Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет25/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72
 
 
 


30 
3. Қоғамға қауiптi әрекет немесе әрекетсiздiк. Әрекет — адамның 
белсенді қимылы. ҚК-те көзделген қылмыстардың басым көпшілігі әрекет 
арқылы жасалады. 
Қылмыстық әрекетсіздік — жасауға болатын және жасалуға тиісті қандай 
да бір әрекетті адамның жасамауы. Әрекетсіздікке байланысты көзделген 
қылмыс құрамдары онша көп емес.
Құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті іс-әрекет қандай да болсын 
қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі болып табылады. 
Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл кінәлі тұлғаның құқыққа қайшы, саналы, 
белсенді немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез - 
құлқының сыртқы көрінісі болып саналады. 
Кез келген қылмыстық іс-әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға 
қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянат 
пен қол сұғу қаупін туғызу арқылы сипатталады. Іс-әрекеттің қоғамға 
қауіптілігінің дәрежесін біріншіден келтірілген зиянның мөлшері, қол 
сұғылатын объектінің құндылығы арқылы анықтайды. 
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгі белгілерінің бірі оның 
құқыққа қайшылығы болып табылады. Мұндай белгінің болуы азаматтарды 
заңсыз қылмыстық жауапқа тартуға жол бермеудің кепілі болады және 
заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. 
Іс-әрекет – адам мінез-құлқының сыртқы шынайы көрінісі болып 
табылады. Осыған орай адамның ниеті, пікірі, қаншалықты зиянды 
болғанымен, ол белгілі бір іс-әрекетпен ұштаспаса, ол қылмыстық жауапқа 
тартылмайды. Іс-әрект – адамның саналы мінез-құлқының көрінісі. Сонымен 
адамның санасынан тысқары болған кезкелген дене қозғалысы, ол 
қаншалықты қоғамға зиянды залал келтіргені не зиян келтіру қауіпін 
төндіргеніне қарамастан, қылмыстық-құқықтық тәртіппен жазаланатын іс-
әрекетке жатпайды. 
Адамның өзінің еркіне байланысты емес, одан тыс жағдайда 
тойтарылмайтын күштер (күш қолдану мен қорқыту) арқылы қоғамға зиянды 
залал келтірілген болса, онда қылмыстық-құқықтық іс-әрекет туралы сөз 
болуы мүмкін емес. 
Тойтарылмайтын күштерге-табиғат апатының, хайуанаттар, есі ауысқан 
адамдар мен дүлей күштің әсерінен адамның өз ойы, еркі арқылы белгілі бір 
іс-әрекетті істеу мүмкіндігінен айырылуы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет