54
4.Қылмысқа
қатыстылық.
Қылмысқа
қатыстылық
қылмысқа
қатыстылықтың
ерекше нысаны болып танылады, ол жасалған қылмысқа
сыбайлас қатысу болып табылмайды және
онымен себептік байланыста
болмайды, ал қылмысты анықтауға және оны жасаған адамды әшкерелеуге
кедергі келтіретін, қоғамға қасақана қауіп төндіретін іс-әрекет түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінде жауаптылық
көзделген сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмысты күні
бұрын
уәделеспей жасырып қалу (ҚК-нің 432-бабы) және дайындалып жатқаны
немесе жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық
белгілі терроризм актісі туралы хабарламау (ҚК-нің 434-бабы) қылмысқа
қатыстылықтың негізгі түрлері болып табылады. Бұл ретте Қазақстан
Республикасының Конституциясына
және қылмыстық заңға сәйкес
хабарламағаны үшін қылмыс жасаған адамның жұбайы (зайыбы) немесе жақын
туысы, сондай-ақ өздеріне сеніп сырын
ашқан адамдардың жасаған
қылмыстары туралы хабарламағаны үшін діни қызметшілер қылмыстық
жауаптылыққа жатпайды. ҚК-нің 432-бабы бойынша жұбайы (зайыбы) немесе
жақын туысы жасаған қылмысты күні бұрын
уәделеспей жасырып қалғаны
үшiн адам қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-
процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 7-бабының 11 тармағына
сәйкес ата-
аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-
анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер, ата, әже,
немерелер жақын
туыстар деп танылады. Осы жақын туыстардың тізбесі толық болып табылады
және кеңейтіп түсіндіруге жатпайды.
Қылмыс туралы хабарламау әрбір адамның дайындалып жатқаны немесе
жасалғаны анық белгiлi аса ауыр қылмыс не дайындалып жатқаны анық белгілі
терроризм актісі туралы тиісті мемлекеттік органдардың назарына жеткізуге
қасақана әрекет жасамауына, заңда көзделген құқықтық міндетті орындамауын
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: