Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет35/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
 
5. Жедел-іздестіру іс-шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін 
жүзеге асыру. Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осындай 
органның тапсырмасы бойынша осы органмен ынтымақтасып жұмыс істейтін 
өзге адамның Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-іздестіру іс-
шараларын немесе жасырын тергеу әрекеттерін орындау кезінде жасаған
қылмыстық заңда қорғалатын мүдделерге зиян келтірген іс-әрекеті, егер бұл іс-
әрекет адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы, қылмыстық 
топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарды болғызбау, анықтау, ашу 
немесе тергеп-тексеру мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау 
мүдделеріне келтірілген зиян көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар 
келтіретін зиянға қарағанда аздау болса және егер оларды болғызбауды, ашуды 
немесе тергеп-тексеруді, сол сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтарды 
жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін 
болмаса, ол қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды (35-бап). 
Бірақ, жоғарыда аталған ережелер адамның өміріне немесе денсаулығына 
қатер төндірумен, экологиялық апат, қоғамдық күйзеліс немесе өзге де ауыр 
зардаптар қатерімен ұштасқан іс-әрекет жасаған адамдарға қолданылмайды. 
 
5. Негізді тәуекел ету. ҚК-тің 36-бабының бірінші бөлігінде қоғамдық 
пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін негізді тәуекел еткен ретте Қылмыстық 
кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірудің қылмыстық құқық 
бұзушылық болып табылмайтындығы бекітілген. 
Егер көрсетілген мақсатқа тәуекелмен байланыссыз әрекеттермен 
(әрекетсiздiкпен) қол жеткiзiлмейтiн болса және тәуекелге жол берген адам 
қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн 
жеткiлiктi шаралар қолданған болса, тәуекел ету негізді деп танылады. 
Егер тәуекел ету адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қатер 
төндірумен, экологиялық апат, қоғамдық кесапат немесе өзге де ауыр зардаптар 
қатерімен көрінеу ұштасқан болса, тәуекел ету негізді деп танылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет