Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші



Pdf көрінісі
бет13/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
 
4.Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші. Қылмыстық заңнын күші 
белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші 
жөніндегі нормаларда жүйелі түрде мынадай екі қағидат: аумақтық және 
азаматтыққағидаттар жүзеге асырылады. 
ҚК-тің 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында 
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық 
жауаптылыққа тартылуға тиіс. Осыған орай Қазақстан Республикасының 
аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған іс-әрекет Қазақстан 
Республикасының аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп 
танылады. Қылмыстық заңның күшi Қазақстан Республикасының континенттік 
қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған қылмыстық 
құқық бұзушылықтарға да қолданылады. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан 
Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңына сәйкес, Қазақстан 
Республикасының континенттік қайраңы (бұдан әрі – континенттік қайраң) – 
Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шегінен) 
Қазақстан 
Республикасы 
ратификациялаған 
халықаралық 
шарттарда 


17 
белгіленген шектерге дейін өлшенетін теңіз түбінің және жер қойнауының 
учаскесі. 
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV Заңына сәйкес 
арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін 
арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл 
белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі. 
Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан 
Республикасының шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде 
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының 
халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық 
жауаптылыққа жатады. Қазақстан Республикасының әскери кораблiнде немесе 
әскери әуе кемесiнде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам да, өзінің қай 
жерде болғанына қарамастан, қылмыстық заң бойынша қылмыстық 
жауаптылықта болады. 
Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерiнiң және иммунитеттi 
пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе 
осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық 
бұзушылық жасаған жағдайда, халықаралық құқық нормаларына сәйкес 
шешiледi. 
Қылмыстық занның кеңістіктегі күші аумақтық қағидаттармен ғана 
шектеліп қоймайды. Ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде 
қылмыс жасаған ҚР азаматтарына қолданылатын азаматтық қағидаттармен де 
толықтырылады. 
Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде 
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 
8-бабымен анықталады: "Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде 
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Қазақстан Республикасының 
азаматтары, егер олар жасаған іс-әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте 
қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, 
осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады».
Бірақ, аталған адамдарды соттаған кезде жазаның жоғарғы шегін 
қылмыстық құқық бұзушылық жасалған мемлекеттiң заңында көзделген 
санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Қазақстан Республикасының 
аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан 
Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа 
тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке беруге болмайтын 
жағдайларда, олар да осы негіздерге сай жауаптылықта болады.
Адамның басқа мемлекеттiң аумағында сотталғандығының және 
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасауының өзге де қылмыстық-құқықтық 
салдары, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше 
көзделмеген болса, іс-әрекет Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн 
қозғамаса, осы адамның Қазақстан Республикасының аумағында жасаған 
қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн әсері болмайды.


18 
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерде 
қылмыс жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты 
тұрмайтын шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, егер олар басқа мемлекеттiң 
аумағында Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған 
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасау жағдайларда және Қазақстан 
Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар 
басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының 
аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болса, қылмыстық заң 
бойынша қылмыстық жауаптылыққа жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет