заман мұғалімдерінің құқықтары мен міндеттерінің сипаттарын ашып көрсету.
Жоспары:
1. Мұғалімнің еңбегінің әлеуметтік маңызы.
2. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жағдайындағы мұғалім.
3. Педагогикалық мамандықтың тарихы.
3. Қазақстан Республикасы «Білім беру» туралы Заңындағы қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.
Негізгі ұғымдар: Педагогикалық мамандықтың тарихы. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңындағы, 2015 жылғы дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы, білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талаптар.
Пәнаралық байланыс: мәдениеттану, философия, психология, әлеуметтану, саясаттану.
Мұғалім еңбегінің әлеуметтік маңызы. Мұғалім мамандығы мәңгілік деп атайды. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген, ғылыми педагогиканың негізін қалаушы, славянның ұлы педагогі Я.А.Коменский мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған ешнәрсе жоқ деп жазады.
Орыстың ұлы педагогі К.Д. Ушинский мұғалім мамандығын былайша бағалады: «Мұғалім ісі сыртай қарапайым болғанымен, тарихтағы ең ұлы істің бірі».
Педагогикалық мамандықтың тарихы. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жағдайларындағы мұғалім. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңындағы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.
«Мұғалім» сөзі ұстаз, оқытушы ретінде анықталады.Мұндаоның екі негізгі қызметі атап өтіледі – оқушының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі және іс-жүіне асыруын және адамзат жынақтаған қоғамдық-тарихи тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу. Адамзаттың бүкіл тарихы барысында осы екі қызмет педагогтың негізгі қызметі болып табылған (орта ғасырлардағы молдаларда, одан кейінгі зайырлы мұғалімдерде түбіне сол қызметтерді атқарған). Ұстаздық және оқытушылық қызметінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен түрлері, әдіс-тәсілдері мен құралдары қоғам дамуына сай өзгерістерге ұшрады.
Қоғамда педагогтың орны мен рөлі қоғамның өскелең ұрпақ тәрбиесіне, бүкіл тәрбиелік жүйені дамыту мен жетілдіруге, әсіресе оның негізгі буыны – жалпы білім беретін мектепті нығайтуға деген аса жоғары көңіл болуы мен анықталады. Мектеп – негізгі оқыту мен тәрбиелеу мекемесі. Мектептің алдында қоғам алға қойған үлкен міндеттер түрады: оқушыларды білімдер жүйесімен, іскерліктер және дағдылармен қаруландыру; оқшылардың дүниетанымы мен адамгершілік сапаларын, қоғамдық мінез-құлық дағыларын қалыптастыру. Қазіргі жағдайларда мектепке деген талаптар ұдайы артуда. Бұл балаларды қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлауға жаңа талаптармен шартталады. Мектеп жаңа адамды, жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру міндеттерін атқарады.
Қазіргі мұғалім мектепте бірқатар қызметтерді атқарады:
мұғалім сыныптағы оқу үдерісінің ұйымдастырушысы;
сабақтар, қосымша сабақтарда, кеңестерде оқушылар үшін білімнің көзі;
көптеген мұғалімдер сынып жетекшісі міндетін атқарады, яғни тәрбие жұмысының ұйымдастырушылар.
Қазіргі педагог - әлеуметтік психолог, өйткені оқушылардың тұлғааралық қатынастарын реттеушісі, сынып балалар ұжымын қалыптастырушы.
Педагогтық ұжым мүшесі ретінде мұғалім мектеп ұжымы өмірін ұйымдастыруда қатысады, пән мұғалімдері әдістемелік бірлестіктері жұмыстарында қатысады, мектеп кәсіподақтық ұйымының қоғамдық тапсырмаларын орындайды.
Әр бір мұғалім ата-аналар, жұртшылық алдында сөйлеу арқылы педагогикалық және қоғамдық-саяси білімдерді насихаттаушы бөліп табылады.
Сондықтан мектеп мұғалімі көпқырлы қызмет атқарады, соның үшін ған қойылатын талаптарда кең және жоғары.
Қазақстан Республикасы «Білім беру» туралы Заңындағы қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.
Қазақстан Республикасы «Білім беру» туралы Заңында (50-бап) Педагог қызметкердың мәртебесі, 51-бапта «Педагог қызметкердың құқытары, міндеттері мен жауапкершілігі» айқындалған. Оған сәйкес тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік несесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға болады.
Педагог қызметкердің құқықты:
кәсіби ұқызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге,
жеке педагогтік қызметке;
тиісті білім беру деңейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары сақталған кезде педаггтік қызметті ұйымдасттырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдарының жұмысына қатысуға;
ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігн арттыруға;
санатын арттыру мақастында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
педагогтық қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен стипндиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;
өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
әскері қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтық стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға.
Педагог қызметкер міндетті:
өзінің кәсіптік құзыерті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдылларын меңгеруге;
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашлық және жалпы ғылыми деңгейні ұдайы жетілдіруге; бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
оқушыларджың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтуеуге.
Достарыңызбен бөлісу: |