Лекциялар жинағы шымкент 2019 ж №1 Лекция


Провайдерлер және олардың желілері



бет23/32
Дата06.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#497840
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
АКТ лекция каз

Провайдерлер және олардың желілері
Интернетке қарап, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін пайдаланамыз және ISP(Internet Service Provider – Интернет қызметін жеткізуші). Көбіне ISP – бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым (магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны қосылады. Провайдердің желісі ғаламның кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз ететін жер жүзінің басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-провайдерлер – бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP — Point of Presence) бар ірі компаниялар, бұл нүктелерде клиенттерінің Интернетке қосылуын қамтамасыз етуге арналған провайдердің аппаратты қамсыздығы. Ірі провайдердің әртүрлі қалаларда өзінің орналасу нүктесі мен мыңдаған клиентері болады. Бірнеше қалаларда орналасу нүктелері бар провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар провайдерлерді де атап көрсетуге болады. Телефон линиясы арқылы ISP мен байланысуды ұйымдастыру: ДК қолданушысы драйверге хабарласады және модем жинақтарының ішіндегі провайдер модемдерінің бірімен байланыс орнатады (модемді пул деп атауға болады). Қолданушы өзінің ISP не қосылғаннан кейін, ол оның желісінің бір бөлігі болып табылады. Провайдер өзінің серверінде клиенттерге әртүрлі қызмет көрсете алады: электрондық почта (e-mail), желілер жаңалықтары (Usenet) және т. б. Провайдердің магистральды желісін көбіне тіректі желі немесе бэкбоундеп атайды (ағыл. Backbone — қырат). Провайдер желілері көптеген клиенттерге қызмет көрсететіндіктен, оның жоғары жылдамдықты желісі болуы және жоғары трафикті қамтамасыз етуі керек (желі бойымен берілетін мәліметтер көлемі). Өзінің барлық орналасу нүктелерін біріктіру үшін, провайдер ірі коммуникациялық компаниялардан жоғары жылдамдықты арналарды жалға ала алады, сонымен қатар, өзінің арналарын тарта алады. Ірі коммуникациялық компаниялардың өздерінің жоғары жылдамдықты каналдары бар.
10 Лекция


Бұлтты және мобильді технологиялар.


Бұлтты технология деген- қызмет көрсететін әртүрлі ұғымдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылыонлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.
Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі программалармен жұмыс істеуден басты айырмашылығы- тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне ғаламтор-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, бірақ сол дереккөздер орналасқан амалдық жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп,оны өзгерте алмайды.

  • Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;

  • Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуынатәуелді болмайды;

  • Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта ғаламторға қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;

  • Тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады;

  • Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін немесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;

  • Кейбір жобаларды "бұлтқа шығарудың" әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы- аппараттық және программалық қамтамасыз етулерді басқаруға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады;

  • Сонымен қоса сол программаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны "бұлтқа шығару" арқылы шеше алады.

Бұлтты есептеу сыртқы есептеу ресурсына динамикалық масштабтау жолымен енуді ұсынады.
Cloud computing – пайдаланушыға интернет немесе сервис түрінде берілген жергілікті желі арқылы берілетін, белгіленген ресурстағы ену үшін (есептеу қоры, программа, мәлімет) немесе ол ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін ыңғайлы интерфейске негізделген программалық-аппараттық қамсыздандыру [1]. Пайдаланушы компьютері бұл жерде терминал ретінде қарастырылады. Cloud computing технологиялары негізінде жұмыс істейтін негізгі қызметтерді жүзеге асырылатын компьютерлер «есептеу бұлты» деп аталынады. Бұл компьютерлер арасындағы жүктеме автоматты түрде бөлінеді.
Бұлтты есептеу – ИТ жүйесінің қиындығын азайтатын, өзіндік басқарылатын және виртуалді инфрақұрылымға қажетінше енуге мүмкіндік беретін жаңа бағыт, бұл тиімді технологияның арқасында ИТ жүйесін тұтынушы сервисі ретінде пайдалануға болады. Жеке бұлтқа ену арқылы тапсырыс берушілер көптеген артықшылыққа ие болуы мүмкін, оларға ИТ шығындарын азайту, сервисті ұсынуды жоғарылату және бизнестің динамикасын жылдамдату жатады.
«Бұлт» - бұл ақпараттық қызметтерді ұсынуға және алуға арналған жаңа бизнес-модель болып табылады. Бұл модель оперативті және капиталды шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл модель ақпараттық қызметтерді ұсынуда мәліметті өңдеу орталығының өзіндік басқару ерекшеліктерін талдауды қажет етпейді, кез-келген компанияның ИТ департаментіне стратегиялық жобаны жинақтауға мүмкіндік береді. 
Бұлтты есептеу – интернет технологиясындағы жаңару технологиясы ғана емес, сонымен қоса жаңа бизнес-моделдерді құру жолы болып табылады. ИТ технологияға негізделген өнім шығаратын кез-келген кішігірім компаниялар тұтынушыға өзінің қызметін тез ұсынуға мүмкіндік береді.
Бұлтты есептеу келесі үлгіде жұмыс жасайды: бірге иелену, қосымшаларды жіберуге арналған жеке серверлерді құру және басқару, Microsoft, Amazon, Google немесе басқа компания серверін жалға алу. Содан кейін, пайдаланушы іс жүзінде оларды өңдеуге және мәліметтерді сақтауға ғана төлем төлеу арқылы, интернет арқылы өзінің жалға алынған серверін басқарады [2].
«Бұлтты» есептеу концепциясы соңғы онжылдықтағы ақпараттық технологиялардың даму эволюциясының нәтижесінде пайда болды және қазіргі уақыттағы ақпараттық қоғамның дамуына бизнестің жауабы ретінде алуға болады. Аналитиктер Гартнер тобы (Gartner Group) бұлтты есептеу - болашақтағы ең ұтымды стратегиялық технология, 5-7 жылдықта ақпараттық технологиялардың көп бөлігі «бұлт»-қа көшеді деп болжауда. Олардың бағалауы бойынша, 2015 жылы бұлтты есептеу көлемі бойынша жасалынған қызметтер құны 200 миллиард долларға дейін жетеді.
Бұлтты есептеудің болашағы зор, сондықтан ақпараттық технологиямен байланысы бар кез келген маман осы технологияны игеруі міндетті.
Мобильді технологиялар – кітапханалық-ақпараттық саладағы соңғы инновациялардың бірі. Бұл термин біраз уақыттан бері қолданыста. Мобильді кітапханалар мен мобильді кешендер көптеген елдер жүзеге асырып келе жатқан қолданыстағы жобалардың бірі, Еуропа, АҚШ, Австралия, Африка және т.б. елдерде талай онжылдықтан бері қолданыста. Мақсаты – адамдардың қажеттіліктерін өтеу. толығырақ
«Қырым – 2011»,   «Қырым – 2012» конференцияларының жыл сайынғы баяндамаларында Я.Л.Шрайберг «мобильді» термині заманауи библиобустар түсінігін білдіріп қана қоймай, мобильді телефония құралдары мен пайдаланушылар гаджеттері арқылы деректер базасы мен кітапханалық каталогтарға кіру мүмкіндігін де ұсынады» деген болатын. Бұл жаңа үлгілерді іздеуге кітапханаларды жылжытудың келесі деңгейі, кітапханалардың жаңа коммуникациялық технологиялармен өзара қарым-қатынасы. Яғни, мобильді гаджет иесі кез келген уақытта қалаған кітапханасымен байланыса алады, немесе – Интернеттегі кітапханалық-ақпараттық ресурстарға қолжеткізіп, қажет болған жағдайда мәтіндерді жүктеп, өз мақсаттарына қолдана алады.
Кітапхана QR-коды
Электрондық кітаптарды оқуға арналған форматтар
Кітаптарды fb2, txt, pdf, mobi, epub және басқа форматта тегін оқыңдар және жүктеп алыңдар.

  • Сондықтан да кітапханашылар міндетті түрде айналадағы ақпараттық-коммуникациялық ортада бағдарлана білулері тиіс. Өз клиенттерімен коммуникация әдісі ретінде мобильді құрылғыларды зерттеу керек. Кітапханалық «қосымшалармен» немесе веб-сайттармен және т.б. жұмыс істей білу қажет.

  • Төменде келтірілген ресурстар кітапханаларға өздерінің стратегиялық және тактикалық жоспарларын құруға көмектеседі:

  • Мобильді кітапханалар. Мобильді кітапханалық онлайндық қызметтер. (Под ред. Д. Нидхэм, Мохамед А., науч. ред. Шрайберг Я. Л. Перевод с англ.).

  • «МоБибл» жобасы. (Мобильді Кітапхана) дайындаған БП.И.Бартенов атындағы №3 кітапханалық-ақпараттық орталық (Липецк қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет