Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған


 Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу



Pdf көрінісі
бет36/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
6. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу. Жаңа Қылмыстык кодекстің 
37-бабының бірінші бөлігінде "Егер күштеп немесе психикалық мәжбүрлеудiң 
салдарынан адам өзiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) ие бола алмаса, мұндай 
мәжбүрлеудiң нәтижесiнде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру 
қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды" делінген. 
ҚК-тің 37-бабының екінші бөлігі бойынша күштеп немесе психикалық 
мәжбүрлеу нәтижесiнде қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян 
келтiрiлуінің салдарынан адам өзiнiң әрекеттерiне ие бола алу мүмкiндiгiн 
сақтаған болса, ол үшін қылмыстық жауаптылық туралы мәселе Қылмыстық 
кодекстің 34-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.


47 
7. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау. ҚК-тің 38-бабына сәйкес өзі үшін 
міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның 
Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыстық құқық 
бұзушылық болып табылмайды. Мұндай зиян келтіргені үшін заңсыз бұйрық 
немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады. 
Егерде, көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн қасақана 
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негiздерде қылмыстық 
жауаптылыққа тартылады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi 
орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды 
10 Тақырып: Қылмыс iстеу сатылары 
 
Мақсаты: қылмыс істеу сатыларының ұғымын, түрлерін түсіндіру, 
қылмыс істеу сатыларының түрлерін бір-бірінен ажырата білу 
 
Жоспар: 
1. Қылмыс iстеу сатыларының түсiнiгi, түрлерi және оның мәнi 
2. Қылмыс iстеуге дайындалу 
3. Қылмыс iстеуге оқталу 
4. Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық 
5. Қылмыстық құқық бұзушылықтан өз еркiмен бас тарту 
 
1. Қылмыс iстеу сатыларының түсiнiгi, түрлерi және оның мәнi. 
Қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжірибесі қылмыстық заңға сүйене 
отырып, касақана кылмыс істеу сатыларын ажыратып көрсетеді. 
Қылмыс істеу сатылары деп қылмысқа дайындалудан басталып
оқталудан — аякталғанға дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз. 
ҚР ҚК қылмыс істеу сатыларын үшке бөледі: 
а) қылмысқа дайындалу; 
б) қылмысқа оқталу; 
в) аяқталған қылмыс. 
Кез келген қылмысты жасау үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға 
зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылықка 
алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой-
ниетін қалыптастырады. 
Бұл адамның ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ осы сезім, ой-ниет 
адамның нақты мінез-құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бермеуі 
де мүмкін. Сондықтан да адамның мұндай сыртқа шықпаған ішкі жан-
дүниесінің белгілі бір іс-әрекет арқылы сырттай көрініс бермеуін қылмыс 
қатарына жатқызуға болмайды. Яғни, мұндай психологиялық сана-сезім, жалаң 
ой, қиял, қылмыстық құқық нормасынан тысқары болады, ол үшін-қылмыстық 
жауаптылық болмайды. 


48 
Сондықтан да іс жүзінде жай айтылған, түсінде көрген, қияли пиғылдар 
қылмыс деп саналмайды. Өйткені, мұндай жалаң ойдан, қасақаналық ниетпен 
қылмыстық заң қорғайтын объектіге ешқаңдай зиян келмейді және зиян 
келтірілу қаупі болуы да мүмкін емес. Сондықтан да қылмыстық ойдың болуы 
қылмыс істеу сатысына жатпайды. Өйткені, ондай ой, ниет нақты іс-әрекет 
арқылы сыртқа шықпай іште қалады, сондықтан да қылмыс сатысына 
жатпайды.
Адамның қасақана, яғни саналы және мақсатқа сай қызметі өзінің даму 
барысында бірқатар сатылардан өтеді. Алдымен, адамда қылмыс жасау ниеті 
пайда болады. Ол алдына белгілі бір мақсат қояды, оған қол жеткізу үшін 
тәсілдерді, орнын, уақытын ойластырады, қылмыс себебін нақтылайды. 
Нақты шешім қабылдап болып, адам дайындық әрекеттерін бастайды, ал 
содан кейін ойлаған әрекетін тікелей орындауға кіріседі. Кейбір жағдайларда 
адам ойлаған ісін бірден орындауға кіріседі (мысалы, жасырын пәтерге кіріп 
бағалы заттарды алады). Мұндай әрекеттер аяқталған қылмысты құрайды: 
(мысалы, ұрлық). Басқа жағдайларда, адам қылмыс жасауға алдын ала 
дайындалады (мысалы, көшірме бедер арқылы кілт жасау, пәтер 
қожайындарының келу, кету мерзімдерін анықтау), немесе қылмыстың өзін 
жасауға кіріседі (мысалы, дайындалған кілттермен пәтер есігін ашады, бірақ 
сигнал беру жүйесінің қосылғанын білмейді). Бұл екі жағдайда да қылмыс 
аяқталмай қалады. Осы әрекеттердің барлығы қылмыс жасау сатылары деп 
аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет