Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет28/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
 


34 
5.Себептi байланыс және оның қылмыстық құқықтағы мәнi. 
Материалдық деп аталатын қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғанда 
адамның әрекеті (әрекетсіздігі) мен келген зиянды салдар арасындағы себепті 
байланыстың бар-жоқтығы жайында мәселе туындайды.
Себепті байланыс мәселесі қылмыстық кұкық теориясындағы ең күрделі 
және даулы мәселелердің бірі. 
Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен әрекетсіздіктен туындайтын зардаптың 
арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. 
Бұл материалдық құрамға жататын қылмыстардың объективтік
жағының міндетті белгісі болып табылады. 
Қылмыстық құқық қағидасы бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттен 
туындаған зардап үшін оның әрекеті немесе әрекетсіздігі сол зардаппен 
себепті байланыс болғанда ғана аяқталған қылмыс бойынша жауаптылық 
көзделеді.
 
6.Қылмыс құрамының объективтiк жағының факультативтiк 
белгiлерi. Адамның мінез- құлқының сыртқы көрінісі болып табылатын 
қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздіктің белгілері бір кеңістікте және уақытта 
орын алатын нақты көрініс болып саналады. Қылмыстық құқықтағы кеңістік 
деген ұғым нақты іс-әрекеттің істелген орны ретінде қарастырылады.
Осыған орай, қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашып 
көрсететін белгілердің қатарына қоғамға қауіпті іс- әрекет, істелген орын 
және уақыт қосылады. 
Кейбір жағдайларда қылмыс жасалған уақыт, орын, жағдай және кылмыс 
жасау тәсілі сол жасалған қылмыстың зияндылық деңгейіне елеулі әсер етуі 
мүмкін, ол заң шығарушыға осы мән-жайлардың кейбіреулерін қылмыстың 
кейбір құрамдарының міндетті белгісі ретінде тануға құқық береді. 
Кез келген қоғамға қауіпті іс- әрекет белгілі бір тәсілмен, айламен, 
кейбір жағдайларда нақты құралдар мен қару-жарақтар қолданылу арқылы 
жүзеге асырылуы мүмкін.
Қасақана кісі өлтіру де аса қаталдықпен немесе көптеген адамның 
өміріне қауіпті тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. Кінәлі адамға қаза 
келтірілген кезде адам өлтіру тәсілі және басқа да мән-жайлармен байланысты 
аса қатыгездік көрсетіліп жасаған адам өлтіру ҚК 96-бабы екінші бөлігінің д) 
тармағы бойынша саралануға жатады.
Қаза келтіру тәсіліне қатысты мән-жайларды бағалаған кезде кінәлінің аса 
қатыгездік көрсеткенде жәбірленушіге аса тән немесе жан күйзелісі мен 
қасіретін келтіретін әрекеттерді қасақана жасайтынын ескеру керек.
Аса қатігездік белгілері, атап айтқанда, мына жағдайларда көрінеді:адам 
өлтіру алдында немесе оны орындау процесінде жәбірленушіге азаптау, қинау 
немесе оны қорлау қолданылуы, кісі өлтіру кінәлі үшін әуелден жәбірленушіге 
ерекше күйзелістер мен қасіреттер (мысалы, жәбірленушіні өлер алдында ұрып-
соғу немесе көптеген жарақаттар келтіру, ұзақ уақыт бойы азаптау, аса қиналыс 


35 
тудыратын у пайдалану, тірідей өртеу, аязда жылы киімсіз қалдыру, астан, 
судан айыру және т.с.с.) келтіретін тәсілмен жасалуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет