Лекциялар 15 с Лабораториялық сабақтар 15 с СӨЖ 30 с обсөЖ 30 с



бет10/13
Дата13.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#133545
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


«Жаратылыстану» факультеті


«Биология» кафедрасы.

Адам анатомиясы пәні бойынша 05 01 13


«Биология»

мамандықтарының студенттері үшін.



Лабораториялық сабақтар жоспары.

9. Лабораториялық сабақтар.




Сабақтың мазмұны

Сағ.сан

Әдебиеттер

8

Тыныс алу жүйесі

1 сағ

1,2,4,5,7,9

9

Зәр шығару жүйесі . Аталық және аналық жыныс органдары.


1 сағ

1,2,4,5,6,8,9

10

Ішкі секрециялық бездер.

1 сағ

1,2,3,5,6,8,

11

Жүрек. : Қан айналу шеңберлерінің қан тамырлары.


1 сағ

1,2,3,5,6,8

12

Үлкен қан айналу шеңберінің веналары. Лимфа жүйесі.


1 сағ

1,2,3,4,8,9

13

Жұлын. Ми бөлімдері . Аралық ми мен алдыңғы ми.

1 сағ

1,2,3,4,8,9,

14

Жұлын нервтері. Нерв жүйесіның өткізгіш жолдары. Ми нервтері. Нерв жүйесіның вегетативтік

1 сағ

1,2,3,4,5,6,7,8

15

Көру органы. Есту, тепе-теңдік сақтау, иіс және дәм сезу органдары немесе анализаторлары. Тері және қимыл анализаторлары.


1 сағ

1,2,3,4,5,6,7


Жұмыс № 8.

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесі .

Жұмыс жоспары: 1. Тыныс алу жүйесіне жататын органдардың ( көмекей,кеңірдек, бронхылар мен өкпелердің) құрылысы мен түрлі түсті таблицалар және муляждер арқылы оқып танысу. 2. Дайын тұрған өкпе препараты мен сүтқоректілердің ( қойдың) өкпелерін пайдаланып, бірнеше кескінге салып, бронхылардың қабырға құрылысы мен жұмысын анықтау. Кескілеуден бұрын тұтас тұрған өкпені үріп оның альвеолдар препаратының желдеткіштік қызметін түсіну. 3. Сабақты “Тыныс алу органдарының құрылысы мен жұмысы” деген кинофильммен бітіру.

Жұмысқа керек жабдықтар: “Қойдың өкпесі”, “Адам скелеті”. Таблицалар: “Тыныс алу органдары”, “Өкпе сегментттері”, “Өкпе құрылысы”, “Тыныс алу еттері”, Муляждер: “Тыныс алу органдары”, “Адам көмекейі”, “Бас сүйектің сагитальды кесіндісі”, “Адам өкпесі”, “Көкірек клеткасының органдары”, “Тыныс алу органдарының құрылысы мен жұмысы” деген кинофильм.


Жұмыс № 9.

Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі . Аталық және аналық жыныс органдары.


Жұмыс жоспары: 1. Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректің, несепағардың, қуықтың құрылысы және маңызын, таблица мен муляждер арқылы оқып түсіну. 2. Дайын тұрған бүйрек препараты мен сүтқоректілердің (қойдың) бүйрегін пайдаланып, сыртқы және ішкі қабатының құрылысын (әр бағыттағы кескінге салып танысу). 3. Бүйректің микроскопиялық құрылысын зерттеп, нефронның суретін салу. 4. “Бүйректің құрылысы мен жұмысы” деген кинофильмді көру.5.Таблицалар мен муляждар арқылы аталық және аналық жыныс органдарының құрылысын білу. 6. Бұл органдардың ерекшелігі мен ұқсастығын айыру. 7. Аталық және аналық жыныс органдарының сыртқы ішкі секрециялық қызметі мен танысу.

Жұмысқа керек жабдықтар: Бүйрек препараты. Жаңа сойған қой бүйректері. Муляждер: “Адам торсы”, “Зәр шығару жүйесі”, “Адам бүйрегі”. Таблицалар: “Зәр-жыныс жүйесі”, “Бүйректің микроскопиялық құрылысы”, “Нефрон құрылысы”, “Бүйректің құрылысы мен жұмысы” деген кинофильм. Аналық жыныс жүйесіның препараты. Аталық және аналық жыныс жүйелерінің барельефі. Жамбас ішіндегі органдар барельефі. Таблицалар “Аталық жыныс жүйесі”, “Аналық жыныс жүйесі”.



Жұмыс № 10.

Тақырыбы: Ішкі секрециялық бездер.

Жұмыс жоспары: 1.Сыртқы және ішкі секрециялық бездердің өзара айырмашылықтары туралы муляждер мен таблицаларды қолдана отырып толық түсінік беру. 2. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөлетін активті заттарының ( гормондарының) организм қажетіне және орта жағдайларының өзгеруіне қарай тиетін әсерлерінің маңызын толық түсіну. 3. Әрбір ішкі секрециялық бездердің жатқан жағдайын, құрылысын, бөлетін гормондарының атын олардың организмге тигізетін әсерін жеке-жеке зерттеп білу. 4. Олардың гипо- және гиперфункциялық жағдайына байланысты туатын аурулар мен өзара және орталық нерв жүйесі мен байланысын түсіну.

Жұмысқа керек жабдықтар мен схемалар: “Ішкі секрециялық бездер”, Муляждер: “Адам торсы”, “Бас сүйектің сагитальды кесіндісі”, “Адам бүйрегі”. Таблицалар: “ Ішкі секрециялық бездер”, “Гипофиз”, “Эпифиз”, “Қалқан без”, “Қалқан серік без”, “Айырша без”, “Қарын асты безі”, “Бүйрек үсті безі”, “Аталық жыныс безі”, “Аналық жыныс безі”, Кинофильм: “ Ішкі секрециялық бездер”.


Жұмыс № 11.

Тақырыбы: Жүрек. : Қан айналу шеңберлерінің қан тамырлары.


Жұмыс жоспары: 1. Муляждер мен таблицаларды қолдана отырып жүректің жатқан топографиялық жағдайын, сыртқы және ішкі құрылысын түсіну. 2. Сүтқоректілердің (сиырдың) жүрегін қолдана отырып, жақтаулы және айшық тәрізді клапондарының жатқан орнын, құрылысын тексеріп, олардың атқаратын қызметін білу. 3. Жүректің қабырға құрылысы мен танысқанда жүректің өткізгіш жүйесіна және миокардтың ет талшықтарының құрылыс ерекшеліктеріне көңіл бөліп, олардың қасиетіне автоматикалық қызметіне, жиырылуы мен босаңсуына жақсы түсінік беру. Схема бойынша үлкен және кіші қан айлану шеңберлерінің құрылысы мен танысу. 4. “Артериялар жүйесі”- деген таблицаны қолдана отырып үлкен шеңбердің артериялық тамырларын талдау. 5. Қолқаның өрлеу, доға және төмендеу бөліктерінен тарайтын артерияларды, атластарды қолдана отырып түсіну.

Жұмысқа керек жабдықтар: Жүрек препараты, сиыр малының жүрегі. Муляждер: “Жүрек”. Таблицалар: “Жүрек”, “Жүрек пен өкпелер”, “Көкірек қуысындағы органдар топографиясы”, “Қан айналу, шеңберлер схемасы”, “Жүрек құрылысы мен жұмысы ” деген кинофильм. “Жүректің бөлшектенетін моделі”, “Адам қаңқасы”. Таблицалар: “Қан айналысының схемасы”, “Артериялық система”, “Веноздық система”, “Жүрек”, “Жүректің камералық құрылысы”, “Жүректің клапан аппараттары”.




Жұмыс № 12.

Тақырыбы: Үлкен қан айналу шеңберінің веналары. Лимфа жүйесі.

Жұмыс жоспары: 1. Вена қан тамырларының жалпы құрылысы мен ерекшеліктерін білгеннен кейін, жоғарғы және төменгі қуыста веналардың құрылыстарын атластар мен таблицалар арқылы зерттеп, схема ретінде суретін салу. 2. Қақпа9 венасының маңызын түсініп, бұл системаны түзетін веналарды анықтау керек. 3. Жалпы адамның қан тамырлары мен танысқаннан кейін, сол білімге сүйене отырып ұрықтың қан айналысындағы ерекшеліктері мен танысу. 4. Лимфа жүйесіның құрылысын атластар мен таблицалар арқылы сипаттап қызқаша жазу. 5. Лимфа бездерінің және көкбауырдың суретін салу.
Жұмысқа керек жабдықтар: “Қаңқа”, Таблицалар: “Веноздық система”, “Қақпа венасының жүйесі”, “Ұрық пен қан айналысы”. Кинофильм: “Тамырлар жүйесі”.

: Лимфа жүйесіның таблицалары. Атластар мен муляждер.



Жұмыс № 13

Тақырыбы: Жұлын. Ми бөлімдері . Аралық ми мен алдыңғы ми.

Жұмыс жоспары: 1. Жұлынның атласпен сыртқы құрылысын тексеріп білу. 2. Одан кейін көлденең кесіндісінен ақ заты мен сұр затының суретін салып ішкі құрылысы мен танысу. 3. Жұлынның әрбір сегментінен шығатын алдыңғы және артқы түбіршектерінің құрылысын сипаттап жазу және суртін салу. Жұлын суретін салып, жұлын нервтері деген сөзге анықтама беру. 4.Мидың бөлімдерін түсті атластан қарап, ми муляжінен анықтау. 5. Сопақша ми құрылысын зерттеу. 6. Артқы мидың ( көпір мен мишықтың) құрылысын зерттеп, суретін салу. 7. Ортаңғы мидың құрылысын анықтап түсіну. 8. Жалпы мидың сагитальды кесіндісін алып, суретін салу. .Аралық ми мен ми сыңарларының құрылыстарын атластан қарап, муляжден көріп біліп, ми препараттары мен салыстыру. 9. Ми сыңарларының қатпарлары мен сайларын зерттеп, суретін салу. 10. Оқып білген құрылысты қысқаша сипаттап жазу.
Жұмысқа керек жабдықтар: Жұлын моделі. Нерв жүйесіның барельефі. Жұлынның көлденең кесіндісі. Атластар мен түсті таблицалар: жұлын сегменті, жұлынның нервтері. “Ми муляжі”, “Орталық нерв жүйесі”. Түсті таблицалар мен атластар: “Сопақша ми”, “Мишық”, “Ми көпірі”, “Ортаңғы ми”, “Мидың дайын препараты”.

. Мидың бөлектенетін моделі, мидың сагитальды кесіндісі, мидың көлденең кесіндісі. Атластар мен түсті таблицалар: “Аралық ми”, “Көру төмпегі”, “Ми сыңарларының қатпарлары мен сайлары”, “Гипоталамус” (төмпекасты), “Ми қарыншалары”, “Жолақты дене”.




Жұмыс № 14

Тақырыбы: Жұлын нервтері. Нерв жүйесіның өткізгіш жолдары. Ми нервтері. Нерв жүйесіның вегетативтік бөлігі.


Жұмыс жоспары: 1. Жұлын нервтерінің құрылысын, нервтендіретін органдарын айыру. 2. Нерв тораптарының жатқан жағдайы мен таралатын нервтерінің атын жаттау. 3. Қол мен аяқ еттеріне баратын нервтер қай топтардан басталады және қандай нервтер. Нерв жүйесіның орталыққа тепкіш, орталықтан тепкіш жолдарын анықтап білу. 4. Орталыққа тепкіш жолдарына қандай бағандар жатады. 5. Нерв жүйесіның орталықтан тепкіш жолдарына қандай бағандар жатады, соны айыру. 6. Жұлынның көлденең кесіндісінен өткізгіш жолдарды анықтап алғаннан кейін олардың суретін салу.

7. Атласпен түсті таблицалардан 12 жұп ми нервтердің түбіршіктерінің жатқан (шыққан) жерін тауып, әрқайсысының атын жаттау.8. Әрбір ми нервісінің жатқан ми орталығын ( ядросын) тауып қысқаша жазып алу. 9. Одан кейін сол нервтердің қай органдарды нервтендіретінін зерттеп білу және сипаттап жазу.

10. Вегетативтік нерв жүйесінан жалпы түсінік алу. Оның қандай органдар системаларын нервтендіретінін зерттеп, соматикалық нерв жүйесінан қандай айырмашылығының бар екендігін білу. Симпатикалық және парасимпатикалық нерв системаларының орталық бөлімдері мен нерв жолдарын ( түйінге дейінгі, түйіннен кейінгі) зерттеп, қай органдарды нервтендіретінін білу. Организмімізде қандай нерв тораптары бар соны анықтау. Парасимпатикалық нерв талшықтары қай ми нервтерінің құрамында бар және қандай органдарды нервтендіретінін сипаттау.

Жұмысқа керек жабдықтар: 1. Атластар мен түсті таблицалар: “Шет (перифериалық) нерв жүйесі”, “Жұлын”, “Жұлын сегменті”, “Жұлынның көлденең кесіндісі”, “Нерв жүйесі”, “Жұлынның нерв топтары”. Бас миының бөліктерінің моделі, бас миының көлденең кесіндісі, түсті атластар мен таблицалар: “Бас миы”, “Нерв жүйесі”, “Ми сыңарларының қарыншалары”, “Сопақша ми”, “Мишық”, “Ми көпірі”, “Төрт төмпешік”, “Ми аяқшалары”.

: Бас миының моделі. Мидың дайын препараты.Түсті атластар мен таблицалар: “Мидың негізі”, “Мидың ствол бөлігі”, “Мидың астыңғы жақ көрінісі”, “Ми нервтері”, “Иіс, көру нервтері”, “Көз-қимыл”, “Шығыр әкеткіш нервтер”, “Үшкіл нерв”, “Бет, кіреберіс-ұлу”, “Тіл, жұтқыншақ нервтері”, “Кезеген нервісі”.

“Вегетативтік нерв жүйесі”, “Симпатикалық ствол”, “Вегетативтік нерв жүйесіның симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері”, “Рефлекторлық доға”.


Жұмыс № 15

Тақырыбы: Көру органы. Есту, тепе-теңдік сақтау, иіс және дәм сезу органдары немесе анализаторлары. Тері және қимыл анализаторлары.

Жұмыс жоспары: 1. Көру органының құрылысын түрлі-түсті таблицалар мен көздің бөліктенетін моделінен қарап оқып түсіну. 2. Одан кейін көздің дайын препаратын алып атластағы суреттер мен салыстырып көру. 3. Көз құрылысының және оның әрбір қабықшасына малдың көзінен анықтама беріп, жалпы суретін салу. 4. Көру анализаторының шет (перифериялық) бөлігін, өткізгіш жолдарын және ми орталығын анықтап қысқаша жазып, схемасын сызу. Атластар мен түрлі-түсті таблицалардан есту, тепе-теңдік сақтау, иіс және дәм сезу органдарының құрылысын оқып оларды алмалы-салмалы модельдері мен салыстыру. 5. Ұлудың көлденең кесіндісін алып (таблицадан) есту механизмінің түйісуін түсіну.6. Тепе-теңдік сақтау аппаратының (жартылай иірімді каналдар) құрылысын түсіну үшін ішкі құлақтың (лабиринт) моделін анықтап қарап суретін салу. 7. Есту, тепе-теңдік сақтау, иіс және дәм сезу анализаторларының құрылысын түсініп, схемасын салу Тері және қимыл анализаторларының құрлысын түрлі-түсті атластар мен таблицалардан қарап оқып муляждері мен салыстыру. . Көрген білгенін қысқаша түрде сипаттап жазып, суреттерін салу. 8. Тері және қимыл анализаторларының өткізгіш және орталық бөлімдерін оқып түсініп, схемасын сызу.

Жұмысқа керек жабдықтар: “Көру органының бөлектенетін моделі”. Атластар мен түрлі-түсті таблицалар: “Көз”, “Көру анализаторы”, “Көз еттері”, “Көру органының қосымша аппараттары”. Есту, тепе-теңдік органдарының алмалы-салмалы моделі. Бас сүйектің сагитальды кесіндісі, түрлі-түсті атластар мен таблицалар: “Бас сүйектің сагитальды кесіндісі”, “Есту органы”, “Тепе-теңдік органы”, “Ауыз қуысының органдары”, “Мұрын қуысы”.

Тері моделі (барльефі), Түрлі-түсті атластар мен таблицалар: “Адам терісі”, “Қимыл анализаторы”.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі


1. Жандар Керімбектің Ермаханы.Тәнтану. А. 2004

2. А.Р.Рахышев .Адам анатомиясы А.2005.1-2 тт

М. Юсупова . Адам анатомиясының практикумы . А. Мектеп . 1984.

3. Воробьев В .П. Атлас анатомии человека , тт 1-3 ; М-Л ., Мегдиз , 1938-1942.

4. Гримяцкий М. А. Анатомия человека . М.1950.

5. Иваницкий М. Ф. Анатомия человека. М 1965.

6. Курепина М. М., Воккен Г. Г. Анатомия человека. М. 1971.

7. Привес Г. М. Анатомия человека. Л. 1974.


Қосымша :

1. Анохин П.К. биология и нейрофизиология условного рефлекса . М. Медицина . 1968.

2. Асратян Э. А. Фи9зилогия центральной нервной системы . М. Медгиз. 1953.

3. Беленов Н. Ю. Условный рефлекс и подкорковые оброзования мозга . М. 1965.

4. Бенритов И. С. Структура и функции коры большого мозга . М. Наука . 1969.

5. Бруновт е.П. Малахова Г. Я. Основы анатомии, физиологии и гигиены .А .1970.

6.Гарибьян Р. Б. Марков Н . Г. Анатомия и физиология человека . А. 1973.

7. Гримяцкий М.А. Анатомия человека .М. 1970.

8.Кабанов А. Н. Чарбовская А.П. Анатомия , физиология и гигиена детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1969.

9.Леонтьева Н.Н. Маринова К.В. Анатомия и физиология детского организма. М. Просвещение .1986.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.


«Сырдария» университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет