16 Тақырып: Қылмыстық жауаптылықтан босату Мақсаты: қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату ұғымын және олардың түрлерін түсіндіру Жоспар: 1.Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсiнiгi
2.Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
3.Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезінде қылмыстық жауаптылықтан
босату
4.Татуласуға
байланысты және процестік келісімнің талаптары
орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
5.Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
6.Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату
7.Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық
жауаптылықтан және жазадан босату
1. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсiнiгi. Қылмыстық жауаптылықтан босату — қылмыстық заңға және қылмыстық процесс заңына
сәйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық-құқықтық
шараларды қолданудан бас тартуы болып табылады. Қылмыстық
жауаптылықтан босату институтында сонымен қатар әділеттілік, ізгілік, жеке
кінәлі жауаптылық, азаматтардың заң алдындағы теңдігі қағидаттары міндетті
түрде бірге жүзеге асырылып отырады.
2. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
негізі — кінәлінің қылмыс жасағаннан кейінгі қоғамға тигізген зардабының
қауіптілігі аз мөлшерде болуы (65-бап.).
Қылмыстық теріс қылық жасаған не алғаш рет қылмыс жасаған адам,
кінәлі адамның жеке басы, айыбын мойындап келуі, қылмыстық құқық
бұзушылықты ашуға, тергеп-тексеруге ықпал еткені, қылмыстық құқық
бұзушылықпен келтiрген зиянды қалпына келтіруі ескеріле отырып,
қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.
ҚК 65-бабының бірінші бөлігінің ережелері Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлігінің тиісті баптарында арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда,
террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топтың құрамында
80
жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс,
жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға
қолданылмайды.