32
ұқсастықтарына қарай орналасқан. Қылмыс жасалғанда, сол обьектілерге
байланысты зардап тиеді. Мысалы, жеке адамға қарсы қылмыстар, адамның
өміріне, денсаулығына
зиян тигізетін болса, меншікке қарсы қылмыстар,
меншік иесіне материалдық зиян тигізеді. Қылмыстық кодекстің нақты
баптарының диспозицияларындағы қоғамға зиянды зардаптарды анықтау
үшін заң шығарушы әр түрлі терминдерді,түсініктерді қолданады.
Қылмыстық кодекстің көптеген баптарының диспозицияларында
қоғамға зиянды нақты іс-әрекеттен туындайтын зардаптардың бірнеше
балама түрлері көрсетілген.
Қылмыстық кодексте қоғамға зиянды іс-әрекеттен
келтірілген зиянды
анықтағанда «ауыр, орташа ауырлықтағы немесе жеңіл зиян», «елеулі зиян»,
«ауыр зардап», «болмашы мөлшер, айтарлықтай мөлшер, ірі мөлшер, аса iрi
мөлшер немесе айтарлықтай залал, ірі залал, аса iрi залал» деген түсініктер
қолданылады.
Мысалы, Қылмыстық кодекстің 156-бабында қауіпсіздік техникасы,
өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де
қағидаларын осы қағидаларды сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету
жөніндегі міндеттер жүктелген адам жасаған,
абайсызда денсаулыққа
ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы үшін жауапкершілік
туындайтынын белгілеген.
Қол сұғушылық жасау затына келетін зиян әртүрлі нысанда болуы
мүмкін. Олар материалдық залал (бөтеннің мүлкін ұрлау, жою, т.б.), денеге
(денсаулыққа) зақым келтіру түрінде болуы мүмкін. Материалдық залал
қылмыстық занда қол сұғушылық жасау заттарын қалайда жоюмен немесе
бүлдірумен әркез байланысты емес. Ұрлау материалдық залал келтіретін
болғанымен, бірақ ол мүлікті жоюмен де, бүлдірумен де байланысты емес.
Қылмыстық салдар бейматериалдық сипатта да болуы мүмкін.
Қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс саралап шешу үшін
көп жағдайда
келтірілген зиянның түрін ғана емес, оның шамасын анықтаудың маңызы өте
зор. Сот медициналық сараптама бойынша денсаулыққа зиян келтірілуі
мүмкін ауыр, орташа, жеңіл.
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды
саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде
қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын,
ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен
сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық
процесті
жүргізетін
органдар
іс
жүргізу
құжаттарында
(айыптау
қорытындысында, үкімде) өз тұжырымдарын
жол берілетін анық
дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс. Дене жарақаттары бойынша
міндетті түрде сараптама тағайындалады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20
мамырдағы N 368 Бұйрығымен, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында «Сот медициналық сараптама
жүргізу және ұйымдастыру Ережесі қабылданды. Бұл Ережеде Қазақстан
33
Республикасының қарастырылған заңымен көзделген денсаулыққа келтірілген
әр-түрлі дәрежедегі зиянның медициналық (критерилері) белгілері келтірілді.
Денсаулыққа келтірілген медициналық зиян белгілеріне сәйкес сот-медицина
сарапшысы бұл зиянның ауырлығын белгілейтін болады.
Денсаулыққа келтірілген зиян ауырлығын белгілеу үшін осы
медициналық зиян белгілерінің біреуі де жеткілікті. Бірнеше квалификациялық
белгілер бар болған жағдайда, денсаулыққа
келтірілген зиян ауырлығын,
денсаулыққа келтірілген аса ауыр зияндықты көрсететін белгі бойынша
анықтайды.
Денсаулыққа келтірілген зиян мағынасында ағзалардың бүтіндігінің
бұзылуы немесе олардың физиологиялық қызметтерінің бұзылуы (дененің
зақымдануы) және де сыртқы ортаның әр-түрлі: механикалық, физикалық,
химиялық, биологиялық, психикалық факторлар әсерінің нәтижесінде пайда
болған ауруларды немесе патологиялық жағдайларын түсіну керек
Денсаулықтың бұзылуы деп ағзаның нақты жарақаты немесе жергілікті
сипаттағы клиникалық айқын сырқаттар пайда болғанда, ағзаның анатомиялық
бүтіндігінің немесе физиологиялық қызметінің
және де бұлшық ет
тарамдарының бұзылу жағдайын түсіну керек.
Жалпы еңбек қабілеттілігі мағынасында адамның белгілі бір зат, бұйым
немесе қызмет түрінде әлеуметтік маңызды нәтиже алуына бағытталған туа
біткен және жүре пайда болған әрекетке деген қабілеттілікті түсіну керек.
Кәсіби еңбек қабілеттілік деп өз мамандығында немесе оған төлемі
немесе біліктілігі бойынша тең дәрежедегі өзге де еңбекке деген қабілеттілікті
түсінген жөн.
Зиянның өте қауіптісі денсаулыққа келтірілген ауыр зиян. Денсаулыққа
келтірілген ауыр зиянның квалификациялық белгілері ретінде:
1) денсаулыққа келтірілген зиянның адам өміріне қауіптілігі;
2) адам өміріне қауіпті емес, бірақ денсаулыққа келтірілген ауыр зиянның
әсерінен:
-
көздің көрмей қалуы, есту, сөйлеу қабілеті немесе басқа мүшелердің
қызметінің жоғалуы (бұзылуы);
- бет пішіннің қалпына келмейтіндей зақымдануы;
- еңбек қабілеттілігінің үштен бірінен айырылуы (33% және жоғары)
денсаулықтың бұзылуы;
- кәсіби еңбек қабілеттілігінен толық айырылуы;
- жүктіліктің үзілуі;
- психиканың бұзылуы (психикалық сырқаттар);
- наркомандық немесе токсикомандық сырқаттар болып табылады.
Денсаулыққа келтірілген зиянның адам өміріне қауіптісі деп, зақымдану
кезінде зақымданушы тұлғаның өміріне қауіп туғызатын, сыртқы
факторлардың әсерінен пайда болған дене жарақаттарын және патологиялық
жағдайларды, олардың қалыпты ағысы немесе заңды түрде
асқынуы адам
өміріне қауіп төндіруін санау керек.
Достарыңызбен бөлісу: