Кітапхана оқырмандарын SMS-хабарламалар мен дауысты хабарламалар арқылы ақпараттандыру: «SMS-брондау» (керекті әдебиеттің тапсырысы); «БИ 2» қызметі – кітапханалық жеке ақпарат; «МоБи-справка» қызметі – қорлар, қызметтер, қаланың қоғамдық өмірі және т.б. туралы ақпарат; «ИнфоБибл» қызметі – кітаптарды уақытылы тапсыру туралы еске салу, көрсетілетін коммуникативті қызметтер туралы ақпарат (мәдени-ағартушылық шараларға, клуб, әуесқойлық кітапханалық бірлестіктерге, акцияларға қатысуға және т.б. шақыру);
Ұялы операторлар арқылы SMS-хабарлама және дауысты хабарламалардың көмегімен мобильді телефон иелеріне қызметтер ұсыну;
SMS-ақпараттандыру қызметтерін ұсыну және «Телеком» компаниясының – SMS-хабарламаларды көпшілік жіберу сервисін қолдана хабарландыру;
Кітапхана сайтындағы мобильді сервистер. Кітапхана сайтында мобильді сервистерді қолдану жобасын жүзеге асыруға кіріскен Д.И.Чижевский атындағы Кировоград ОӘҒК іс-тәжірибесінен. Кітапханалық wap-сайт құру сұрақтары және мобильді телефон немесе КПК көмегімен ақпараттық және библиографиялық деректер базасына қолжеткізуді қамтамасыз ету бойынша өз талдамаларын дайындау, ИРБИС жүйесінің негізінде WAP-OPAC жүзеге асыру сұрақтары қарастырылуда, wap-сайтта мазмұн (контент) жариялауға арналған онлайндық бағдарламалық шешу ұсынылады. WAP технологияларын қолдану мәдениет мекемелерінің имиджін жақсартуға және қызметтерді таратудың жаңа каналдарын ұсынуға мүмкіндік береді.
Bluetooth, WAP, GPRS сияқты сымсыз байланыс хаттамалары мобильді телефондар арқылы жаһандық Интернет желісінің сервистік және ақпараттық ресурстарына қолжеткізуді мүмкін қылады.