Лекциялар тақырыптары: «clts 1003» «Этнос және мәдениет»


дәріс Азия халықтарының этномәдениетті: Азия халықтардын генезисі. Олардын дәстурлері. Этномәдениеттін ерекшелігі



бет11/14
Дата23.11.2023
өлшемі118.84 Kb.
#484217
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лекциялар этнос (1)

14 дәріс Азия халықтарының этномәдениетті: Азия халықтардын генезисі. Олардын дәстурлері. Этномәдениеттін ерекшелігі.
Еуропа пен Азия ежелден талай халық­тар­ға мекен болған жігі ажырамайтын үлкен құр­лық. Олардың жікке бөлінуінің өзі өркениет­тік тұрғыдан алғанда салыстырмалы түрде кө­рініс беретін іспетті. Өйткені, адамзат ұрпағы бір-бірімен өзара әрекеттеспей, әр түрлі сипаттағы қарым-қатынасқа түспей, белгілі бір түсіністікті өрбітетін сұхбат орнатпай өмір сүре алмайды. Сондықтан “Еуразия” деген ұғым­ды зерттеу барысында мәдениеттер мен өр­кениеттердің өзара сұхбаты мен ықпал­дас­тығы, келісімі мен қайшылығы көзге елес­тейді.
1994 жылғы 29 наурыз күні Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев М.В. Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік университеті­нің студенттерімен және профессор-оқыту­шы­­ларымен кездесуінде тұңғыш рет Еур­азия­лық одақ құру туралы идеясын ұсынды. Еура­зиялық идея, еуразияшылдық, еуразиялық интеграция – қазіргідей дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылудың, жаһандану үдерісіне әзірлікпен кірігудің бірден-бір ұтымды жолы, оның сұранысына жауап болып табылады.
Мәселенің мәні мынада: сонау ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында дербес мемлекет бола сала бүкіл әлемдегі қаржы мен ақпарат ағыстарының иіріміне тартылып, әлемдік саясат айдынына күмп берген Қазақ елінің ертеңгі тағдырына байланысты еді. Он­сыз да отаршылдық пен тоталитаризм бұғауы­нан қиналып шыққан ұлттық санамыз қазіргі ақпараттар ағынының адуынды иірімінде жұтылып кетпей ме? Бүгінгі заманда, оқ бойы озып кеткен әлемдік өркениет көшін қуып жету үшін шетелдерден жаңа технологиялар мен қаржылай көмек алуға мәжбүр болып отырған біздің Отанымыз түптің түбінде жаңа кіріптарлыққа душар болмай ма? Ауыртпалық пен қиыншылықтарға толы бүгінгідей әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстан қалай хал­қымызды аман-есен алып шығамыз? Ұлттық кел­бетіміз бен егемендігімізді қалай сақтай­мыз? Одан кейін ашық демократиялық қоғам жағ­дайында, бір жағынан, болашақта білікті­лік пен ілкімділік бойынша шетелдік заман­дас­тарымен иық тірестіре бәсекеге түсе ала­тын, екінші жағы­нан, өзінің ұлттық ділі мен тілін таза сақ­та­ған жаңа ұрпақ тәрбиелей аламыз ба? Этнос­тық құрамы да, өмірге көз­қа­растары мен ұста­ным­дары да ала-құла бүгін­гі отандастарымызды бейбіт бәсекеге төтеп беретіндей іштей топтасқан бірегей ұлт пен құрылымға қалай айналдыра аламыз?
Еуразияшылдық – халықтардың бірлігі, ол – басты мұрат ретінде адам мәдениетінің екі жағының тұтастығы, Шығыс пен Батыс қуаттарының бірігуі. Егер бүгінгі күні Батыс пен Шығыстың өзара түсіністігі, өркениетті сұхбаты мен бірлесе қимылдауы туралы сөз болса, бұл мағынасында еуразияшылдық бізге не береді? Бұл үдерістерде еуразиялық идея қандай рөл атқара алмақ?
Еуразияшылдық дегеніміз – іштей топтас­тыру, бірлік. Қазақ даналығына сүйенсек, бірлік бар жерде тірлік те болады. Өз мағы­на­сы, өзінің табиғаты мен мәні жөнінде де ол солай болуы тиіс. Егер Батыстың ұраны: “Сырт­қы дүниені танып, соның негізінде оны қайта өзгерт” десе, Шығыстың ұраны: “Өзіңді өзің танып, соның негізінде оны қайта өзгерт”. Ал Еуразияның ұраны: “Ізгілік жасау немесе жақсылыққа, жарастыққа, парасатты­лыққа ұмтылу”. Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ: “Адам бол!”, рухани-адамгершілік жағынан же­тіл­ген, Шығыстың руханияты мен Батыстың озық технологиясын, білімін, ақыл-ойын бой­ы­н­а сіңіріп, екеуін ұштастырған толық адам бол!
Еуразиялық идея Шығыс пен Батыс идея­ларымен салыстырғанда өзіндік ерек­шелігі бола тұра, оларға кереғарлық жасамайды, олар­мен бір қатарда айрықша тұрмайды. Ке­рісінше, екі идеяны да жандандырып, мәдени-рухани жағы­нан біріктіреді, синтездейді. Ол дү­ниені жаң­ғырту мен адамды рухани жетіл­діруді бір-бірі­нен алшақтатпайды, керісінше, жақындатады, толықтырады. Басқаша айтқан­да, адамның материалдық-практикалық іс-әрекеті рухани-адамгершілік бастамасымен молығады; өз кезе­гінде адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуы дүниеден сырт қалуды емес, қайта ол нақтылы іс-әрекетті талап етеді. Сондықтан елімізде 2004-2006 және 2007-2009 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағ­дар­ламасы іске асуда. Бай мәдени мұраны игеру бүкіл қоғамның рухани жаңаруының негізі болып табылады.
Көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі Еур­азия құрлығында ең шешуші суперэтностар – славян және тұран халықтарының кейінгі ұр­паққа қалдырған бай философиялық және рухани мұралары бар, олардың жиынтығын “еуразия философиясы” деуге әбден болады. Сондықтан еуразия философиясында тұран­дықтар мен славяндардың философиялық дәстүрлері арасындағы сұхбат үдерісін зерттеу өте қажет. Осының нәтижесінде Еуразия құр­лы­ғында мемлекетаралық, ұлтаралық, дін­ара­лық және конфессияаралық сұхбат арқылы тұрақтылық пен қауіпсіздік, ендеше, еур­азиялық рухани келісім қалыптасуда. Оған Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері кепіл болады.
Еуразиялық кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастар мен интеграциялық үдерістерді алсақ, олар еуразияшылдықтың табиғи терең мәнін көрсетеді. Егер Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру жө­ніндегі идеясы туралы айтар болсақ, ол саяси немесе жалаң сыртқары ойларға емес, Еуразия халықтарының мәдениеті мен болмысының іштей жақындығына, славяндар мен тұран­дықтардың іс жүзіндегі ішкі менталдік бір­лі­гіне негізделген. Еуразияшылдық аймақтағы геосаяси және әлеуметтік-мәдени кеңістік шеңберінде терең интеграциялық үдерістер басталған болашағы мол тарихтың жаңа философиясы рөліне ұмтылып отыр.
Қазіргі әлемдік дағдарыс планетамыздың барлық аймақтарында дерлік технологиялық интеграциялық үдерістерді жаңа кезеңге алып шықты. Сондықтан да еуразиялық кеңістіктің ірі құрамдас бөліктері саналатын Ресей мен Орталық Азия (жалпы саны 280 млн. адамнан тұратын 12 елдің жер шарындағы барланған табиғи ресурстардың 25%-ын, әлемдік өнеркәсіп қуатының 10%-ын беретінін ескеру керек) әлемдік дамудың осы жалпы бағытынан тыс қала алмады. Сол себепті де әлемдік қауым­дастықпен өзара тиімді байланысқа түсе оты­рып, өз дербестігі мен мемлекеттік тұтастығын, өздерінің өткен тарихи ортақтастығын сақтап қалу үшін кейінгі мемлекетаралық бірлік – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды. Алайда, ТМД мен оның органдары сол кездері қалыптасқан ахуалдың мәселелерін шеше алмады, қолда бар интеграциялық әлеуетті толық көлемде жүзеге асыра алмады. Осындай жағ­дайда “Еуразиялық Одақ құру” идеясы өмір қажеттілігінен туындаған, барлық жаққа тиімді, рухани өзегі ұмытылмаған идея болды. Сонымен қатар ол идеяның жалпы бағыты әрбір тәуелсіз мемлекеттің ұлттық идеясымен қайшы келмейтіні баса көрсетілді.
Бұл ойға қалай келгені туралы Елбасының өзі былай дейді: “...экономикалық интегра­ция­ның жоғары деңгейі, әлеуметтік-саяси құры­лым­дар мен халықтар менталдігінің ұқсастығы, сон­дай-ақ көп елдердің көпұлтты құрамы, тарихи дәстүрлердің ортақтығы, осының бәрі ұлттық-мемлекеттік құрылысты осы мемлекетаралық ин­теграциялық үдерістерді сақтау мен дамыту­дың қажеттілігін меңзеп тұрды. Тарихтың қи­сы­ны бүкіл ХХ ғасыр бойы қалыптасқан қуатты интеграциялық базаны пайдаланатын Достастық елдерінің біріккен күш-жігері арқылы ғана әлем­дік қауымдастыққа оңтайлы кіруге болатынын көрсетіп тұрғандай. Халықаралық бірлестіктердің тәжірибесін мұқият зерттеу, ТМД елдеріндегі ахуалды талдау барысында, мамандармен кеңесу арқылы мен интеграциялық үдерістерді жедел­дету туралы тоқтамға келдім”.
Саяси-экономикалық қажеттіліктерден туын­даған бұл идея бүгінгі күні экономикада, саясат­та, мәдениетте, ғылымда, білімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) деп аталатын бірлестікті дүниеге әкелді. ЕурАзЭҚ-ты құрудағы мақсат ортақ сыртқы кедендік ше­караны, біртұтас сыртқы экономикалық сая­сатты, ортақ тарифтерді, бағаны қалыптастыру болды. Кеңестік жоспарлы экономика аясында тығыз шаруашылық байланыста болған бұл елдер одақ ыдырағаннан кейін саяси тәуелсіздік алып, нарықтық экономиканы қалыптастыруға көшті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет