Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу.
Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңа құрастыру.
Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалық оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Педагогикалық инновация – мектептегі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің бәрінде өзгеріс әкелген өзара әрекеттер бірлестігінің нәтижесі.
Педагогикалық инновацияны сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, тәрбие сағаттарында, т.б. оқу-тәрбие жұмыстарының барлық түрлерінде (салаларын-да) қолдануға болатындығы белгіленді.
Инноватикада үдерістің сатылығын, оның басталуы мен соңын білдіре-тін «өмірлік цикл» ұғымы пайдаланылады. Жаңалықтың өмірлік циклы төмендегідей сатыдан тұрады: әзірлемеден (іргелі зерттеулер, қолданбалы, теориялық есептеулер), жобалау (құжаттарды толтыру, конструкцияларды, сызбаларды құрастыру), жүзеге асыру (оларды тәжірибелік үлгілерде), дайындау (белгілеу және толық серияда), пайдалану, тозу (мүмкіндігін тауысу, альтернативтік жаңалықтың пайда болуы).
Жаңа ендірулер типологиясы үшін негіздерге: жаңалықтың белгілері, жаңа ендірулерді жүзеге асыру ерекшеліктері, инновациялық ерекшеліктер-дің белгілері жатады.
Білім беру саласында жасалынған болжамдар бірден-бір маңызды және аталған мәселелерді жетілдіруде шешуші болып табылатын оқу үдерісін біртұтас және сапалы қамтамасыз ететін, оқытудың оқу-әдістемелік кешенін түзуді алдыңғы қатарға ұсынып отыр.
Қазіргі кезде жоғары оқу орны оқыту үдерісінде оқыту технологиясында маманның, әсіресе, мұғалімнің болашақ кәсібіне бағытталған оқыту қолға алынбай келеді. Оқытуды интеграциялау мен дифференцациялау арасында осы бағытта қарама-қайшылық орын алып отыр. Осының салдарынан оқыту барысында әртүрлі оқыту технологиялары қолданылуда.
Десекте, болашақ мұғалім мамандығы білім беру, білімді меңгертуді басқару іс-әрекетінен тұратынын ескерсек, онда, оқу жоспарындағы барлық пәндерді оқыту барысында оларды кәсібилендіру қажеттілігі туындайды. Ал, бұл өз кезегінде білімгерлерге әрбір оқытылатын пәндер бойынша олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілетін және оны басқаруды талап етеді. Осыған байланысты оқыту үдерісінде бірыңғай оқыту технологиясын ұйымдастыру мәселесін қолға алу қажеттілігі туындап отыр. Мұндай оқыту технологиясын жасаудың әдіснамалық базасы болып оқытуды жобалаудың жүйелілік және кешендік бағыты орын алады. Оқыту үдерісін жүйелілік бағытта қарастыру, оқытушы мен білімгерлердің іс-әрекеттерінің екі жақтылы сипат алуымен, ал, олардың арасындағы іс-әрекет білім беруші мен білім алушылардың, талқыға салынатын пән ретіндегі, өзара әрекеттестігі болып табылады. Осындай, оқытушы мен оқушылар арасындағы күрделі өзара қарым-қатынастар және олардың байланысы, оқытудың жүйелі ұйымдастырылған құралдары, әдістері мен формалары арқылы жүзеге асырылады.
Қорыта айтқанда, оқыту үдерісі – басқарылуы бірыңғай болып келетін, оқыту мақсатына қызмет ететін және өзара кешенді байланысқан оқу компоненттері жиынтығынан тұрады - деп қарастыруға болады.
Оқыту үдерісіне арналған мұндай оқу компоненттері оқыту мақсатын, мазмұнын, әдістерін және оқыту мақсатын шешетін құралдарын қамтитын оқытудың жекеленген циклдары болып табылады.
Оқу циклдары - ғылыми білімдер, олардың логикалық құрылымынан, оқыту технологиясы, әдістемелік нұсқаулар т.т. болып табылады. Аталынған мәселелер, оқыту мақсатына қызмет ете отырып, өзара кешенді байланысқан оқу компонентері жиынтығын түзеді.
Бұл, жүйелілік бағытындағы оқыту кезеңдері мен олардың бірыңғай технологиясын анықтауға алып келеді. Мұндай, кезеңдерді:
а) оқыту мақсатын анықтау;
ә) мәселенің бірыңғайлықты қамтамасыз ететін нақтылы міндеттерін айқындау;
б) аталынған міндеттерді шешу жолдарын белгілеу;
в) қойылған міндеттерді шешу моделін анықтау;
г) міндеттерді шешу моделін талдау;
д) нақтылы оқыту материалдарында анықталған моделді іске асыруға –бөлуге болады.
Басқаша айтқанда, білімді меңгеруді басқарудың психологиялық, педагогикалық табиғаттарына байланысты оқыту үдерісінде оны басқарудың бірыңғай оқыту технологиясын түзу қажеттілігі орын алады.
Оқытудың бірыңғай технологиясын - оқыту компоненттерінің жеке өздеріне ғана тән емес, олардың сыртқы және ішкі байланыстарын дамыту барысындағы жүйенің ұйымдастырылған және тәртіпке келтірілген, нәти-жесінде жаңа, жинақтылық қасиетке ие болатын оқыту технологиясы – деп түсіну керек. Сондықтан да оқыту үдерісіне жүйе ретінде талдау жасауда оған оның тұтастығы тұрғысынан қарау керек. Тұтастылық ұғымы –біздің жағдайымызда, жүйенің, барлық білім алушыларда жоғары деңгейдегі дайындықты қамтамасыз ететін жалпы қасиеті болып саналады. Мұнда, басты назар аударарлық мәселе, жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін, олардың өзара байланысқан, ұйымдастырылған және ретке келтірілген жүйе элементтерінде болып отыр. Өйткені, ұйымдастырылғандық - жүйенің элементтері арасында және оның басқада ортамен байланысын басқару, рет-теумен сипатталса, тәртіпке келтірілу – жүйедегі маңызды байланыстардың кездейсоқ байланыстардан жоғары екендігі арқылы сипатталады.
Жоғарыдағы айтылғандар негізінде, оқыту үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық қорытындысы ретінде – бірыңғай оқыту технологиясын жасау оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды дамытудың объективті заңдылығы ретінде орын алуында болып отыр. Десекте, аталынған технология өздігінен орын алып кете беретін жүйе емес. Оның оқыту үдерісіндегі тиімділігі бірқатар ұстанымдарды алға тартады:
1) әрбір оқыту компонентерінің байланысы жоғары болуы;
2) білімді меңгеру барысында, білімді меңгеру кезеңдері мен олардың өзара реттілігінің қатаң сақталуы;
3) жүйенің оқу-тәрбие үдерісіндегі тиімділігі оның барлық жағдайда бірыңғайлық сипаттылығында орын алуы тиіс.
Бірыңғайлық ұғымының сипаты, оқыту үдерісіндегі білімді меңгеруді басқару кезеңдері арқылы анықталынады. Оқытудың бірыңғай технология-сын жасау мен оны тұжырымдауда іс-әрекеттік бағытты басшылыққа аламыз, өйткені іс-әрекет тұлға дамуының бірден-бір маңызды шарты болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда, оқу-тәрбие үдерісі тәрбиеленушінің өзінің арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті көмегімен жүзеге асырылуы тиіс. Олай болса, оқытудың бірыңғай технологиясы танымдық іс-әрекеттің психология-дидактикалық құрылымы арқылы сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |