Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет20/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
stud.kz-72859

Бақылау сұрақтары:
1. Педагогикалық тапсырмалардың түрлерін атаңыздар және олардың әрбіріне сипаттама жасаңыздар, мысалдар келтіріңіздер.
2. «Технология» пәні бағдарламасына сәйкес бір тақырыпты мысалыға алып, сұрақтар құрастырыңыздар (күмәнді-сұрақ, есіне түсіру-сұрақ, құптау-сұрақ, таңдану-сұрақ).
3. Еңбектік мазмұндағы сұрақтардан политехникалық мазмұнындағы сұрақтардың ерекшеліктерін түсіндіріңіздер
4. Танымдық технологиялық тапсырмалардың 5 текті түріне сәйкес түрлік тапсырмалар құрастырыңыздар.
9-лекция. Тақырыбы: Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар
Жоспары:
1. «Инновация» түсінігі.
2. «Технология» түсінігі.
3. Инновациялық технологиялар.
4. Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар және оларды қолдану: іскерлік ойындар, жобалау технологиясы, кейс әдісі. т.б.
Лекция мақсаты: Оқытудың инновациялық технологиялары жөнінде түсінік беру және оларды қолдануға бағдарлау.
Лекция мәтіні:
Педагогикада «инновация» ұғымымен қатар «инноватика» ұғымы да қолданылады. «Инноватика» ұғымының мәні, латынның іn-novus деген сөзі-нен шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын беретіндігіне тоқталған дұрыс.
«Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген деген пікір бар. Кейбір ғалымдардың еңбектеріне «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілген.
Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың зерттеулерінде бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізгенді білдіру мақсатында пайда болған және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
Кейбір зерттеушілер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Мәсе-лен, И.П.Подласый «Педагогика» атты еңбегінде ХХ ғ. 80-жылдары кәсіби түрде, алдымен журналистер, содан кейінгі кездерде педагогтар «инновация» сөзін пайдалана бастағанын жазады (Подласый И.П. Педагогика. В 2 кн. – М.: Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 1999).
Сондай-ақ инновация (ағылшынның іnnovatіon- нововведение, новация) - бұл ескі жүйенің өзгерісі деп қарастырады. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез келген өзгерісті сипаттайды.
Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде көпке дейін берілмей келді. Берілетін анықта-малардың көпшілгі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмады. «Инновацияны «білім беру жүйесінде жаңалық енгізу» деп айтсақ, «Введение принципиаль-ного в образовательную систему» ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік» –деп, жазады ізденуші Қ. Нағымжанова (Нағымжанова Қ. Педагогика-лық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп. 1999 №3. 9–11 бб.).
Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, оған әртүрлі анықтамалар берілген. Мысалы, инновация:

  • нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея (Э.М. Роджерс);

  • жүйелі міндеттердің жүзеге асуын, шешілуін қамтамасыз ететін арнайы жаңа өзгеріс (Майлс);

  • қандай да бір идеялардан басталатын, өзгерістерге әсерін, тұтынушы-лардың не қолдауы, не бас тартуымен аяқталатын үдеріс (Найхоф) ретінде анықталған.

Өзгерістің инновацияға айналуы үшін:
1. Өзгеріс бүкіл мектеп жүйесін қамтуы керек.
2. Алдын-ала қойылған мақсаттардың оңды нәтижесін, жемісін көрсетуі тиіс.
«Инновация» ұғымы алғашында саяси, экономикалық, технологиялық үдерістерге байланысты қолданса, кейіннен бұл ұғым «білім беру жүйесіне жаңаны енгізу» мағынасында педагогикалық еңбектерде жарық көрген.
ХХ ғасырдың 90-жылдарының бас кезінде орыс ғалымдарының «инновация» ұғымы туралы түсініктері:
- білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті (Днепрова В.И., т.б.);
- «жаңалық» - құрал (яғни жаңа әдіс, жаңа технология), ал, «инновацияны» осы тәсілдерді меңгерту үдерісі (М.М.Потоленик, А.С.Лоренсов) ретінде сипатталды.
«Инновация» білім мазмұнында, әдістемеде, технологияда оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табуда. Педагогикалық зерттеулер нәтижесіне сәйкес инновацияны, қайта жаңарту кеңістігіне қарай:
1. Жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған);
2. Модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан);
3. Жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) - деп, бөлу жүзеге асырылуда.
Ал кейбір ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет