Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


 Тақырып: Iс-әрекеттiң қылмыс екенiн жоятын мән-жайлар



Pdf көрінісі
бет33/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
9 Тақырып: Iс-әрекеттiң қылмыс екенiн жоятын мән-жайлар 
 
Мақсаты: іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар туралы 
ұғымымен және олардың түрлерімен таныстыру, осы жағдайлардың іс-
әрекеттің тек қылмыстық жауаптылығын және жазаланушылығын жоққа 
шығаратынын түсіндіру 
 
Жоспар: 
1. Iс-әрекеттiң қылмыс екенiн жоятын мән-жайлардың сипаттамасы 
2.Қажеттi қорғаныс 
3.Қол сұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян келтiру 
4.Аса (мәжбүрлi) қажеттiлiк 
5.Жедел-іздестіру іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін 
жүзеге асыру 
6.Негізді тәуекел ету 
7.Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу 
8.Бұйрықты немесе өкiмдi орындау 
 


41 
1.Iс-әрекеттiң қылмыс екенiн жоятын мән-жайлардың сипаттамасы. 
1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық кодексі іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлар — 
қажетті қорғану мен аса (мәжбүрлі) қажеттіліктің қатарын тұңғыш рет басқа да 
мән-жайлармен толықтырды. Атап айтар болсақ, бұлар: қылмыскерді ұстау 
кезінде зиян келтіру, орынды тәуекел, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу 
және бұйрықты немесе өкімді орындау. Ал, 2014 жылы қабылданған Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық кодексі кейбір баптардың атауларына 
өзгертілген мазмұнына сай өзгерістер енгізіп, қазіргі қолданыстағы қылмыстық 
заңда «қажетті қорғану», «қажетті қорғаныс» (32-бап) болып, «орынды 
тәуекел», «негізді тәуекел ету» (36-бап), «қол сұғушылық жасаған адамды ұстау 
кезiнде зиян келтiру» «қол сұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян 
келтiру» (33-бап) болып өзгертілді. 
 
2. Қажеттi қорғаныс. Қажетті қорғану - әр адамның өміріне, 
денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне және басқа да заңмен 
қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан 
қорғануға ажырамас конституциялық құқығы болып табылады. Осыған 
байланысты қаза келтіру не денсаулығына зиян келтіру бойынша істерді 
жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - 
ҚК) 32-бабының қажетті қорғаныс және оның шектері туралы ережелеріне 
сүйене отырып, мақсат, себеп, кінә нысанын, құқық бұзушылықтың жасалу 
тәсілін және әрекетті дұрыс саралауға қажетті басқа да мән-жайларды мұқият 
анықтау керек. 
ҚК-тің 32-бабының бірінші бөлігінде "Қорғанушының және басқа да 
адамдардың жеке басы мен құқықтарын, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттің 
заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан, оның ішінде 
қолсұғушы адамға зиян келтіру жолымен заңды түрде қорғау қажетті қорғаныс 
деп танылады. 
Барлық адамдардың өздерінің кәсiптік немесе өзге де арнаулы 
даярлығына және қызмет бабына қарамастан, олардың тең дәрежеде қажеттi 
қорғануға құқығы бар. Қоғамға қауiптi қолсұғушылықтан құтылу не басқа 
адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне 
қарамастан, бұл құқық адамға тиесiлi болып табылады» деп көрсетілген. 
Қажеттi қорғаныс жағдайында, яғни қорғанушының немесе өзге де 
адамдардың жеке басын, тұрғынжайын, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да 
құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн 
қолсұғушыға зиян келтiру арқылы қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау 
кезiнде қолсұғушы адамға зиян келтiру, егер бұл ретте қажеттi қорғаныс 
шегінен шығуға жол берілмеген болса, қылмыстық құқық бұзушылық болып 
табылмайды. 
Егерде, нәтижесiнде қолсұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр 
етпейтін зиян келтiрiлетiн, қолсұғушылықтың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк 
дәрежесiне қорғанудың анық сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп 


42 
танылады. Мұндай шектен шығу қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана 
қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Адамның өміріне қол сұғушы адамға не қорғанушының немесе басқа 
адамдардың өміріне қауіпті қарулы шабуылмен немесе зорлық-зомбылықпен не 
осындай зорлық-зомбылықтың тікелей қатерімен, не тұрғын үйге, үй-жайға 
басып кірумен ұштасқан өзге де қолсұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға 
зиян келтіру, сондай-ақ егер қорғанушы қолсұғушылықтың кенеттен болуы 
салдарынан шабуыл қаупінің дәрежесі мен сипатын объективті бағалай алмаса, 
қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды. 
Адам одан қорғануға құқылы қол сұғушылық қасақана және абайсызда 
жасалуы мүмкін, онда құқық бұзушылық құрамы болуы немесе құқық 
бұзушылық болмауы мүмкін, алайда, бұл мән-жайлар қорғанушының қорғану 
құқығына әсер етпейді, өйткені қорғанушы қылмыстық жауаптылыққа 
тартылуға жататын адамнан, және есі дұрыс емес немесе қылмыстық 
жауаптылыққа тартылуға жасы жетпеген адамнан тікелей келген қасақана 
немесе абайсыз қол сұғушылықтан бірдей мөлшерде қорғануға құқылы. 
Зиян қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасаған адамның өзіне тікелей 
келтірілсе ғана ол қажетті қорғану жағдайында жасалған деп танылуы мүмкін 
(соның ішінде олар техниканы, жануарларды, есі дұрыс емес адамдарды, 
жасөспірімдерді пайдаланған жағдайларда да). 
Шабуыл жасаушының қасақана немесе абайсыз әрекеттерімен зиян 
келтіріліп болғанда ғана емес, зиян келтіру әлі басталмаған, бірақ нақтылы 
келтірілу қаупі төнген (мысалы, қол сұғушылықты іске асыруға дайындық 
әрекеттері жасалған және б.), не қол сұғушы құқыққа қарсы әрекеттерін әлі 
аяқтамаған (ұрып-соғуын жалғастырған, ұрланған заттарды пәтерден әкетіп 
үлгермеген) кезде, сондай-ақ негізінен аяқталған, бірақ істің мән-жайларына 
қарай қорғанушы үшін оның қай сәтте аяқталғаны айқын болмаған қол 
сұғушылықтан кейін іле-шала жалғасқан қорғану кезінде қажетті қорғануға жол 
беріледі. Аталған жағдайларды қол сұғушылықтың басталу және аяқталу 
сәттерінің айыпталушыға қаншалықты көрінеу болғанына, оның нақтылы 
қалыптасқан жағдайда ахуалды дұрыс бағалауға мүмкіндігі болған-
болмағанына қарап бағалау қажет. 
Құқық бұзушылықтың формальды жағынан белгілері бар, бірақ 
маңызының шамалылығына қарай қоғамдық қауіп тудырмайтын әрекеттер 
жасаған адамға зиян келтірген, сондай-ақ өзінің мінез-құлқымен әдейілеп 
шабуыл жасауға киліккен (арандатқан), содан кейін осы жағдайды құқыққа 
қарсы әрекеттер жасауға (мысалы, төбелес шығару, жазалау, кек алу және т.б.) 
сылтау ретінде қолданғысы келген адам қажетті қорғану жағдайында болды деп 
танылмайды. 
Егер арандатушылық жасаған адам нақтылы зиян келтірмесе, онда 
арандатуға ұшыраған адамның қарсы әрекеттерін қажетті қорғану жағдайында 
жасалған деп есептеуге негіз жоқ. Мұндай әрекеттер жалпы негіздегі 
жауаптылыққа әкеп соқтырады. 


43 
Сондай-ақ өзі қажетті қорғану жағдайында болған немесе өзге де 
жағдайларда заңды әрекеттер жасаған (мысалы, қылмыскерді ұстау кезінде) 
адамға қарсы бағытталған әрекеттер қажетті қорғану жағдайы ретінде 
қаралмайды. 
Қажетті қорғануды жалған қорғанудан ажырата білу керек. Жалған 
қорғану кезінде қоғамға қауіпті қол сұғушылық шын мәнінде нақтылы 
болмайды, бірақ оқиғаның жағдайына қарай қорғанушының қол сұғушылық 
жасалды деп ойлауына негіз болып, осыған орай ол қол сұғушылыққа қарсы 
әрекет жасадым деп қате жорамал жасайды. 
Жалған қорғану кезінде келтірілген зиян үшін мынандай мән-жайлар бар 
болған кезде: қалыптасқан жағдайға байланысты зиян келтірушінің қажетті 
қорғаныс жағдайында әрекет жасадым деп негізді ойлаған, бірақ ол қорғаныс 
шегінен шығып кеткенде; зиян келтіруші тиісінше мұқият болса жағдайды 
дұрыс бағалауға және қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың жоқтығы туралы 
тұжырым жасауға мүмкіндігі болғанда (мысалы, көршілерінің пәтерінен сумка 
көтеріп шыққан бейтаныс адамды көріп, ұрлық жасады деп ойлап зиян келтірсе, 
ал жәбірленуші көршілердің туысқаны болып шықса) қылмыстық жауаптылық 
туындайды. 
Мұндай жағдайларда адам нақтылы қателік туралы ережелер бойынша, 
яғни тиісті тұлғалардың заңмен қорғалатын объектілеріне абайсызда зиян 
келтіргені үшін жауаптылыққа тартылады. 
Шындығында қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасамаған, бірақ 
қорғанушының пікірінше солай жасауы мүмкін адамға келтірілген зиян қажетті 
қорғануды құрамайды, өйткені әрекет белгілі бір адамнан келетін нақтылы 
қоғамға қауіпті қол сұғушылықты тойтаруға емес, белгісіз адамдар тобына зиян 
келтіруге бағытталады (мысалы, жемістерін ұрлатпау үшін жеміс бағының иесі 
қақпаға бекітіп қойған жарылғыш заттан сол жерге кездейсоқ келген адамға 
келтірілген зиян). 
ҚК 102-бабында (қажетті қорғану шегінен шығу кезінде кісі өлтіру), 112-
бабында (қажетті қорғану шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян 
келтіру) қарастырылған құқық бұзушылықтардың белгілері болғанда ғана 
қажетті қорғану шегінен шығу кезінде келтірілген зиян үшін жауаптылық 
туындайды. Бұл қажетті қорғану кезінде шабуыл жасаушының денсаулығына 
келтірілген шағын немесе ауырлығы орташа зиян қорғанушыны қылмыстық 
жауаптылыққа тартуға әкеп соқпайды дегенді білдіреді. 
Қажетті қорғану кезінде, бірақ оның шегінен шығу арқылы жасалған 
әрекет үшін қылмыстық жауаптылық туралы мәселені шешуде ҚК 66-бабында 
бекітілген, мұндай адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босататын ереженің 
маңызы зор. Қылмыстық заңның аталған нормасы қоғамға қауіпті қылмыстан 
болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану 
шегінен шыққан адамды істің мән-жайын ескере отырып, ақтамайтын негіздер 
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігін қарастырады. 
Аталған норманы қолданғанда, заң шығарушы, адамның үрейлену немесе 
қорқумен сипатталатын көңіл-күй жағдайын, сондай-ақ қоғамға қауіпті қол 


44 
сұғушылықтың әсерінен болған сасқалақтау салдарынан өзінің әрекетіне есеп 
бере алмауын қылмыстық 
жауаптылықтан босатуға негіз ретінде 
қарастыратынын 
және 
бұл 
мән-жайларды 
істің 
мән-жайларымен 
байланыстыратынын ескеру қажет. Демек, ҚК 66-бабы үрейлену, қорқу немесе 
сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен шыққан адамды қылмыстық 
жауаптылықтан босату мүмкін екендігін қарастырады, бірақ бұл мән-жайларды 
адамды міндетті түрде дереу қылмыстық жауаптылықтан босатуға әкеп 
соқтыратын абсолютті жағдай деп санамайды, яғни ол факультативті болып 
табылады. 
Шабуылға ұшыраған және қажетті қорғану кезінде қол сұғушыға зиян 
келтірген адамның қорқуы деп - оның өзіне жасалған қол сұғудан қатты 
үрейленуін, қатты қорқуын түсіну керек. Осыған ұқсас жағдайларда адамның 
көңіл-күйі аяқ астынан үрей, қорқыныш сезімінің пайда болуымен сипатталады. 
Қорғанушы адамның сасқалақтауы деп - оның қоғамға қауіпті қол 
сұғушылықтан туындаған қорқу, үрейлену салдарынан аяқ астынан абыржуын, 
сасқалақтауын, ретсіз әрекеттер жасауын түсіну керек. 
Қорғанушы қорқу, үрейлену немесе сасқалақтау жағдайында болды ма, 
оның осы жағдайы өзінің қорғану әрекеттерін бағалауына және қажетті қорғану 
шегінен шықпайтындай әрекет жасау қабілетіне әсер етті ме деген мәселелерді 
анықтау 
үшін 
психологиялық-психиатрлық 
сараптама 
жасап, 
оның 
қорытындысын басқа дәлелдемелермен және қоғамға қауіпті қол сұғушылық 
нәтижесінде қалыптасқан нақтылы жағдаймен және одан қорғану әрекеттерімен 
бірге бағалау қажет. 
Осыған байланысты қорқу, үрейлену, сасқалақтау жағдайында қажетті 
қорғаныс шегінен шыққан адам қайсібір жағдайда қылмыстық жауаптылықтан 
босатылатынын, ал басқа жағдайларда босатылмайтынын ескере отырып, әрбір 
нақты жағдайда құқық бұзушылықтың жасалуының мән-жайын (қол 
сұғушылықтың жасалу уақыты мен орнын, қол сұғушылар мен 
қорғанушылардың санын, шабуыл жасаушылардың шабуыл кезінде құралдар 
қолданған-қолданбағанын, тараптардың жасын, дене бітімін және психикалық 
жағдайын және т.с.с.) мұқият анықтау және айқындауды қажет етеді. 
Шабуыл жасаушыға келтірілген зиянды бағалау кезінде қорғанушы адам 
қол сұғушылықтың салдарынан пайда болған толқу жағдайында ұдайы қауіптің 
сипатын нақты бағалап және соған мөлшерлес қорғану тәсілін таңдай 
алмайтынын ескеру қажет. Сондықтан қоғамға қауіпті қол сұғушылық кезінде 
қару есебінде қолданылған құралдардың шабуыл жасаушыдан қорғанушыға 
өтуі барлық жағдайларда да өздігінен қажетті қорғану шегінен шығуды 
білдірмейді. Мұндай жағдайларда шабуыл жасаушы мен қорғанушының бұдан 
кейінгі әрекеттерінің сипатын және басқа да мән-жайлары ескеріледі. 
Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян 
келтіруді жан күйзелісі (аффект) жағдайында жасаған әрекеттерден ажырату 
қажет. Бұл орайда қажетті қорғану жағдайында, соның ішінде қажетті қорғану 
шегінен шыққанда да, айыпты қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қорғануды 
көздейді, ал жан күйзелісі жағдайында өзін осындай күйге ұшыратқан адамға 


45 
зиян келтіруді көздейді. Адамның осындай әрекеттер жасаған кездегі 
психикалық жағдайын анықтау үшін міндетті түрде психологиялық-
психиатрлық сараптама жасап, оның қорытындысын басқа дәлелдемелермен 
бірге бағалау керек. 
Егер айыпты қажетті қорғану шегінен шықса және осы кезде 
жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекеттерінің әсерінен жан күйзелісі 
жағдайында болса, онда әрекетті салдарына қарай ҚК 102 немесе 112-
баптарымен сараланады. 
Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде қасақана кісі өлтіру немесе 
денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тіпті ҚК 99-бабының екінші бөлігінде 
қарастырылған мән-жайлар болса да, тиісінше ҚК 102-бабының екінші бөлігі 
немесе ҚК 112-бабымен саралануға жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет