Лекциялар жинағы шымкент 2019 ж №1 Лекция


Е-технологиялар. Электрондық бизнес. Электрондық оқыту. Электрондық үкімет



бет27/32
Дата06.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#497840
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
АКТ лекция каз

Е-технологиялар. Электрондық бизнес. Электрондық оқыту. Электрондық үкімет.

Электрондық оқыту – білім беруде, Интернет арқылы ерекше акцентпен оқытуда электрондық технологиялардың (теледидар, радио, компакт-диск, ұялы телефон, интернет және т.б.) кең диопазонын сипаттау үшін қолданылатын жалпы атауы.


Соңғы екі онжылдықта жүздеген ғылыми мақалалар, кітаптар, конференция материалдарының жинақтары алдыңғы қатарлы технологияларды қолданудың мүмкіндіктерін зерттеуге арналып жарияланған. Кейбір электрондық технологияларды «жақтаушылар» дәстүрлі білім беру мекемелерін толықтай қайта құруды және білім берудің жаңа парадигмасын енгізуге болжам айтқан (мысалы А.А. Андреев, П. Друкер, Ж. Дударстадт, Г. Драйдент, Г. Маткин). Питер Друкер, мысалы, 1997 жылы «30 жылдан кейін университет корпусы бос қалады. Университет өмір сүрмейді»,- дейді.
Бүгінгі күні электрондық технологиялар білім беру мекемелерімен корпарацияларды басқаруға, ғылыми – зерттеу желілердің нығаюна, кітапханалардың қайта құрылуына, кітап, журнал, дизайын өндірістік үрдістеріне әсер етті.
Біздің пікірімізше, электрондық оқытуды бірізді концептуалды базасын зерттеу үшін және нақты дамуына келесілер кедергі болуда:
1) Терминологиялардың анықталмағандығы. Бір жағынан айтылу бойынша әртүрлі трактовкалардағы бірдей айтылатын түсініктер, екінші жағынан түсініктердің айтылуы әртүрлі, бірақ сандық технологияларды сипаттауда бірдей мағына берілуі.
2) Сандық технологиялар дәуірінде оқытушының рөлінің төмендеуіндегі адасушылық. Электрондық оқытуды қолдану студенттің өзін-өзі ұйымдастыру мен өздігінен білім алуында студенттерді өзгертеді деген пікірдің қалыптасуы.
3) Ғылыми зерттеулердегі анықталмағандығы. Электрондық оқыту бойынша жарияланған зерттеу нәтижелерінде қарама қайшылықтар бар.
4) Жаңа білім беру технологиясының тиімділігінің негіздеудің жоқтығы дәстүрлі оқытудың алдында, оқу үрдісінде енгізуде оқу мақсатында бірдей нәтижеге жету кезінде жаңа білім беру технологиясын негіздеудің болмауы.
Осы жағдайларды нақтырақ қарастырайық.
Терминологиялардың анықталмағандығы
«Электрондық оқыту» түсінігі – көпқырлы. Ғылыми әдебиеттерде осы технологиялардың жүзеге асатын әртүрлі функцияларға акцент жасалынады – бұл осы терминді нақты және потенциалды қолдануда шатастыруды болдырады. Электрондық технологиядарды сипаттайтын ғылыми мақалаларды зерттеу бізге «электрондық оқыту» ретінде түсіндіретін келесі терминдер тізімін қалыптастыруға көмектеседі: интернет-білім беру, қашықтан білім беру, желілік білім беру, компьютерлік коммуникациялар, компьютерлік оқыту, е-Learning, виртуальдық сыныптар, ақпараттық коммуникациялық технологиялар, ашық білім беру, виртуальдық оқыту, теле оқыту, web-оқыту.
Электрондық оқыту «е-Learning» түсінігін қарастырайық. Каталон университетінің (Universitat Oberta de Catalunya– UOC) ғалымдарының жүргізген е-Learning зерттеулерінде е-Learning сөзіне байланысты анықтамалардың 4 категориясы көрсетілген: технология; контентті жеткізу жүйесі; коммуникациядағы бағдарлау; білім берудегі парадигма.
Технологиялық шарттағы анықтамалар электрондық оқытудың технологиялық аспектілерін көрсетеді. Мысалы, А. Кухан және К. Харман е-Learning-ді әртүрлі электрондық жаппай ақпараттық құралдар көмегімен оқыту «интернет, интранет, спутниктік теледидар, видео/аудио кассеталар, CD-ROM» ретінде анықтайды. Л. Квортруптың пікірі бойынша е-Learning «мультимедианың жаңа технологияларын қолдану және қызметтерімен ресурстарға қолжетімділікті оңайлауту жолдарын арттыру үшін интернетті қолдану» ретінде анықтайды. О. Петерсудің анықтауы бойынша – бұл «білім, білік, дағдыларды үйретудің технологиялары».
е-Learning-нің көптеген анықтамалар білім беру контентін жеткізу қызметтеріне келіп тіреледі. З. Аббас, мысалы, «е-Learning» кәсіби білім берумен оқытуды тұтынушыға жеткізу үшін электрондық құралдарды қолданатын қосымшалармен үрдістердің кең жиыны ретінде анықталу мүмкін. Д. Мур е-Learning-ке басқа анықтама береді: «оқытушы студенттен оқшауланған кездегі оқыту жүйесі». Сондай-ақ е-Learning-нің коммуникацияларға және өзара қарым қатынасқа бағытталған анықтамалар кездеседі. Кейбір ғалымдар студенттермен оқытушылар арасындағы сұқбат пен пікір таластар арқылы білімнің конструктивті жинақталу үшін жаңа технологиялардың жетістігі деп тұжырымдайды. Дж. Харрингтон және Р. Оливер электрондық оқыту студенттердің бір-бірімен әртүрлі байланыс құралдары көмегімен өзара қарым-қатынастардың жоғары тиімділіктегі түрлерін жақсартуы және қолдауы мүмкін деп түйіндейді.
Әдетте пікір таластар және топтық жұмыстар оқытудағы бірлескен әрекет дағдысын дамуына ықпал етеді.
Хуан Яо Цинь е-Learning-ді заманауи коммуникациялар құралдар көмегімен жоспарлы білім беру сұқбаты ретінде анықтайды.
Каталон университет (UOC – Universitat Oberta de Catalunya) зерттеушілер е-Learning-ді білім берудің парадигмасы ретінде қарастыруды ұсынады.
А.В. Батес электронндық технологиялар қолдану бойынша 200-ден аса зерттеулерде талдау жасаған және көп жағдайларда зерттеу пәні болып табылатын нақты анықтау және олардың арасындағы айырмашылықтар мүмкін еместігін растады: «е-Learning», «онлайн-оқыту», «веб-технология оқыту» және т.б.
Қашықтан оқыту және электрондық оқыту (е-Learning) ортақ белгілер бар, дегенмен бұл сөздер өзара синонимдер емес. Қашықтан оқыту онжылдыққа қана болған жоқ, ол кезде интернеттің дамуына байланысты электрондық оқыту салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып табылатын.
Оқытушының сандық дәуіріндегі рөлін төмендететін адасушылықты көрсететін келесі жағдай ақпараттар мен білімдерді алуға қолжеткізудің арасындағы түсініксіздік болып табылады. Интернет кез келген сипаттағы ақпараттардың алуының шексіз мүмкіндігін береді, бірақ ақпараттарды беру мен алу арасында үлкен айырмашылық бар.
Қолжетімді ақпарат оқытушының көмегінсіз автоматты түрде алынған білім болып табылмайды, осыған байланысты келесі қорытындыға келеміз: электронды оқыту сұрақтар бойынша зерттеулер тәжірибеде электронды оқытуды тиімді басқаруды білуге тиісті оқытушының жаңа рөлін зерттеулерімен толықтыру қажет. Сондықтан, аралас оқыту мен онлайн оқытуды жүзеге асыру үшін педагогтардың жаңа буын дайындау қазіргі заманғы білім беру үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет