Лекция тезистерi және оларға дайындалуға арналған



Pdf көрінісі
бет61/72
Дата22.12.2023
өлшемі0.86 Mb.
#487568
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
 
3.Қажетт
қорғаныс 
шегiнен 
шығу 
кезде 
қылмыстық 
жауаптылықтан босату. Қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан туындаған 
үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажеттi қорғаныс шегiнен 
шыққан адам iстiң мән-жайлары ескеріле отырып, қылмыстық жауаптылықтан 
босатылуы мүмкiн. (ҚК-тің 66-бабы).
Қажетті қорғану—қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушынын 
өзін немесе өзге бір адамның жеке басын, құқықтарын қорғауы. 
 
4.Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша 
ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол 
жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен 
татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық 
жауаптылықтан босатылуға жатады. 
Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен 
байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, 
жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп 
отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш 
жастағы және ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбірленушімен, арыз 
берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және 
келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы 
мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға 
тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады. 
Қылмыстық құқық бұзушылықпен қоғамның және мемлекеттің заңмен 
қорғалатын мүдделеріне зиян келтірілген жағдайларда, осы баптың бірінші 
немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам, егер ол шынайы өкінсе және 
қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген 
зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. 
ҚК 68-бабының ережелері абайсызда адам өліміне не екі және одан да көп 
адамдардың өліміне әкеп соққан қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмыс, 
террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында 
жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс 
жасаған адамдарға қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет